О некоторых вопросах деятельности открытого акционерного общества "Эксимбанк Казахстан" и акционерного общества "Компания по реабилитации и управлению активами" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Эксимбанкi" ашық акционерлiк қоғамының және "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" акционерлік қоғамы қызметiнiң кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Эксимбанкi" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Эксимбанк) Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 2 мекен-жайы бойынша орналасқан ғимаратты (бұдан әрi - ғимарат) Эксимбанктiң Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң алдындағы мiндеттемелерiн өтеу есебiне заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық меншiкке қабылдау туралы ұсынысымен келiсiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен Эксимбанкпен кредиттер, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша республикалық бюджет алдындағы Эксимбанктiң берешегiн салыстыру актiсiне қол қойсын.
Тармақ 3
3. Эксимбанк (келiсiм бойынша) бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi алдындағы бюджеттiк кредиттер, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша ақшалай мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. <*>
Тармақ 5
5. <*>
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Компанияның жарғысына оны "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес келтiру және Компания қызметiнiң негiзгi түрi бұрын республикалық бюджет қаражаты есебiнен берiлген кредиттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бойынша мiндеттемелердi орындауға бағытталған қаражат бойынша берешектi республикалық бюджетке өндiріп алу деп анықтау мақсатында өзгерiстер енгiзудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (келiсiм бойынша) Компанияға теңгемен және шетел валютасында банктік операциялардың мынадай түрлерiн жүргiзуге лицензиялар беру туралы мәселенi қарау ұсынылсын:
Тармақша 1
1) аудару операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақша аудару жөнiндегi тапсырмаларын орындау;
Тармақша 2
2) қарыз алу операциялары: ақы төлеу, мерзiмділiк және қайтарымдылық шарттарында ақшалай нысанды кредиттер беру.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамаға сәйкес мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша кредит берушілермен келiсiм бойынша Эксимбанкпен және Компаниямен осы қаулыға 1-қосымшада көрсетiлген қарыз алушылар тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, мемлекеттiк қарыздар, оның iшiнде осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бiрлесiп қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылатын қарыздар бойынша Эксимбанктiң құқықтары мен мiндеттемелерiн Компанияға беру жөнiнде үш жақты келiсiмдер жасассын.
Тармақ 9
9. Эксимбанк (келiсім бойынша) Компанияға бұрын оған қарыз алушылар өтеген "Жеңiл өнеркәсiп", "Темiр жол", "Құрылыс индустриясы" секторлық бағдарламаларының шеңберiнде Германия Федеративтiк Республикасын (бұдан әрi - KFW) қалпына келтiру жөніндегi кредит ведомствосы берген мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша негiзгi борышты аударсын.
Тармақ 10
10. Компания (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Эксимбанктен алынған сома бөлiгiнде KFW алдындағы мiндеттемелердi орындау жөнiндегi кепiлдiктi берсiн.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының Қаржы, Әділет, Ауыл шаруашылығы, Көлiк және коммуникациялар министрлiктерi, Эксимбанк (келiсiм бойынша) және Компания (келiсiм бойынша) осы қаулының 8-тармағын орындау жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қажет болған кезде осы қаулыға 1-қосымшада көрсетiлген қарыз алушылар тартқан қарыздар туралы келiсiмдер (шарттар) бойынша кредит берушілердiң пайдасына Қазақстан Республикасының бұрын берiлген мемлекеттiк кепілдiктерiнiң қолданылуын растасын немесе ауыстыруды жүргiзсiн.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) Эксимбанктiң Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Қазақстан Республикасының инвестициялық бағдарламалары шеңберiнде берiлген кредиттер жөнiндегi, экономиканы қайта құру қорының қаражаты есебiнен берiлген кредиттер жөнiндегi кредит шарттары бойынша, Эксимбанк пен "Бронетанк жөндеу зауыты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны арасында жасалған 2000 жылғы 15 желтоқсандағы N 53-16/кд-в кредит шарты бойынша және түпкi қарыз алушылармен кепiл шарттары бойынша талап ету құқықтарын беру жөнiндегi шараларды қабылдасын;
Тармақша 2
2) Компаниямен (келісім бойынша) олардың осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген кредиттер бойынша қарыз алушылардың берешегiн республикалық бюджетке өндiрiп алуды жүзеге асыру жөнiнде келiсiм жасассын;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының инвестициялық бағдарламалары шеңберiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Эксимбанк арасында жасалған 1996 жылғы 12 ақпандағы N 96-1 және 1997 жылғы 3 наурыздағы N 1 кредит шарттарын бұзу жөнiндегi шараларды қабылдасын.
Тармақ 14
14. Эксимбанк (келісiм бойынша) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне:
Тармақша 1
1) мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен таратылған қарыз алушылар жөнiндегi;
Тармақша 2
2) осы қаулыға 3-қосымшада көрсетiлген мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша қарыз алушылар жөніндегі құжаттаманы берсін.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi осы қаулының 3, 13-тармақтары орындалғаннан кейiн заңнамада белгiленген тәртiппен жарғылық капиталдың 100 (жүз) пайызы мөлшерінде "Қазақстан Эксимбанкi" ашық акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн сатуды жүзеге асырсын. <*>
Тармақ 16
16. Қоса берiлiп отырған осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Тармақ 17
17. "Қазақстан Эксимбанкi" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 5 сәуiрдегi N 403  қаулысыныңкүшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 18
18. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Е.А. Досаевқа жүктелсiн.
