Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2023 жылғы 15 наурыздағы № 02-08-04/35 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің Қарауылкелді ауылы Әшім Төленов көшесі № 19, Қазақстан көшесі № 77 А, Мәншүк Мәметова № 6, Құрманғазы көшесі № 39 үйлеріне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.