Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих местных исполнительных органов и исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета Актюбинской области Күшін жойған
Басқа 0
Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2023 жылғы 16 наурыздағы
№ 67
қаулысымен бекітілген
Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне мынадай көтермелеулер қолданылады:
Тармақша 1
1) біржолғы ақшалай сыйақы беру;
Тармақша 2
2) алғыс жариялау;
Тармақша 3
3) бағалы сыйлықпен марапаттау;
Тармақша 4
4) грамотамен марапаттау;
Тармақша 5
5) құрметті атақ беру.
Тармақ 3
3. Бір рет ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге 2-тармақта көрсетілген көтермелеу нысандарының біреуі ғана және нақты сіңірген еңбегі көрсетіле отырып бір рет қана қолданылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың жұмысын бағалаудың нәтижелері бойынша қолданылады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу туралы шешімдерді аппарат басшысы және атқарушы органдардың басшылары қабылдайды.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау нәтижелері бойынша көтермелеу бір жыл ішінде түйінді нысаналы индикаторларды орындауы тұрғысынан, пайыздық арақатынасы қағидаты бойынша айқындалады.
Тармақ 7
7. Ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін мемлекеттік қызметшілері қаржыландыру жоспары бойынша жергілікті атқарушы органдарды ұстауға көзделген жергілікті бюджет қаражатын үнемдеу есебінен аппарат басшысының және атқарушы органдар басшыларының бұйрығымен біржолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, ерекше маңызды тапсырмаларын шешуде қосқан жеке үлесі үшін грамотамен және бағалы сыйлықпен марапатталады.
Тармақ 9
9. Ақтөбе облысы әкімінің Алғысы мемлекеттік қызметшілерге ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, тапсырмаларды тиісті және адал атқарғаны үшін жарияланады.
Тармақ 10
10. Грамотамен, әкімнің Алғысымен және бағалы сыйлықпен көтермелеу туралы шешім аппарат басшысының және атқарушы органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының ұсынуы бойынша қабылданады және Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен ресімделеді.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік қызметшілерді грамотамен, әкімнің Алғысымен және бағалы сыйлықпен көтермелеу туралы ұсынулар нақты сіңірген қызметтерін сипаттай отырып Ақтөбе облысы әкімінің аппаратына (бұдан әрі - Аппарат) жіберіледі.
Тармақ 12
12. Егер грамотамен, әкімнің Алғысымен және бағалы сыйлықпен көтермелеу мерекелік және мерейтойлық күндерге арналған болса, онда ұсыну тиісті күнге дейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірілмей Аппаратқа жолданады.
Тармақ 13
13. Грамота мен алғыс жоғалған жағдайда олардың телнұсқалары берілмейді.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызметшілерді грамотамен, әкімнің Алғысымен көтермелеуді есепке алу мемлекеттік қызметшінің жұмыс орны бойынша деректерді ұсына отырып, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметімен жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Мынадай мемлекеттік қызметшілер көтермелеуге жатпайды:
Тармақша 1
1) тәртіптік жазалары алынбаған;
Тармақша 2
2) сынақ мерзімін өтеу кезеңінде;
Тармақша 3
3) тиісті органда бір айдан кем жұмыс істеген істегендер.