О создании Координационного совета при акимате города Костаная Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай қаласы әкімиятының жанындағы Үйлестіру кеңесін құру туралы «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы негізінде, кала коғамдастығының экономикалык және әлеуметтік даму жөніндегі үйлестірілген қызметін камтамасыз ету максатында Қостанай қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Консультативтік-кеңесші органының құқығында Қостанай қаласы әкімиятының жанындағы Қостанай қаласы қоғамдастығының экономикалық және әлеуметтік даму жөніндегі Үйлестіру кеңесі құрылсын.
Тармақ 2
2. Қостанай қаласы қоғамдастығының экономикалық және әлеуметтік даму жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы Ереже бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 3
3. Қостанай қаласы қоғамдастығының экономикалық және әлеуметтік дамуы жөніндегі Үйлестіру кеңесінің төменде көрсетілген жеке құрамы Қостанай қалалық мәслихатынын бекітуіне енгізілсін: Алия Нұрышқызы Қайшарова қала әкімінің орынбасары, кеңестің төрайымы; Владимир Иванович Рубинский қалалық мәслихаттың хатшысы, кеңестің тең төрағасы (келісім бойынша); Кеңес мүшелері: Елена Владимировна Венгерская «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жанындағы жастар бағдарламаларынын үйлестірушісі (келісім бойынша); Дмитрий Борисович Дей Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдары қауымдастығының директоры (келісім бойынша); Николай Иванович Дорошок «Қостанай қалалық экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы; Манарбек Ауанүлы Қазин қала әкімінін әлеуметтік мәселелер жөніндегі кенесшісі; Сергей Николаевич Миррлюбов «Твой шанс» газетінің бас редакторы (келісім бойынша); Тамара Тимировна Молдахметова Қостанай облысындағы Кәсіпкерлік қызметті қолдау қауымдастығының директоры (келісім бойынша); Людмила Алексаидровна Прутян «Молодежная» пәтерлер және үй- жайлар иелеріні кооперативтерінің қауымдастығы» заңды түлғалар бірлестігінің торайымы (келісім бойынша); Дүйсембай Теміржанұлы Сейітказинов Ахмет Байтүрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің проректоры (келісім бойынша) Евгений Васильевич Шибаршин Қостанай каласының демократияны қолдау орталығы» мемлекеттік емес мекемесінің директоры (келісім бойынша).
Басқа 4. Қостанай қаласы қоғамдастығының экономикалық және әлеуметтік даму жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы ЕРЕЖЕ
Қостанай қаласы әкімиятының 2003 жылғы 20 қараша № 975 қаулысымен бекітілген Қостанай қаласы қоғамдастығының экономикалық және әлеуметтік даму жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қостанай қаласы әкімиятының жанындағы Қостанай қаласы қоғамдастығының экономикалық және әлеуметтік дамуы жөніндегі Үйлестіру Кеңесі (бұдан әрі Кеңес) консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес тұрақты негізде құрылады және оның құрамы Тараптардың өкілдерінен қалыптасады: әкімият, мәслихат, ұкіметтік емес ұйымдар, бизнес құрылымдарының өкілдері және қаланың бастамашыл азаматтары. Кеңестің жеке құрамын қала әкімінің ұсынысы бойынша қалалық мәслихат бекітеді. Кеңестің жеке құрамын өзгерту жөніндегі үсыныстар окілдері Кеңестен шыгып кеткен тараптардың бастамашылдығымен қала әкіміне енгізіледі. Жеке қүрамды өзгерту жөніндегі үсыныстар Кеңестің хаттамалық шешімімен рәсімделеді.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің заң актілерін, басқа да нормативтік-қүқыктық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңестің міндеттері
2. Кеңестің міндеттері
Тармақ 4
4. Қаланың экономикалық, әлеуметтік және мәдени-рухани мәселелерін шешуде мемлекеттік басқару органдарының, уәкілдік билік және басқа ұйымдардын әлеуметтік әріптестігінің дамуына жәрдем корсету.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік және экономикалық мәселелер бойынша мақсатты багдарламалар мен жобаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу.
Тармақ 6
6. Қоғамдастықты әлеуметтік дамыту, халықтың хал-ахуалын котеру мәселелерінде Кеңестің сындарлы бастамаларын талқылау, қолдау және іске асыру.
