Об утверждении Правил субсидирования аэропортов, находящихся в коммунальной собственности, не обеспечивающих достаточный уровень доходов для покрытия операционных затрат с пассажиропотоком менее двухсот тысяч пассажиров в год Қолданыста
Басқа 0
Жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 41-74) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау қағидалары
Қазақстан Республикасының Индустрия
және инфрақұрылымдық даму
министрі міндетін атқарушының
2023 жылғы 31 наурыздағы
№ 202 бұйрығымен
бекітілген
Жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 41-74) тармақшасына сәйкес әзірленді және жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау қағидаларын айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) әуежай - коммуналдық меншіктегі, жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін әуежай;
Тармақша 2
2) бас бухгалтер – бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды, есептік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін лауазымды тұлға;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО);
Тармақша 4
4) операциялық шығындар - әуежай қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар;
Тармақша 5
5) әуежайды пайдаланушы – әуежайды меншік құқығында не өзге де заңды негіздерде пайдаланатын Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының, сондай-ақ шет мемлекеттің заңды тұлғасы.
Тармақ 3
3. Негізгі қызметтен түскен табыс пен әуежай шығыстарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалатын әуежайлардың шығындары субсидиялауға жатады.
Әуежайдың шығыны тиісті әуежайдың қаржылық есептілігімен расталады.
Әуежайдың операциялық шығындарының сметасы, сондай-ақ жолаушылар ағыны бойынша деректер оның жұмыс істеуіне байланысты шығындарды қаржылық қамтамасыз ету мақсатында әуежайдың алдағы қаржы жылына арналған қызмет бағдарламасының (даму жоспарының) негізінде қалыптастырылады.
Әуежайды пайдаланушы тиісті әуежайлар бойынша жолаушылар ағынын бөлек есепке алуды және бөлек қаржылық есепке алуды жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Әуежайлардың операциялық шығындарын субсидиялау тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті бюджетінен жүргізіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Әуежайларды субсидиялау қағидалары
2-тарау. Әуежайларды субсидиялау қағидалары
Тармақ 6
6. Субсидиялауды алу үшін әуежайды пайдаланушы күнтізбелік жыл ішінде ай сайын тиісті әуежай бойынша ЖАО-ға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуежайды субсидиялауға арналған өтінімді (бұдан әрі – Өтінім) бірінші жұмыс күнінен бастап және тиісті күнтізбелік жылдың 10 желтоқсанына дейін пошта арқылы не қолма-қол ұсынады.
Тармақ 7
7. Әуежайды пайдаланушы ЖАО-ға жіберілетін өтінімге:
Тармақша 1
1) әуежайдың құрылтай құжаттарының көшірмелерін;
Тармақша 2
2) әуежайға меншік құқығын немесе өзге де заңды иелік ету немесе басқару құқығын растайтын құжаттың көшірмесін;
Тармақша 3
3) әуежайда реконструкция не күрделі жөндеу жүргізу кезеңін қоспағанда, әуеайлақтың пайдалануға жарамдылығы сертификатының көшірмесін;
Тармақша 4
4) қызмет көрсетілген жолаушылардың (ұшатын және ұшып келетін) саны туралы ақпаратты;
Тармақша 5
5) әуежайдың басшысы не оны алмастыратын тұлға, бас бухгалтер (бар болған жағдайда) және мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған әуежай бойынша нақты кірістер мен шығыстар туралы есеп;
Тармақша 6
6) әуежайдың қаржылық есептілігін қоса береді.
Ұсынылған деректердің дұрыстығы үшін әуежайдың бірінші басшысы не өтінімге қол қойған оны алмастыратын тұлға жауапты болады.
Тармақ 8
8. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген келіп түскен өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды ЖАО тіркейді және олар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде толықтығына, сондай-ақ осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкестігіне қарайды.
Тармақ 9
9. ЖАО ұсынылған құжаттар топтамасын әуежай құжаттар топтамасын осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес толық ұсынбаған жағдайда қайтарады.
ЖАО құжаттар топтамасын қайтару себептерін көрсете отырып, осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мерзім ішінде жазбаша хабарламамен қайтаруды жүзеге асырады және жазбаша хабарламада көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасының толық болмауы жойылған кезде әуежай өтінімді қайта береді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті, бұл туралы әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.
Тармақ 10
10. Келіп түскен құжаттар топтамасын қарау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО қаулымен әуежайдың залалдарын өтеуге арналған өтінімдерді қарау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
Комиссияны ЖАО әкімінің орынбасары басшылық етеді. Комиссия құрамына жергілікті өкілдік және ЖАО (жолаушылар көлігі, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы мәселелері бойынша уәкілетті), өңірлік кәсіпкерлердің өңірлік ұлттық палатасы, авиациялық заңды тұлғалар бірлестіктерінің және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.
Комиссия шешімі ашық дауыс беру жолымен қабылданады, ол құрылымның жалпы санынан үштен екісі болған кезде заңды.
Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берілген болса, Комиссия шешімі қабылданған болып саналады. Теңбе-тең дауыс берілген жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.
Тармақ 11
11. Бюджеттік субсидиялар мәслихаттардың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы шешімімен айқындалған сомалар шегінде беріледі.
Субсидияларды төлеу нақты жүзеге асырылған және есепті құжаттамамен расталған операциялық шығындар бойынша ай сайын жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Жергілкті бюджеттен субсидияларды төлеу бекітілген бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражат көлемінде ай сайын жүзеге асырылады.
