Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инсекторының 2023 жылғы 20 наурыздағы № 01-22/123 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Ірі қара малдың бруцеллезіне байланысты Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округінің Диев ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Әулиекөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотия ошағында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. «Диев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.