Тармақ 19. Эксимбанктiң олар бойынша құқықтары мен мiндеттемелерi Компанияға берiлетiн мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың тiзбесi
19. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы N 1267 қаулысына 1-қосымша Эксимбанктiң олар бойынша құқықтары мен мiндеттемелерi Компанияға берiлетiн мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың тiзбесi
Тармақ 1
1. "Айт Отель" Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлік қоғамы.
Тармақ 2
2. "Окан Казинтер" Қазақстан-түрік бірлескен кәсiпорны" жабық акционерлiк қоғамы.
Тармақ 3
3. "Отель Астана" Қазақстан-түрік бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлік қоғамы (АҚШ, Түркия кредит желілерi).
Тармақ 4
4. "Эмсаш-Инвест" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
Тармақ 5
5. "Премьер-медеу" қонақ үй кешенi" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
Тармақ 6
6. "Игiлiк" акционерлiк қоғамы.
Тармақ 7
7. "Жеңiлөнеркәсiп" акционерлiк компаниясы" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамы.
Тармақ 8
8. "Мақсат" акционерлiк қоғамы.
Тармақ 9
9. "Байланыс-Құрылысшы" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгінің Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнiң "Еңбек-Алмаз" және "Еңбек-Гранит" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындары).
Тармақ 11
11. "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамы.
Тармақ 12
12. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы.
Тармақ 13
13. "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамы.
Тармақ 14
14. "Рахат" қазақ-австрия бiрлескен кәсiпорны" жабық акционерлiк қоғамы.
Тармақ 15
15. "Қазақ Аджанта Фарма Лимитед" бiрлескен кәсiпорны" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
Тармақ 16
16. "Батыс" ашық акционерлiк қоғамы.
Тармақ 17
17. "Өнiм" акционерлiк қоғамы.
Тармақ 18
18. "Қамқор-холдинг" мемлекеттiк акционерлiк холдингтiк компаниясы.
Тармақ 19
19. "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.
Тармақ 20
20. "Р.И.В." фирмасы жауапкершілігi шектеулi серiктестiгi ("РЕИЗ және К" фирмасының жауапкершілігi шектеулi серiктестiгi).
Тармақ 21
21. "ЭкоТИМ" жауапкершiлiгі шектеулi серiктестігі.
Тармақ 22
22. "Корпорация Базис-А" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестігi.
Тармақ 23
23. "СФ Кереге" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
Тармақ 24
24. "Сусындар" ашық акционерлiк қоғамы.
Тармақ 25
25. "Дудар" жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгi.
Тармақ 26
26. "Өскемен құс фабрикасы" жабық акционерлiк қоғамы.
Тармақ 27
27. "Ай-Дан-мұнай" жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгi ("Ай-Дан" жауапкершілiгi шектелген серiктестiгi).
Тармақ 28
28. "Жамбылбылғарыаяқкиiм" акционерлiк қоғамы.
Тармақ 29
29. "Аққу" акционерлiк қоғамы.
Тармақ 30
30. "Надежда" акционерлiк қоғамы.
Тармақ 31
31. "Катализ" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестігi.
Тармақ 32
32. "Ырысты-Алматы электрвагонжөндеу зауыты" акционерлiк қоғамы.
Тармақ 33
33. "Пеноконцентрат" бiрлескен кәсiпорны" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестігі.
Тармақ 34. Эксимбанктiң олар бойынша құқықтары мен мiндеттемелерi Компанияға берiлетiн жобалардың тiзбесi
34. "Промпластмасса" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi ("Аскам-Құрылыспластмасса" жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгi). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы N 1267 қаулысына 2-қосымша Эксимбанктiң олар бойынша құқықтары мен мiндеттемелерi Компанияға берiлетiн жобалардың тiзбесi
Тармақ 1
1. Ирригациялық және дренаждық жүйелердi жетiлдiру.
Тармақ 2
2. Ақтау қаласындағы теңiз сауда портын қайта жаңарту.
Тармақ 3
3. Темiр жол көлiгiнiң қуатын дамыту.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi үшiн жабдықтарды беру.
Тармақ 5. Эксимбанк олар бойынша құжаттаманы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне беретiн мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың тiзбесi
5. Астана қаласында 240 төсектік аурухана кешенiн салу. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы N 1267 қаулысына 3-қосымша Эксимбанк олар бойынша құжаттаманы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне беретiн мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың тiзбесi
Тармақ 1
1. "Конденсат" акционерлiк қоғамы.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
2. "Кен дала" акционерлiк қоғамы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы N 1267 қаулысына 4-қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. <*>
Тармақ 2
2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: мынадай: "21-15                                    "Медетшi қор" ЖАҚ" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "21-15                                    "Медетшi қоры" АҚ".
Тармақ 3
3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында: "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген бөлiмде: мынадай: "217-2                                     "Медетшi қop" ЖАҚ" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "217-2                                      "Медетші қор" АҚ".
Тармақ 4
4. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587  қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2006 жылға дейiн акциялардың мемлекеттiк пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 8-жол алынып тасталсын.
Тармақ 5
5. "Отель Астана" Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк қоғамы тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 тамыздағы N 923  қаулысында: мәтiндегi "Қазақстан Эксимбанкi" деген сөздер "Медетшi қор" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 6
6. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесiнiң департаментi тартқан мемлекет кепiлдiк берген заемдарға қызмет көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 3 қыркүйектегi N 969  қаулысында: мәтiндегi "Қазақстан Эксимбанкi" деген сөздер "Медетшi қop" деген сөздермен ауыстырылсын.