Об установлении норматива отчисления части чистого дохода областных коммунальных государственных предприятий Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Жетісу облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Жетісу облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын;
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Жетісу облысы әкімдігінің
2023 жылғы 3 сәуірдегі
№ 89 Қаулыға қосымша
Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Тармақ 1
1. Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін облыстық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:
Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін
Таза кіріс сомасынан 5 пайыз
Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз
Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз
Таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз
Таза кіріс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін
97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 30 пайыз
Таза кіріс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары
247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 50 пайыз
Тармақ 2
2. Денсаулық сақтау саласында қызметін жүзеге асыратын облыстық мемлекеттік кәсіпорындар үшін аудару нормативі 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 3
3. Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігі мемлекеттік басқару органымен келісілген нақты жобалар бойынша кәсіпорынның дамуына жұмсалады.