Об утверждении Правил формирования, сбора, хранения, использования и выдачи сведений Национального фонда пространственных данных Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 12) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 270) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Басқа 0. Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 130/НҚ Бұйрықпен бекітілген Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 12-тармағына, «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ұлттық кеңістіктік деректер қоры (бұдан әрі – Қор) мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру тәртібін айқындайды. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектілендіреді және Бірыңғай байланыс-орталығына, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.
Тарау 2. 2-тарау. Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау және сақтау тәртібі
2-тарау. Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау және сақтау тәртібі
Тармақ 2
2. Қордың мәліметтері геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған және жалпымемлекеттік, салааралық арнаулы және (немесе) салалық маңызы бар геодезиялық, картографиялық, топографиялық, гидрографиялық, аэроғарыштық түсірілім, гравиметриялық материалдар мен деректердің жиынтығын білдіреді. Қор мәліметтерінің құрамына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша материалдар мен деректер енгізіледі.
Тармақ 3
3. Қордың мәліметтері қағаз жеткізгіштерде қалыптасады, жүйеленеді, есепке алынады, орналастырылады және осы мақсатқа арнайы бейімделген үй-жайларда (қоймаларда) жұмыс түрлері бойынша сақталады. Қордың мәліметтерін орналастыру орны көрсетіле отырып, архивтер мен кеңістіктік деректерді сақтау және каталогтау үшін Қордың электрондық жүйесінде электрондық түрде сақталады. Қордың геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимылы және мәліметтерді ұсыну географиялық ақпараттық жүйе арқылы және (немесе) қағаз түрінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Қордың мәліметтері геодезиялық және картографиялық қызмет бағыттары бойынша олардың сақталу ауқымы мен мерзімдерін ескере отырып қалыптастырылады. Қордың материалдары мен деректері Қор мәліметтерінің орналасқан жерін көрсете отырып, архивтер мен кеңістіктік деректерді сақтау және каталогтау үшін Қордың электрондық жүйесінде тіркеледі және сақталады. Архивтер мен кеңістіктік деректерді сақтауға және каталогтауға арналған Қордың электрондық жүйесі Қордың барлық кеңістіктік мәліметтерін орталықтандырылған сақтауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыратын субъектілер өздері бюджет қаражаты есебінен жасаған материалдар мен деректер көшірмелерінің бір данасын Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасына сәйкес Қорға өтеусіз ұсынуға міндетті. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар материалдар мен деректер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қорға беріледі.
Тармақ 6
6. Қордың графикалық, цифрлық, электрондық, фотосуреттік, қағаз және өзге де нысандар мен түрлердегі материалдары мен деректері орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуға, сақтауға және пайдалануға жатады.
Тармақ 7
7. Материалдар мен деректерді Қордың құрамына жатқызу, материалдар мен деректерді сақтауға іріктеу, сондай-ақ сақтау мерзімдері өткендерін жою құжаттардың құндылығын мемлекеттік сараптау негізінде жүргізіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін пайдалану және беру тәртібі
3-тарау. Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін пайдалану және беру тәртібі
Тармақ 8
8. Қордың мәліметтері геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу мақсатында мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз ету үшін пайдаланады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органдарға Қордың материалдары тегін беріледі.
Тармақ 10
10. Таратылуы шектелген қызметтік ақпарат қорының мәліметтерін геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның рұқсатымен беріледі. Таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың мәліметтерін мемлекеттік органдарға, заңды және жеке тұлғаларға беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 10-1
10-1. Қордың мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы № 743 қаулысымен бекітілген Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру қағидаларына (бұдан әрі – Мемлекеттік құпияларды беру қағидалары) сәйкес геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган басшысының рұқсатымен мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстарға тапсырыс берушілер (бұдан әрі – тапсырыс беруші) болып табылатын мемлекеттік органға немесе ұйымға беріледі. Тапсырыс беруші Мемлекеттік құпияларды беру қағидаларына сәйкес, мәліметтерге билік ететін мемлекеттік органның рұқсатымен және осы жұмыстарды орындау үшін қажетті көлемде ғана, бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауына байланысты, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді заңды және жеке тұлғаларға береді. Бұл ретте тапсырыс беруші мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер берілгенге дейін ұйымда тиісті құпиялылық дәрежесіндегі мәліметтерді пайдалану арқылы жұмыстар жүргізуге арналған рұқсаттың, ал жеке тұлғаларда – тиісті рұқсаттың бар екеніне көз жеткізуге міндетті.
