Об утверждении положения Государственного учреждения «Отдел внутренней политики и развития языков Железинского района» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Железин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 шілдедегі «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 233/7 қаулысы жойылсын.
Тармақ 3
3. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Ереженің мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Басқа 5. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Железин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы «31» наурыздағы № 67/4 қаулысымен бекітілді «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі) Железин ауданының аумағында ішкі саясат және тілдерді дамыту саласына басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Железин ауданның ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 4
4. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің егер Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ құрылымы мен штат санының лимиті «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140200, Железин ауданы, Железин ауылы, Әуезов көшесі, 19.
Тармақ 9
9. Осы Ереже «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Мекеменің толық атауы – «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкеc жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-не кәсіпкерлік субъектілерімен «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Тарау 2. 2-тарау. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2-тарау. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) Железин ауданы әкімдігінің атқарушы органдарының қызметін үйлестіру жолымен әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салаларда мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс, аудан әкімінің «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің құзыретіне жататын мәселелері бойынша актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның Стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарын, Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру және насихаттау;
Тармақша 4
4) қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша ауданның атқарушы органдарымен, үкіметтік емес ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктерімен, саяси партияларымен әрекеттесу;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану;
Тармақша 6
6) мемлекеттік тілді және ауданда тұратын халықтардың тілдерін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
Тармақша 7
7) аудан деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру, оның жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы», «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңдарын қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) санкцияланбаған наразылық акцияларының алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) Железин ауданындағы қоғамдық-саяси жағдайды болжауға бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары: - аудан әкімдігі, әкімі және жоғары сатыдағы ұйымдардың қарауына ішкі саясат және тілдерді дамыту проблемаларды жедел шешу, дамудың негізгі бағыттары жөнінде ұсыныстар енгізу; - заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу; - «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер өткізу; - мемлекеттік органдарда, сотта «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мүдделерін білдіру.
Тармақша 2
2) Міндеттері: - «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға консультациялық-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де көмек көрсетеді; - бөлімнің құзыретіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасау; - тіл саясаты саласындағы қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша аудан әкімдігінің атқарушы органдары мен өзге де ұйымдардың қызметін үйлестіру; - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі өкілеттіліктерді орындау үшін ауданның өзге де атқарушы органдарымен және қарамағындағы ұйымдармен өзара әрекеттеседі. 15. Функциялары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін түсіндіру және насихаттау;
Тармақша 2
2) аймақта болып жатқан қоғамдық-саяси үдерістерді және олардың даму тенденцияларын жан-жақты және нақты зерделеу, қорыту және талдау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және жүзеге асырылуын бақылау;
Тармақша 4
4) Көрнекі үгіт-насихат құралдары мазмұнының қолданыстағы заңнамаға және Республиканың саяси бағытына сәйкестігін бақылауды іске асыру;
Тармақша 5
5) ауданда болып жатқан қоғамдық үдерістерді талдау және реттеу, әлеуметтік зерттеулерді, қоғамдық пікір сауалнамасын жүргізу, әлеуметтік шиеленісу ошақтарын анықтау, Республика, облыс, аудан өмірінің маңызды мәселелері жөніндегі қоғамдық пікірді қалыптастыру;
Тармақша 6
6) ауданның жастар саясатын іске асыру жөніндегі жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 7
7) Железин ауданының аумағында дінге қатысты мемлекеттің саясатын өз кезігімен жүзеге асыру, діни бірлестіктердің қарым-қатынасын реттеу саласындағы заңнаманы жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) ауданның қоғамдық-саяси, діни, жастар, үкіметтік емес бірлестерінің ақпараттық деректер қорын қалыптастыру, жинау, қорыту және жіктеу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этно-мәдени, діни бірлестіктермен, кәсіптік одақтармен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) халықта Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру бойынша жұмысты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтарды әзірлеу;
Тармақша 11
11) аудандағы гендерлік бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 12
12) әкімдіктің отырыстарына және аудан әкімі жанындағы мәжілістерге «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің құзыретіне жататын мәселелері бойынша материалдарды, талдамалы жазбахаттарды, әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелерін, ауданда болып жатқан әлеуметтік-саяси үдерістер дамуының динамикасы мен тенденциялары туралы ақпаратты дайындау;
Тармақша 13
13) мемлекеттік тілдің жаппай қолдануына бағытталған шараларды қабылдау;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабар алмасуын қарауды қамтамасыз ету;
Тармақша 15
15) аудандық деңгейде сыбайлас жемкорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүргізу;
Тармақша 16
16) тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) мемлекеттік және өзге де тілдерді дамытуға бағытталған аудандық маңызы бар іс-шараларды өткізеді;
Тармақша 18
18) бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс;
Тармақша 19
19) атақ беру, куәліктерді және төсбелгілерді,ауданның Құрмет кітабын әзірлеу, ресімдеу және сақтау мәселелері жөніндегі құжаттамаларды жүргізу және есепке алу.
Тарау 3. 3-тарау. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сін басқару «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-не жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшымен жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.
Тармақ 18
18. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі басшысының орынбасарлары жоқ.
Тармақ 19
19. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі туралы Ережені аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) Қолданыстағы заңнамаға және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген бұйрықтар шығарады.
Тармақша 4
4) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 8
8) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің мүддесін білдіреді; иппипм
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын көтермелеуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдерді жасайды; «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тарау 4. 4-тарау. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
4-тарау. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Тармақ 20
20. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.
Тармақ 21
21. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-не бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.
Тарау 6. 6 тарау. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
6 тарау. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақша 1
1) «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің «Айбат» жастар бастамаларын дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.