О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.03.2003 № 258 қаулысымен. Республикада сұйытылған газды өндiрудiң бәсекелестiк рыногын құру және сату жөнiндегi қабылданып жатқан шараларға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың өнiмдерiне бағаны реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 қазандағы N 1171 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 44, 474-құжат): 1-тармақтың үшiншi абзацындағы "мұнай өңдеу кәсiпорындарын" деген сөздер алынып тасталсын; "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын монополиясыздандыру және тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетулерi үшiн есеп айырысуды тәртiпке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 мамырдағы N 587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 20, 177-құжат): 1-тармақтың екiншi абзацындағы "және сұйытылған" деген сөздер алынып тасталсын.