Тармақ 1. 1-параграф. Жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтер беру тәртібі
1-параграф. Жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтер беру тәртібі
Тармақ 11
11. Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтерді беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазылған. Қордың мәліметтерін ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес есептеледі.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар): Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мыналарды:
Тармақша 1
1) таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алу үшін: осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алуға арналған қағаз нысандағы өтініш; көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжатын (түбіртек);
Тармақша 2
2) ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы: осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған электронды құжат нысанындағы өтініш; мемлекеттік көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы төлем құжатын (түбіртек) жібереді.
Тармақ 13
13. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен күні оны қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің жұмыскеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері) орындауға жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу не дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы мәліметтерді, төлемді растайтын құжаттарды (төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізілген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭҮТШ арқылы алады.
Тармақ 14
14. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы тапсырған кезде «жеке кабинетке» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.
Тармақ 15
15. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері өтініш тіркелген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алу үшін жұмыстардың көлемін айқындайды және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері бір жұмыс күні ішінде қарауында жоспарланған жұмыстар учаскелеріндегі жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенуі туралы көрсетілген мәліметтер (бұдан әрі – мәліметтер) бар мемлекеттік органға таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың мәліметтерін беруге сауал дайындайды және жібереді. Қарауында көрсетілген мәліметтер бар мемлекеттік орган сұрау салу келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың мәліметтерін беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы оң не теріс жауап жібереді.
Тармақша 2
2) 15-тармақта көрсетілген мерзімдерде ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін жұмыс көлемін айқындайды және шотты портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» төлеуге жібереді. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөніндегі алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды. Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қарауында көрсетілген мәліметтер бар мемлекеттік органға көрсетілетін қызметті алушы сұратқан мәліметтерді алу үшін сұрау салу жібереді не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады. Дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жіберіледі.
Тармақ 16
16. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері бір жұмыс күні ішінде 15-тармақта көрсетілген мерзімдерде оң жауап берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін ақы төлеу қажеттігі туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
Тармақ 17
17. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем жасайды. Төлем жасау қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен көрсетілетін қызметті берушінің есептік шотына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізіледі. Ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған, электронды құжат нысанындағы өтінішті портал арқылы жолдаған кезде, мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем төлем ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы төлем жүргізбеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері бір жұмыс күні ішінде, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылған мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жолдайды.
Тармақ 19
19. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мерзімдерде төлем құжатын ұсынғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері жеті жұмыс күні ішінде мәліметтерді іріктеуге, жасауға кіріседі және қорытындысы бойынша: таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың мәліметтері; ашық пайдаланылатын материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде ашық пайдаланылатын мәліметтерді қалыптастырады. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға сұратылған мәліметтердің дайындығы және алу орны туралы хабарлама жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде, мәліметтердің дайындығы және алу орны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады. Көрсетілетін қызметті алушыға дайын мәліметтерді беру жеке куәлігін не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты және (немесе) өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхатты ұсыну бойынша көрсетілетін қызметті беруші Қор арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ақпараттық жүйеге енгізуді қамтамасыз етеді.
Тарау 4. 4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 21
21. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Басқа 1. Ұлттық кеңістіктік деректер қорының құрамына енгізілетін материалдар мен деректердің тізбесі
Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларына 1-қосымша Ұлттық кеңістіктік деректер қорының құрамына енгізілетін материалдар мен деректердің тізбесі
Тармақ 1
1. Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауға арналған техникалық жобалар.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік нивелирлік желілерді, барлық сыныптар мен разрядтардағы геодезиялық желілерді, гравиметриялық іргелі және бірінші сыныпты желілерді жасау, дамыту және жұмыс істеу жағдайында ұстап тұру жөніндегі техникалық есептер, координаттар мен биіктіктердің каталогтары және басқа да материалдар мен деректер.
Тармақ 3
3. Геодезиялық және картографиялық қызметті қамтамасыз ету мақсатында Жерді қашықтықтан зондтаудың (аэрофототүсірілімдер мен ғарыштық түсірілімдер) бастапқы және туынды материалдары мен деректері, аэрофототүсірілімдердің паспорттары, арнайы аспаптардың деректері, түсірілімдерді картографиялық байланыстырудың схемалары.
Тармақ 4
4. Геодезиялық, гравиметриялық, ғарыштық өлшемдер базасында геодинамикалық зерттеулердің материалдары мен деректері.
