Об утверждении Правил и срока реализации пилотного проекта по использованию средств биометрической идентификации в информационной системе электронных счетов-фактур Күшін жойған
Басқа 0
Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2023 жылғы 31 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛЕСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 1. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
орынбасарының міндетін атқарушы -
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 27 наурыздағы
№ 294 бұйрығына
қосымша
Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленген және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану тәртібін және пилоттық жобаны (бұдан әрі – Пилоттық жоба) іске асыру мерзімін айқындайды.
Тармақ 2
2. Пилоттық жоба 2023 жылғы 31 наурыздан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында салық төлеушілерге ЭШФ АЖ-да тіркелуге жататын салық төлеушілерге қатысты Қазақстан Республикасының аумағында ЭШФ АЖ арқылы сенімсіз өнім берушілермен өзара есеп айырысуды жүзеге асыру фактілерін болдырмау жөнінде жәрдемдесу мақсатында іске асырылады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) биометриялық сәйкестендіру – адамның физиологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын және оның негізінде оның жеке басын анықтауға болатын биометриялық деректер (цифрлық фотосурет);
Тармақша 2
2) уәкілетті органның нормативтік-анықтамалық ақпараты – мемлекеттік кірістер органдарының деректер базасынан берілетін және Салық кодексіне сәйкес салық құпиясы болып табылмайтын ақпарат;
Тармақша 3
3) электрондық шот-фактура (бұдан әрі – ЭШФ) – ЭШФ АЖ арқылы жазып берілетін және салық заңнамасы нормаларының талаптарына және осы Қағидаларға сәйкес келетін құжат;
Тармақша 4
4) ЭШФ АЖ қатысушысы – электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы келісімге қол қойған және ЭШФ АЖ-да тіркелген тұлға;
Тармақша 5
5) Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) – «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша қол қойылған, ЭШФ АЖ-да тіркелу кезінде салық төлеуші электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырған құжат (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген) (бұдан әрі – ЭШФ жазып беру қағидалары);
Тармақша 6
6) ЭШФ АЖ операторы – ЭШФ АЖ әкімшісі болып табылатын мемлекеттік орган;
Тармақша 7
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Осы Қағидалар шеңберінде пайдаланылатын өзге де ұғымдар Салық кодексіне және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану тәртібі
2-тарау. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану тәртібі
Тармақ 4
4. ЭШФ АЖ-да биометриялық сәйкестендіру құралдары мынадай:
Тармақша 1
1) салық төлеуші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған Келесімге қол қойған кезде салық төлеушіні ЭШФ АЖ қатысушысы ретінде тіркеген;
Тармақша 2
2) Салық кодексінің 136-бабы 5-тармағының 4), 5) тармақшаларына және 137-бабына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде ЭШФ АЖ қатысушысына қатысты тәуекел анықталған жағдайда қолданылады.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдайда, ЭШФ АЖ қатысушысына ЭШФ АЖ арқылы ЭШФ АЖ порталына хабарлама жіберілген сәттен бастап биометриялық сәйкестендіруден өту қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі.
Тармақ 4-1
4-1. Осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, ЭШФ жазып беру санына шектеу қоймай, биометриялық сәйкестендіру күніне 1 (бір) рет жүргізіледі.
Бұл ретте биометриялық сәйкестендіруден өтудің жалпы саны, сол айдағы ЭШФ жазып беру санына шектеу қоймай, күнтізбелік ай ішінде 3 (үш) реттен аспауы тиіс.
Тармақ 5
5. Биометриялық сәйкестендіруді ЭШФ АЖ-да жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Биометриялық сәйкестендіруді жүзеге асыру кезінде ЭШФ АЖ салық төлеуші басшысының ЭЦҚ деректерінің заңды тұлғаның басшысы, дара кәсіпкер не ЭШФ АЖ операторының нормативтік-анықтамалық ақпаратында орналастырылған тіркеу деректері бар жеке тұлға туралы деректермен және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «цифрлық бейін» платформасында орналастырылған деректермен сәйкестігіне тексеру жүргізеді (did.gov.kz).
Тармақ 7
7. Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген деректер сәйкес келген кезде ЭШФ АЖ операторы:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда – салық төлеушіге ЭШФ АЖ қатысушысы мәртебесін беруді;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда – ЭШФ-ны өңдеуді және тіркеу нөмірін беруді жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Салық төлеушілер санатын тіркеу ерекшеліктерін қолдану және құқықтар беру ЭШФ жазып беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Пилоттық жобаны жүргізу кезінде дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылады.