Об утверждении Правил проведения аттестации рядового и начальствующего состава органов внутренних дел и военнослужащих внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамы мен ішкі әскерлер әскери қызметшілерін аттестациядан өткізу ережесін бекіту туралы Ішкі істер органдары қызметкерлерінің, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері әскери қызметшілерінің кәсіби біліктілігінің, олардың құқықтық мәдениетінің, қызметтік міндеттерді орындау және азаматтармен жұмыс істеу қабілеті деңгейін анықтау мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамы мен ішкі әскерлер әскери қызметшілерін аттестациядан өткізу ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ішкі істер министрлігі департаменттерінің, дербес басқармаларының, Астана, Алматы қалаларының Ішкі істер Бас басқармаларының, облыстардағы ішкі істер бас басқармаларының, Ішкі істер басқармаларының, көліктегі ішкі істер басқармаларының, Ішкі істер министрлігі оқу орындарының бастықтары, Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері қолбасшысы 2004 жылдың бірінші жартыжылдығында барлық жеке құрамды аттестациядан өткізсін, ол үшін осы бұйрықтың талаптарына сәйкес аттестациялық комиссиялар құрсын.
Тармақ 3
3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер вице-Министрі полиция полковнигі Б.Н.Өмірзақовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамы мен ішкі әскерлер әскери қызметшілерін аттестациядан өткізу Ережесі
Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің 2003 жылғы 11 қазандағы N 566 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамы мен ішкі әскерлер әскери қызметшілерін аттестациядан өткізу Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер Осы ереже ішкі істер органдары қызметкерлері мен Қазақстан Республикасының Ішкіісмині ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін аттестациялаудан өткізудің тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Тармақ 1
1. Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен Қазақстан Республикасының Ішкіісмині ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін (бұдан әрі - қызметкерлер) аттестациялау - олардың кәсіби дайындығының, қызметтік біліктілігінің, құқықтық мәдениетінің, қызметтік міндеттерді орындау мүмкіндіктерінің және азаматтармен жұмыс істеу қабілеттерінің деңгейін анықтауға байланысты мерзімді жүзеге асырылатын рәсім.
Тармақ 2
2. Қызметкерлердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті аттестациялау кезінде бағалаудың негізгі критерийі болып табылады.
Тармақ 3
3. Ішкі істер органдарында 1 жылдан кем қызмет өткерген қызметкерлер, жоғары деңгейдегі лауазымға тағайындауға немесе оқуға жіберген жағдайлардан басқа, сондай-ақ қатардағы және басшы құрамдағы әйелдер жүкті болған жағдайда және баласы 1,5 жасқа толғанша күтуде отырғандар аттестациялауға жатпайды. Олар қызметке шыққаннан кейін 1 жыл уақыт өткен соң ғана аттестацияланады.
Тармақ 4
4. Қызметкерлер аттестациядан ішкі істер органдарындағы қызметте болған әрбір 3 жыл сайын, бірақ лауазымға тағайындалған кейін алты айдан соң өтеді. Бұл ретте аттестациялау көрсетілген мерзімнен кейін алты айдан кешіктірілмей өткізілуі тиіс.
Тармақ 5
5. Қызметкерге алғашқы рет немесе қызмет өтіліне үзіліс жасап орналасқан қызметкерлер аттестациядан осы Ереженің 4-тармағында белгіленген мерзімдерде қызметте үздіксіз 3 жыл мерзім өткеннен кейін өткізіледі.
Тармақ 6
6. Аттестация бірқатар кезекті кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) аттестация өткізуге дайындық;
Тармақша 2
2) аттестациялануы тиіс қызметкерден тест қабылдау;
Тармақша 3
3) қызметкермен аттестациялық комиссия жүргізетін әңгімелесу;
Тармақша 4
4) аттестациялық комиссияның шешім шығаруы.
Тарау 2. 2. Аттестацияны өткізуге дайындықты ұйымдастыру
2. Аттестацияны өткізуге дайындықты ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Аттестацияны өткізуге дайындықты Ішкіісмин, Ішкіісминнің Ішкі әскерлер комитеті, облыстардағы ішкі істер бас басқармалары, ішкі істер басқармалары, Астана, Алматы қалаларының ішкі істер бас басқармалары, көліктегі ішкі істер басқармалары және Ішкіісмин оқу орындарының кадр қызметтері ұйымдастырады. Оған мынадай іс-шаралар кіреді:
Тармақша 1
1) аттестацияланушыға қажетті құжаттар дайындау;
Тармақша 2
2) аттестациялауды өткізудің кестесін әзірлеу;
Тармақша 3
3) аттестациялық комиссиялардың құрамын белгілеу;
Тармақша 4
4) аттестациялауды өткізудің мақсаттары мен тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) тест өткізудің орны мен уақытын келісу.
Тармақ 8
8. Кадр қызметі алты айда бір рет осы Ереженің 4-тармағына сәйкес аттестациялануы тиіс қызметкерлерді анықтайды.