Тармақ 5
5. Жергілікті жердің, оның ішінде теңіздердің, көлдердің, өзендердің, су қоймаларының қайраңының топографиялық түсірілімдері бойынша (масштабы 1:500 және кіші), сондай-ақ инженерлік желілерді түгендеу нәтижелері (геодезиялық іздестіру нәтижелері) бойынша техникалық есептер.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік топографиялық жоспарлардың, оның ішінде теңіздердің, көлдердің, өзендердің, су қоймаларының қайраңының, қалалар мен елді мекендердің жоспарларының (масштабы 1:500 және кіші), сондай-ақ инженерлік желілерді түгендеу нәтижелерінің (геодезиялық іздестіру нәтижелері) графикалық, цифрлық, фотографиялық, электрондық нысандардағы түпнұсқалары мен көшірмелері, сондай-ақ көрсетілген карталар мен жоспарлардың таралымдық бедерлемелері.
Тармақ 7
7. Жалпымемлекеттік және салааралық мақсаттағы жалпыгеографиялық, саяси-әкімшілік, ғылыми-әкімшілік, ғылыми-анықтама және басқа да тақырыптық карталар мен атластардың, оқу картографиялық құралдардың түпнұсқалары, туынды өнім жасау үшін негіз болып табылатын картографиялық материалдардың таралымдық бедерлемелері.
Тармақ 8
8. Құжаттамасы бар кезекші (анықтамалық) топографиялық карталар, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы мен әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын және шетел мемлекеттерінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар.
Тармақ 9
9. Географиялық атаулардың мемлекеттік каталогы және олардың негізгі материалдары, Қазақстан Республикасының, шетел мемлекеттерінің аумақтарындағы, материктер мен мұхиттардағы географиялық объектілер атауларының сөздіктері мен анықтамалықтары.
Тармақ 10
10. Геодезиялық және картографиялық қызмет, архив ісі, құпиялылық режимі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар.
Басқа 2. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларына 2-қосымша Нысан Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы «Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жұмыс жоспарланған учаскелеріндегі жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: 1. таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алу; 2. Ашық пайдаланылатын материалдар мен геодезиялық деректерді алу. 2 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). 3 Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін: 1) көрсетілетін қызметті беруші: таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алуды; 2) «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырады: Ашық пайдаланылатын материалдар мен геодезиялық деректерді алуды жүзеге асырады. 4 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі (15) он бес жұмыс күні. 5 Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Қағаз түрінде: 1. Таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алу; Электрондық (ішінара автоматтандырылған): 2. Ашық пайдаланылатын материалдар мен геодезиялық деректерді алу. 6 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде: таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты жоспарланған жұмыс учаскелеріндегі жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде (таратылуы шектелген қызметтік ақпарат). 2) ашық пайдаланылатын материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде: мәліметтер немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. 7 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Қордың мәліметтерін ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес есептеледі. 8 Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі 1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін белгіленеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі; 2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) уәкілетті органның www.gov.kz/memleket/entities/mdai интернет-ресурсында; 2) порталда орналастырылған. 9 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі Мемлекеттік қызметті берушіге: 1) таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерін алу үшін: таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш; көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек); Порталға: 2) ашық пайдаланылатын материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін: ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған электрондық өтініш; жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу туралы мәліметтер не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы төлемді растайтын құжаттарды («электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төлеген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші ЭҮТШ арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. 10 Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемелер 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы; 4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы. 5) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы. 11 Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушы ашық пайдаланудағы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті электрондық нысанда портал арқылы жібереді. Таратылуы шектелген қызметтік ақпараттық мемлекеттік көрсетілетін қызметі қағаз нысанда ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушының ашық пайдаланудағы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Басқа 3. Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасы
Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларына 3-қосымша Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасы Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасы тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне (бұдан әрі – АЕК) сүйене отырып есептеледі: Р/с № Қызмет атауы Өлшем бірлігі Бірлік құны, АЕК 1 2 3 4 Геодезиялық материалдар мен деректерді ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтер 1 МГЖ пунктерінің координаттары туралы мәліметтер ұсыну пункт 0,2 2 МГЖ пунктерінің координаттары туралы мәліметтер ұсыну, координаттарды бір жүйеден басқасына қайта есептеу пункт 0,2 3 КЖ-42-ден қайта есептей отырып МГЖ пунктерінің координаттары туралы мәліметтер ұсыну пункт 1,2 4 МГЖ пунктерінің биіктігі туралы мәліметтер ұсыну пункт 0,4 5 МНЖ пунктерінің орналасқан жерін сипаттай отырып, олардың биіктігі туралы мәліметтер ұсыну пункт 0,6 6 CD дискісіне жазумен техникалық есеп беру парақ 0,25 Картографиялық материалдар мен деректерді ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтер 7 Картографиялық өнімді таңдау парақ 0,1 8 Картографиялық өнімді сканерлеу А0 парақ 1,5 А1 парақ 0,7 А2 парақ 0,4 9 Картографиялық материалды түрлендіру А0 парақ 1,9 А1 парақ 1,3 А2 парақ 0,6 10 Картографиялық өнімді плоттерлік басып шығару А0 парақ 1,8 А1 парақ 0,9 А2 парақ 0,4 11 Картографиялық өнімдерді басып шығару (4-түрлі-түсті басумен көбейту) парақ 1,4 12 Картографиялық өнімдерді басып шығару (5-түрлі-түсті басумен көбейту) парақ 1,7 13 Картографиялық өнімдерді басып шығару (екі жақты 4 түрлі-түсті басып шығару) парақ 2,6 14 Картографиялық өнімді монтаждау парақ 0,2 15 Картографиялық өнімді құрастыру, бүктеу 100 парақ 0,1 16 Картографиялық өнімді ламинаттау шаршы метр 0,4 17 Картографиялық өнімді CD-дискіге жазу парақ 0,5 18 Картографиялық өнімді түптеу, брошюралау (қатты түптеу) кітап 0,5 19 Картографиялық өнімді түптеу, брошюралау (жұмсақ түптеу) кітап 0,4 Жерді қашықтықтан зондтау материалдары мен деректерін ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтер 20 Аса жоғары ажыратымдылықты ортофотожоспарларды ұсыну (АФТ) НП 1,8 21 Қайта жобалаумен жоғары ажыратымдылықты ортофотожоспарларды ұсыну (Ғарыштық сурет) НП 2,0 22 РЦМ ұсыну НП 2,1 «Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы мемлекеттік геопорталы» ақпараттық жүйесінен Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы туралы мәліметтерді беру қызметі 23 БЦКН-ден ашық пайдалануға арналған картографиялық деректерді ұсыну НП 1,0 24 Метадеректерді ұсыну Бір материалға қатысты мәліметтер 0,7 Аббревиатуралардың толық жазылуы: АФТ – аэрофототүсірілім; БЦКН – бірыңғай цифрлық картографиялық негіз; МГЖ – мемлекеттік геодезиялық желі; МНЖ – мемлекеттік нивелирлік желі; НП – номенклатуралық парақ; РЦМ – рельефтік цифрлық моделі; КЖ-42 – 1942 жылғы координаттар жүйесі.
Басқа 4. Таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш
Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларына 4-қосымша Нысан Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры __________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) __________________________ жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы) __________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі), мекенжайы, байланыс телефоны (бар болса) Таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі не заңды тұлғаның толық атауы) _____________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Ведомстволық және мемлекеттік тиесілігі, азаматтығы (жеке тұлғаның): ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Сұралып отырған таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың мәліметтері мен материалдардың тізбесі: _________________________________________ ___________________________________________________________________ Мәліметтерді берудің қажеттілігі мен орындылығының негіздемесі ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенгендігі туралы мәліметтер бергені үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге хабарлама алатын мекенжай: ___________________________________________________ (пошта мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы) Күні _________ Өтініш беруші _________________ жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы, мөрі (бар болса)
Басқа 5. «Құпия» грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш
Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларына 5-қосымша «Құпия» грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш
Басқа 6. Ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш
Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларына 6-қосымша Нысан Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры (аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) ______________________ жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның толық атауы _________________________ Ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш Алу жоспарланып отырған мәліметтердің тізбесі және олардың саны: ____________________________________________________________________ Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. [Жасалған күні] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]
Басқа 7. Дәлелді бас тарту
Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларына 7-қосымша Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлiгiнің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Национальный центр геодезии и пространственной информации» Министерства искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі не заңды тұлғаның толық атауы ____________________________ Дәлелді бас тарту Нөмірі _________ 20__ жылғы «___» _______ Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлiгінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Сіздің 20__ жылғы «___» _____ № ___________ өтінішіңізді қарап, мынадай себеппен мәліметтерді беруден бас тартады: [Дәлелді бас тартудың себебі] [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]
Басқа 8. Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 130/НҚ бұйрығына қосымша Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 10137 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу және геодезия және картография саласындағы кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 187/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 20654 болып тіркелді).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 178/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 28235 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 332/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 29790 болып тіркелген).