Об установлении размеров дивидендов товариществ с ограниченной ответственностью, находящихся в городской коммунальной собственности Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалалық коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің көлемін белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 186-бабына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жарғылық капиталындағы қатысу үлестері Кентау қаласының коммуналдық меншігінде болатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемі шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза табыс сомасының 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Төлеповке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.