Тармақ 9
9. Орган басшылығы кадр аппаратының ұсынысы бойынша аттестациялауға жататын қызметкерлердің тізімін бекітетін бұйрық шығарады және аттестациялау өткізілетін мерзімдер мен аттестациялық комиссияның құрамы, сондай-ақ оны өткізу кестесі белгіленеді.
Тармақ 10
10. Кадр аппараты қызметкерді аттестациялаудың өткізілетін уақыты туралы жазбаша түрде бір ай бұрын хабардар етеді.
Тармақ 11
11. Аттестациялануы тиіс қызметкердің тікелей бастығы бекітілген нысан бойынша қызметтік мінездеме ресімдейді және оны кадр қызметіне жібереді.
Тармақ 12
12. Қызметтік мінездеме аттестацияланатын қызметкердің кәсіби, жеке қасиеттеріне және оны осы Ереженің 4-тармағына сәйкес өткізіліп отырған аттестациялауға өткен оның ІІО-дағы үздіксіз 3 жыл қызметте болу қызметтік жұмыс нәтижелеріне берілген объективті, негізді бағалауды көрсетуі тиіс.
Тармақ 13
13. Кадр қызметі қызметкерді аттестациялық комиссияның отырысы болатын күннен кемінде үш апта бұрын оған берілген қызметтік мінездемемен таныстыруға міндетті.
Тармақ 14
14. Қызметкер өзіне берілген мінездемемен келіспейтіндігі туралы айтуға және кадр аппаратына өзіне мінездеме беретін ақпарат ұсынуға құқылы.
Тармақ 15
15. Аттестацияланатын қызметкерге кадр қызметі бекітілген нысандағы аттестациялау парағын дайындайды.
Тармақ 16
16. Кадр қызметі жиналған аттестациялау материалдарын аттестациялық комиссияға жібереді.
Тарау 3. 3. Аттестациялық комиссия
3. Аттестациялық комиссия
Тармақ 17
17. Кадр қызметінің ұсынымы бойынша Ішкі істер министрі, Ішкіісминнің Ішкі әскерлер қолбасшысы, облыстардағы ішкі істер бас басқармалары, ішкі істер басқармалары, Астана, Алматы қалаларының ішкі істер бас басқармалары, көліктегі ішкі істер басқармалары және Ішкіісмин оқу орындарының бастықтары Аттестациялық комиссияларды құрады және олар 5 адамнан кем емес комиссия мүшелері мен комиссияның хатшысынан тұрады. Аттестациялық комиссия мүшелерінің арасынан комиссияның төрағасы тағайындалады.
Тармақ 18
18. Орган басшысы лауазымындағы қызметкерді аттестациялау үшін аттестациялық комиссияны оны лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адам құрады.
Тармақ 19
19. Орган жұмысының функционалдық бағыттарының ерекшеліктеріне қарай бірнеше аттестациялық комиссия құрылуы мүмкін.
Тармақ 20
20. Аттестациялық комиссияның төрағасы және комиссия мүшелерінің лауазымы аттестациялануы тиіс қызметкерлердің лауазымдарымен бірдей немесе жоғары болуы тиіс.
Тармақ 21
21. Аттестациялық комиссияның мүшелері аттестациядан жалпы негізде өтеді.
Тармақ 22
22. Аттестациялық комиссияның құрамына әр түрлі бөлімшелердің басшылары, кадр және заң қызметтерінің өкілдері кіреді.
Тармақ 23
23. Егер отырысқа аттестациялық комиссия құрамының 3/2 бөлігі қатысса, отырыс құқықтық өкілетті болып табылады.
Тармақ 24
24. Дауыс беру нәтижелері комиссия мүшелерінің көп дауыс беруімен анықталады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болады.
Тарау 4. 4. Аттестацияны өткізу
4. Аттестацияны өткізу
Тармақ 25
25. Аттестациялық комиссия аттестациялауды аттестацияланушы қызметкердің қатысуымен өткізеді. Аттестациялық комиссияның отырысына дәлелді себептермен екі рет қатыса алмаған қызметкерлер жұмысқа шыққаннан кейін аттестациядан өтеді. Қызметкер аттестациялық комиссияның отырысына дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда, комиссия қолда бар материалдардың негізінде аттестациялауды оның қатысуынсыз өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.
Тармақ 26
26. Аттестациялық комиссия ұсынылған материалдарды зерделеп, тест қабылдау барысында лауазымдардың осы санаты үшін қойылған шекті мәннен (бұдан әрі - шекті мән) төмен емес баға алған қызметкермен әңгімелесу өткізіп, келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) аттестацияланды және жоғары санаттағы лауазымды иелену үшін кадр резервіне енгізілуге ұсынылады;
Тармақша 2
2) лауазымына сәйкес;
Тармақша 3
3) қайта аттестациялауға жатады;
Тармақша 4
4) лауазымына сәйкес емес және лауазымын төмендетуге ұсынылады;
Тармақша 5
5) лауазымына сәйкес емес және ішкі істер органдарынан босатылуға ұсынылады.
