Об утверждении Отраслевой системы поощрения Қолданыста
Басқа 0
Салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы
«Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 19) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 276) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Салалық көтермелеу жүйесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Көтермелеудің салалық жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 22/НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19929 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2023 жылғы 7 наурыздағы
№ 82/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Салалық көтермелеу жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 19) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 276) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік), жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың және геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы өзге де ұйымдар мен бірлестіктердің жұмыскерлерін (бұдан әрі – геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласының жұмыскерлері) көтермелеу рәсімдерін нақтылайды.
Тармақ 2
2. Көтермелеу геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы жұмыскерлердің еңбегін ынталандырудың нысаны болып табылады.
Тармақ 3
3. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласының жұмыскерлерін көтермелеу мақсатында мынадай төсбелгілер белгіленеді:
Тармақша 1
1) «Құрметті геодезист»;
Тармақша 2
2) «Құрметті картограф»;
Тармақша 3
3) «Үздік геодезист»;
Тармақша 4
4) «Үздік картограф».
Төсбелгілер осы Жүйеге 1-қосымшаға сәйкес сипаттама бойынша дайындалады.
Тарау 2. 2-тарау. Көтермелеу үшін материалдарды дайындау
2-тарау. Көтермелеу үшін материалдарды дайындау
Тармақ 4
4. Төсбелгілермен марапаттау жөніндегі ұсыныстарды қарау үшін Министрлікте мүшелері тақ саннан тұратын Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы жетекшілік ететін вице-министрдің бұйрығымен кәсіби мереке – Жерге орналастыру, геодезия және картография күнін мерекелеуге дейін екі ай мерзімге бекітіледі.
Тармақ 5
5. «Құрметті геодезист», «Құрметті картограф», «Үздік геодезист» және «Үздік картограф» төсбелгілермен марапаттау туралы ұсыныстарды Министрлікке:
Министрліктің Геодезия және картография департаментінің басшысы;
облыстар, астана, республикалық маңызы бар қалалар, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарлары;
мемлекеттік кәсіпорындардың басшылары;
өзге де ұйымдар мен бірлестіктердің басшылары енгізеді.
Тармақ 6
6. Марапаттау туралы ұсыныстар Министрлікке осы Жүйеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша марапаттау парағын қоса бере отырып, кәсіптік мереке –Жерге орналастыру, геодезия және картография күнін мерекелеуге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірілмей жіберіледі және оны Комиссия келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде қарайды.
Тармақ 7
7. Жұмыскердің төсбелгілермен марапатталуға лайықтылығы және лайықсыздығы туралы шешімді Комиссия хаттамамен ресімделетін ашық дауыс беру арқылы, көпшілік дауыспен қабылдайды. Хаттама негізінде жетекшілік ететін вице-министрдің марапаттау туралы бұйрығы шығарылады.
Тармақ 8
8. Төсбелгімен марапатталған тұлғаға осы Жүйеге 3-қосымшада көрсетілген сипаттамаға сәйкес куәлік беріледі.
Тармақ 9
9. Төсбелгі кеуденің сол жағына тағылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болған жағдайда олардан төмен орналасады.
Тармақ 10
10. Бiр төсбелгімен қайта марапаттауға жол берілмейді.
Тармақ 11
11. Төсбелгіні тапсыруды салтанатты жағдайда Министрлік басшылығы жүргізеді немесе марапатталатын тұлға жұмыс істейтін ұжымда жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласының жұмыскерлерін көтермелеген кезде тиісті кадр қызметі қызметкердің еңбек кітапшасына бұйрықтың шыққан күні мен нөмірін көрсете отырып жазба енгізеді.
Тармақ 13
13. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласының жұмыскерлерін көтермелеудің барлық түрін есепке алуды Министрліктің кадр қызметі жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Көтермелеудің ресми мәтіні қазақ және орыс тілдерінде дайындалады.
Тарау 3. 3-тарау. Төсбелгілермен марапаттау негіздері
3-тарау. Төсбелгілермен марапаттау негіздері
Тармақ 15
15. «Құрметті геодезист» төсбелгісімен жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені, ерекше еңбегі және геодезиялық қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласының жұмыскерлері марапатталады.
Тармақ 16
16. «Құрметті картограф» төсбелгісімен жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені, ерекше еңбегі және картографиялық қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласының жұмыскерлері марапатталады.
Тармақ 17
17. «Құрметті геодезист» және «Құрметті картограф» төсбелгілерімен геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласында кемінде жиырма жыл жұмыс өтілі бар геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласының жұмыскерлері марапатталады.
Тармақ 18
18. «Үздік геодезист» төсбелгісімен геодезия саласында бастамашылдық пен кәсібилік танытқаны, лауазымдық міндеттерін үлгілі және адал орындағаны үшін геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласының жұмыскерлері марапатталады.
Тармақ 19
19. «Үздік картограф» төсбелгісімен геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласында бастамашылдық пен кәсібилік танытқаны, лауазымдық міндеттерін үлгілі және адал орындағаны үшін картография саласының жұмыскерлері марапатталады.
Тармақ 20
20. «Үздік геодезист» және «Үздік картограф» төсбелгілерімен геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласында кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар геодезия және картография саласының жұмыскерлері марапатталады.
Аталған төсбелгілермен геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласын дамытуға ерекше үлес қосқан өзге де тұлғалар марапатталады.
Басқа 1. Төсбелгілердің сипаттамасы
Салалық көтермелеу жүйесіне
1-қосымша
Төсбелгілердің сипаттамасы
«Құрметті геодезист» және «Құрметті картограф» төсбелгілері өзара сары түсті сақинамен жалғанған аспа және қалып түрінде дайындалады.