Тармақ 7
7. Қала әкімиятының қарауына әкімият жүргізіп отырған экономикалық және әлеуметтік саясаттың басты бағыттары туралы үсыныстар енгізу.
Тарау 3. 3. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары
3. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары
Тармақ 8
8. Әр түрлі экономикалық және әлеуметтік маңызды бағдарламаларды жүзеге асыру Кеңес мәжілістерінде тиісті шешімдер қабылдау үшін істің нақты жағдайы туралы қажетті ақпараттар және қолдау алу мақсатында аумақтық атқарушы билік органдарымен (әкім аппаратымен, облыстық департаменттермен, комитеттермен, басқармалармен) өзара іс- әрекетті жүзеге асыру.
Тармақ 9
9. Қостанай қаласы қоғамдастығының дамуының стратегиялық бағдарламасын әзірлеу.
Тармақ 10
10. Шешімдердің экономикалық және әлеуметтік маңызды жобаларды әзірлеу жөніндегі атқарушы билік органдарымен бірлескен жұмысты жүзеге асыру.
Тармақ 11
11. Қоғамнын көкейтесті мәселелері бойынша қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру, оларға каралып отырған мәселелерді шешу жөніндегі ниеттер туралы Келісімдер әзірлеу.
Тарау 4. 4. Кеңестің негізгі құқықтары
4. Кеңестің негізгі құқықтары
Тармақ 12
12. Экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуде жергілікті аткарушы және баска мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара әрекет жасау.
Тармақ 13
13. Өз құзырына кіретін мәселелер бойынша нұсқаулар әзірлеп, ұсыныстар енгізу.
Тармақ 14
14. Заңда белгіленген тәртіппен кез-келген меншік тұріндегі ұйымдардан Кеңестің міндеттерін шешу ұшін қажетті материалдарды сұрастыру және алу.
Тармақ 15
15. Кеңестің мәжілісіне талқыланган мәселелерге қатысы бар кез-келген меншік тұріндегі ұйымдардың өкілдерін шақыру.
Тармақ 16
16. Уақытша сараптық және жұмыс тонтарын ұйымдастыру.
Тармақ 17
17. Сарапшылар мен кеңесшілерді жұмысқа тарту, соның ішінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардан.
Тарау 5. 5. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
5. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 18
18. Кеңес Қостанай қаласы әкімиятының қаулысымен құрылады.
Тармақ 19
19. Кеңес өз жұмысын ұйымдастыру үшін жұмысшы орган және жұмыс топтарын құрайды.
Тармақ 20
20. Жұмысшы орган жұмыс жоспары негізінде бекітілген күн тәртібіне сәйкес кеңес мәжілісіне әзірлікті жүргізеді, мәжіліс хаттамаларын жазады, Кеңес шешімін жүзеге асыру аясында мүшелердің және жұмысқа тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты бағыттарын мәселелерін) шешу үшін Кеңес мүшелері санынан жұмысшы топтар қүрылады. Жұмысшы орган және жұмысшы топтар құру туралы шешім, Кеңес мүшелері арасындағы міндеттерді бөлу Кеңестің хаттамалық шешімімен рәсімделеді.
Тармақ 21
21. Кеңес мәжілістері айына бір рет соңғы бейсенбіде өткізіледі. Қажеттілігінше Кеңес мүшелерінің үсыныстары бойынша Кеңес торагасы кезектен тыс мәжілістерді тағайындайды.
Тармақ 22
22. Кеңес шешімдері ашык дауыспен қабылданады. Шешімдер қатысушылардың жалпы санынан көпшілік дауыс берген жағдайда қабылданады, хаттамамен рәсімделеді. Мүшелердің ерекше пікірлері хаттамага міндетті түрде жазылады.
Тармақ 23
23. Кеңестің ұсыныстарын Кеңес төрағасы әкімият отырысының қарауына енгізеді.
Тарау 6. 6. Кеңес қызметін қамтамасыз ету
6. Кеңес қызметін қамтамасыз ету
Тармақ 24
24. Кеңестің қызметін ұйымдык-техникалық қамтамасыз ету жұмысшы органға және қала әкімиятына жүктеледі.