Тармақ 27
27. Тест қабылдау барысында шекті мәннен төмен баға алған қызметкер әңгімелесуге жіберілмейді, бұл ретте қызметкерге қайта тест тапсыру құқығы беріледі. Егер қайта тест тапсыру кезінде де қызметкер шекті мәннен төмен баға алса, аттестациялық комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) қайта аттестациялануы тиіс;
Тармақша 2
2) лауазымына сәйкес емес.
Тармақ 28
28. Лауазымына сәйкес еместігі туралы аттестациялық комиссияның шешімі аттестациялаудың теріс нәтижесі болып табылады.
Тармақ 29
29. Қызметкердің кәсіби деңгейін және лауазымына сәйкестігіне баға беру үшін шешім қабылдағанға дейін аттестациялық комиссия сауалнама жүргізу мен топтық пікірталас әдістерін қолдана алады. Қызметкерлерді аттестациялауға аттестациялық комиссия төрағасының шешімімен сарапшылар тартылуы мүмкін.
Тармақ 30
30. Аттестациялық комиссияның шешімі ашық немесе құпия дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беру тәсілі аттестациялық комиссияның еркімен таңдалады.
Тармақ 31
31. Қайта аттестациялау осы Ережеде белгіленген тәртіппен алғашқы аттестациялау өткен күннен бастап алты айдан соң өткізіледі. Алғашқы аттестациялаудан өту кезінде тест тапсыру бойынша шекті мәннен жоғары баға алған қызметкер қайта аттестациялау кезінде әңгімелесуге қайта тест қабылдау өткізілмей-ақ жіберіледі. Аттестациялық комиссия қайта аттестациялау барысында мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) лауазымына сәйкес;
Тармақша 2
2) лауазымына сәйкес емес және лауазымда төмендетілуге ұсынылады;
Тармақша 3
3) лауазымына сәйкес емес және ішкі істер органдарынан босатылуға ұсынылады. Алғашқы аттестациялау кезінде тест тапсыруда шекті мәннен төмен баға алған қызметкерге қайта аттестациялау кезінде бір-ақ рет тест тапсыру құқығы беріледі. Тест тапсыру кезінде қызметкер шекті мәннен төмен баға алған жағдайда аттестациялық комиссия қызметкердің лауазымына сәйкес емес екендігі туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 32
32. Аттестациялық комиссияның шешімі комиссияның төрағасы, комиссияның мүшелері және комиссияға қатысқан хатшының қолдарымен бекітілген хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 33
33. Қызметкер аттестациялық комиссияның шешімімен қол қоя отырып танысу тиіс.
Тармақ 34
34. Аттестациялық комиссияның шешімін бір ай мерзімде, өз номенклатурасы бойынша, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Ішкіісминнің Ішкі әскерлер қолбасшысы, облыстардағы ішкі істер бас басқармалары, ішкі істер басқармалары, Астана, Алматы қалаларының ішкі істер бас басқармалары, көліктегі ішкі істер басқармалары және Ішкіісмин оқу орындарының бастықтары бекітеді және олардың көшірмелері бөлімшелерге жіберіледі.
Тармақ 35
35. Аттестациялық комиссияның бекітілген шешімдері қызметкердің аттестациялық парағына енгізіледі.
Тармақ 36
36. Аттестациядан өткен қызметкердің аттестациялық парағы және оған қызметтік мінездеме жеке ісінде сақталады. Басшы бекіткен аттестациялық комиссияның шешімі де қызметкердің қызметтік тізіміне енгізіледі.
Тармақ 37
37. Басшы аттестациялық комиссияның шешімін бекітпеуі және шешімі үзілді-кесілді болып табылатын қайта аттестациялау тағайындауы мүмкін. Қайта аттестациялау осы Ереженің 31-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 38
38. Басшы бекіткен аттестациялаудың теріс шешімі ішкі істер органдарынан босатуға негіз болып табылады.
Тарау 5. 5. Аттестациялық комиссияның шешіміне шағымдану
5. Аттестациялық комиссияның шешіміне шағымдану
Тармақ 39
39. Қызметкерлер Ішкі істер министрінің, Ішкіісминнің Ішкі әскерлер қолбасшысының, облыстардағы ішкі істер бас басқармалары, ішкі істер басқармалары, Астана, Алматы қалаларының ішкі істер бас басқармалары, көліктегі ішкі істер басқармалары және Ішкіісмин оқу орындарының бастықтарының аттестациялық комиссия шешімдерін бекіту туралы бұйрығына жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға құқылы.
Тармақ 40
40. Жоғары тұрған орган басшысы бұйрықты жоюға және қайта аттестациялау тағайындауға құқылы. Қайта аттестациялау осы Ереженің 31-тармағына сәйкес жүргізіледі.