«Үздік геодезист» және «Үздік картограф» төсбелгілері өзара сары түсті сақинамен жалғанған аспа және қалып түрінде дайындалады.
Барлық аспалардың (медальдардың) артқы жағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының нышанының фрагменті – сәулелі күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран (бүркіт) орналастырылады. Фоны жылтыр, бейнелері шығыңқы және күңгірттелген.
«Құрметті геодезист» – бес бұрышты қалып көгілдір түсті муар таспасынан жасалады, оның ортасында ұлттық өрнек, ал өрнектің бүйірлерінде сызық салынады.
Аспа диаметрі үш сантиметр шеңбер нысанында болады, фоны күңгірттелген сары түсті металдан (жез) дайындалады.
Медальдің шеңберіне алтын түстес «Құрметті геодезист» деген жазу, ал ортасына қарай жер шарының бейнесі орналастырылады, оның ішінде мензуласы бар геодезист. Өңі күңгірт, әріптер мен суреттер шығыңқы және жылтыр.
«Құрметті картограф» – бес бұрышты қалып көгілдір түсті муар таспасынан жасалады, оның ортасында ұлттық өрнек, ал өрнектің бүйірлерінде сызық салынады.
Аспа диаметрі үш сантиметр шеңбер нысанында болады, фоны күңгірттелген сары түсті металдан (жез) дайындалады.
Медальдің шеңберінде алтын түстес «Құрметті картограф» деген жазу, ал ортасында Қазақстан Республикасының картасы орналасқан жер шарының бейнесі орналасады. Өңі күңгірт, әріптер мен суреттер шығыңқы және жылтыр.
«Үздік геодезист» – тікбұрышты қалып сары түсті металдан (жез) және сол жағына ұлттық өрнек салынған көгілдір түсті муар таспасынан жасалады.
Аспа диаметрі үш сантиметр шеңбер нысанында болады, фоны күңгірттелген сары түсті металдан (жез) дайындалады.
Медальдің шеңберінде алтын түстес «Үздік геодезист» деген жазу, ал ортасында ішінде геодезиялық аспап тахеометр орналасқан жер шарының бейнесі орналасады. Өңі күңгірт, әріптер мен суреттер шығыңқы және жылтыр.
«Үздік картограф» – тікбұрышты қалып сары түсті металдан (жез) және сол жағына ұлттық өрнек салынған көгілдір түсті муар таспасынан жасалады.
Аспа диаметрі үш сантиметр шеңбер нысанында болады, фоны күңгірттелген сары түсті металдан (жез) дайындалады.
Медальдің щеңберінде алтын түстес «Үздік картограф» деген жазу, ал ортасында жер шарының бейнесі орналастырылады, оның ішінде лупа Қазақстан Республикасының картасын бейнелейді. Өңі күңгірт, әріптер мен суреттер шығыңқы және жылтыр.
____________________________
Басқа 2. __________________________________________________________________
(берілген жері)
Салалық көтермелеу жүйесіне
2-қосымша
Нысан
__________________________________________________________________
(берілген жері)
МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ
1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _________________________
2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны ___________________________________
(ұйымның нақты атауын көрсету керек)
3. Жынысы ________________________________________________________
4. Туған жылы мен туған жері ________________________________________
5. Білімі ___________________________________________________________
6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ___________________________________
7. Үйінің мекенжайы ________________________________________________
8. Жалпы жұмыс өтілі _______________________________________________
9. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы еңбек өтілі
__________________________________________________________________
10. Кандидаттың айрықша сіңірген нақты еңбектері көрсетілген
мінездеме__________________________________________________________
11. Кандидатура талқыланды және ұсынылды
__________________________________________________________________
(ұйымның атауы,
__________________________________________________________________
талқыланған күні, хаттаманың нөмірі)
Марапатталуға ұсынылады ___________________________________________
(көтермелеу түрінің атауы)
___________________________________________________________________
______________________________________________ _______________
Басшы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
жылғы «___»___________
(толтырылған күні)
Мөрдің орны (бар болған жағдайда)
Басқа 3. Куәліктің сипаттамасы
Салалық көтермелеу жүйесіне
3-қосымша
Куәліктің сипаттамасы
Куәлік көлемі 100х70 миллиметр көк түсті қатты мұқабада бүктемелі кітапша түрінде
жасалып, мундиор материалынан дайындалады.
Куәліктің сыртқы жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
бейнеленген, төмен жағында «Куәлік», «Удостоверение» деген жазу бар.
Ішкі сол жақ жапсырмада жазба бар: жоғарғы жағында – мемлекеттік органның
атауы қазақ және орыс тілдерінде.
Куәліктің сол жақ бетінің ішкі жағында төсбелгінің суреті бар.
Оң жақ жапсырмада мынадай мазмұндағы жазба бар:
______________________________________________________________________________
(тегі, фамилия)
______________________________________________________________________________
(аты, имя)
______________________________________________________________________________
(әкесінің аты (болған жағдайда), отчество (при его наличии)
куәлік №_________________
удостоверение
төсбелгісімен марапатталғаны туралы осы куәлік берілді
Настоящее удостоверение выдано о том, что он (она) награжден (а) нагрудным знаком
Лауазымы _________________________________________________________________
Должность (тегі, инициалдары, қолы) (фамилия, инициалы, подпись)
«____» _____________ _____ жыл/год
Ескертпе: марапатталушының тегі, аты, бар болған жағдайда әкесінің аты жеке куәлігі бойынша толтырылады және міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде транскрипциясы көрсетіледі.