Об утверждении Правил финансирования и материально-технического обеспечения мер государственной защиты органами военного управления Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әскери басқару органдарының мемлекеттік қорғау шараларын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Әскери басқару органдарының мемлекеттік қорғау шараларын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Басқа 0. Әскери басқару органдарының мемлекеттік қорғау шараларын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қағидалары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 31 наурыздағы № 267 Бұйрықпен бекітілген Әскери басқару органдарының мемлекеттік қорғау шараларын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 29-бабына сәйкес қылмыстық процеске қатысушы адамдарды әскери басқару органдарының (бұдан әрі – ӘБО) мемлекеттік қорғау шараларын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. ӘБО қауіпсіздік шараларын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінде, құрамаларында немесе мемлекеттік мекемелерінде әскери қызмет өткеру және жұмыс ерекшелігін ескеріп, Заңда белгіленген қауіпсіздік шараларын қолдану арқылы қолданады.
Тармақ 3
3. Қылмыстық процеске қатысушыларды қорғау жөніндегі шығысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің шаралар қолдану туралы шешім қабылдайтын немесе қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын ӘБО көздейді.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қорғау шараларын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қорғау шараларын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету тәртібі
Тармақ 4
4. Қауіпсіздік шараларын қолдану кезінде қаржы шығысының мынадай түрлері жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабына сәйкес әскери қызметшілер (курсанттарды, кадеттерді және әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерді қоспағанда) 100 километрден астам қашықтықтағы басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына (оның ішінде әскери бөлім (мекеме) немесе бөлімше құрамында) ауыстырылған кезде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша және көтерме жәрдемақы төленеді;
Тармақша 2
2) қорғалатын адамды оның тұрақты қызмет (жұмыс) орны айқындалғанға дейін іссапарға жіберген кезде «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысы 2-тарауының 3-тармағына сәйкес іссапар (тәуліктік, қонақүй) және көлік шығысы есептеледі;
Тармақша 3
3) қорғалатын адамға тұрғын үйді жалдау (жалға алу) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен ағымдағы тұрғын үй төлемі есептеледі.
Тармақ 5
5. Əскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 113338 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларына сәйкес ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 6
6. Әскери қызметшілерді әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда, бөлімшелерде) медициналық қамтамасыз ету «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 5-1-тармағына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 277 бұйрығымен бекітілген бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлікпен жабдықтау нормалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11557 болып тіркелген) бойынша мемлекет есебінен заттай мүлікпен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 8
8. Қағидаларға сәйкес әскери қызметшілер теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен мемлекет есебінен жол жүруге құқылы.