Есепті ай үшін бюджеттік субсидияларды төлеу есепті айдан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.
Жылдың соңғы күнтізбелік айына бюджеттік субсидияларды төлеу кейіннен келесі айдың 20-күнінен кешіктірмей нақты деректер бойынша жасалған есепті ұсына отырып, 20 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынылған, болжамды деректер бойынша жасалған субсидияланатын авиамаршруттар бойынша көрсетілген қызметтердің алдын ала жасалған актісі негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Субсидиялау шартын сақтау үшін әуежайды пайдаланушы ай сайын тиісті әуежай бойынша ЖАО-ға бірінші басшы не оны алмастыратын тұлға, бас бухгалтер (бар болған жағдайда) куәландырған мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) субсидиялау үшін бөлінген қаражаттың жұмсалуы жөніндегі есеп;
Тармақша 2
2) пайда мен залал туралы есеп әдісі бойынша бюджет жоспары-фактісі және ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
Тармақша 3
3) ұшқан ұшақтардың саны, жүк тасымалдау көлемі, ұшақтардың салмағы, жолаушылар ағыны (ұшатын және ұшып келетін) деректерінің жоспар-фактісі;
Тармақша 4
4) пайда мен залал туралы есеп.
Тармақ 14
14. Қаржы жылының қорытындысы бойынша ЖАО мен әуежайды пайдаланушы тиісті әуежайда орындалған жұмыстардың салыстыру актісін жасай отырып, өзара есеп айырысуларды салыстыруды жүргізеді.
Жыл ішінде жолаушылар ағыны екі жүз мыңнан асқан кезде ЖАО осы көрсеткіштен асқан сәттен бастап тиісті әуежайды қаржы жылының соңына дейін одан әрі субсидиялаудан бас тартады.
Тарау 3. 3-тарау. Субсидиялау көлемін айқындау
3-тарау. Субсидиялау көлемін айқындау
Тармақ 15
15. Субсидиялар көлемін айқындау негізгі қызметтен түскен табыс пен әуежай шығыстарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалатын залал расталған кезде тиісті әуежайдың операциялық шығындарының сметасы негізінде жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Әуежай шығыстарына осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес шығыстар кіреді.
Тармақ 17
17. Әуежайдың кірістер мен шығыстар көлемін дұрыс ұсынуын талдауды Комиссия әуежайдың шығыстарын растайтын ұсынылған құжаттарды қарау жолымен жүргізеді.
Тармақ 18
18. Комиссия бес жұмыс күні өткеннен кейін, құжаттардың толықтығын тексергеннен кейін екі күн ішінде Комиссия отырысын тағайындайды және өткізеді.
Тармақ 19
19. Комиссияны қарау нәтижелері мен қорытындылары Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.
Тармақ 20
20. Нақты ай сайынғы субсидия көлемі Комиссияның бірауыздан шешімімен айқындалады.
Басқа 1. Жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялауға өтінім
Жылына екі жүз мың жолаушыдан
аз жолаушылар легімен операциялық
шығындарды жабу үшін кірістердің
жеткілікті деңгейін қамтамасыз
етпейтін коммуналдық меншіктегі
әуежайларды субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
Нысан
кімге: _______________________
(жергілікті атқарушы
органның атауы)
бастап _______________________
(әуежайдың атауы)
Жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялауға өтінім
Әуежай шығындарын субсидиялауға өтінімді қарауды сұраймын.
1. Әуежай туралы мәліметтер.
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) _________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________
нақты орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________
телефон нөмірі _______________________________________________
ұялы телефон нөмірі ____________________________________
2. Екінші деңгейдегі банкте ашылған әуежайдың есеп айырысу шотының деректемелері:
_____________________________________________________________.
3. 7-тармаққа сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі
Әуежайларды субсидиялау қағидалары:
1) ________________________________________
2) ________________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, оның ішінде, мен банкрот емеспін, «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
__________________________________________
(әуежай басшысының қолы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Өтінім берілген күн 20____ жылғы «____» __________
Басқа 2. Әуежай қызметі бойынша шығыстар тізбесі
Жылына екі жүз мың жолаушыдан
аз жолаушылар легімен операциялық
шығындарды жабу үшін кірістердің
жеткілікті деңгейін қамтамасыз
етпейтін коммуналдық меншіктегі
әуежайларды субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Әуежай қызметі бойынша шығыстар тізбесі
Әуежай қызметі бойынша шығыстар тізбесіне мынадай шығыстар жатады:
Тармақша 1
1) Жалақы;
Тармақша 2
2) Жалақыдан салықтар мен аударымдар;
Тармақша 3
3) Қызметкерлерді медициналық сақтандыру;
Тармақша 4
4) Кеңсе тауарларының құны және типографиялық шығыстар;
Тармақша 5
5) Шикізат және материалдар;
Тармақша 6
6) Отын;
Тармақша 7
7) Санитариялық-гигиеналық нормалардың орындалуын қамтамасыз ету және қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі шығындар;
Тармақша 8
8) Өндірістік активтерге қызмет көрсетуге және жұмыс жағдайында ұстауға байланысты шығыстар;
Тармақша 9
9) Біліктілікті арттыру жөніндегі шығыстар, байланыс қызметтері және өндіріске тікелей жататын шығыстар;
Тармақша 10
10) Негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу;
Тармақша 11
11) Коммуналдық қызметтерге арналған шығыстар.