Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в области Жетісу Күшін жойған
Басқа 0
Жетісу облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жетісу облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Жетісу облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Жетісу облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Жетісу облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Жетісу облысы әкімдігінің
2023 жылғы 24 наурыздағы
№ 81 Қаулыға қосымша
Жетісу облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
Тармақ 1
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
Тармақша 1
1) алғыс жариялау;
Тармақша 2
2) грамотамен марапаттау;
Тармақша 3
3) ақшалай сыйақы беру.
Тармақ 2
2. Жетісу облысы Полиция департаментінің (бұдан әрі – Департамент) ұсынысы бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Жетісу облысының әкімдігі құрған комиссия (бұдан әрі - Комиссия) 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде қарайды.
Тармақ 3
3. Комиссия ұсынылған материалдарды тоқсан сайын қарайды.
Тармақ 4
4. Комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Департаментке жолданады.
Тармақ 5
5. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 6
6. Департамент Комиссияның шешімін алған күннен бастап оны 5 (бес) жұмыс күні ішінде ақшалай сыйақы төлеу үшін қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі тиісті құрылымдық бөлімшеге жібереді.
Тармақ 7
7. Көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін, көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отырып, Комиссия белгілейді және 10 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
Тармақ 8
8. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес Жетісу облысының Полиция департаменті бастығының бұйрығы қосымша шығарылады.