О городской бюджетной комиссии Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалалық бюджеттік комиссия туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 б. 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 6-4 б. 1-тармағына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалық бюджеттік комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Қалалық мәслихатқа қалалық бюджеттік комиссияның жеке құрамы енгізілсін.
Тармақ 3
3. Қоса беріліп отырған қалалық бюджеттік комиссия жөніндегі Ереже бекітілсін.
Тармақ 4
4. Степногорск қаласының мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) 2003 жылғы 25 наурыздағы № ә-3/104 «Қалалық бюджеттік комиссия туралы»;
Тармақша 2
2) 2003 жылғы 23 қыркүйектегі № ә-8/254 «Қалалық бюджеттік комиссия туралы».
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы Ақмола облыстық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өту тиіс және қалалық газетте ресми жариялануға жатады.
Басқа 9
Қосымша Степногорск қ. әкімдігінің 2003 жылғы 21 қарашадағы № ә-10/308 «Қалалық бюджеттік комиссия туралы» қаулысымен Бекітілген Қалалық бюджеттік комиссия жөніндегі Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Үнемі негізіндегі әрекеттегі қалалық бюджеттік комиссияның кызметін осы Ереже реттейді (бұдан әрі-Комиссия).
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы және Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, сонымен қатар осы Ереже комиссия қызметінің құқықтық негізін құрады.
Тарау 2. 2. Комиссияның мақсаттары
2. Комиссияның мақсаттары
Тармақ 3
3. Сәйкес қаржы жылына қала бюджеттің жобасын уақытында және сапалы әзірлеуін және қала бюджеттің жобасын нақтылау мен орындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуін қамтамасыз етуі комиссияның мақсатты негізгі кызметтері болып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссияның міндеттері мен қызметтері
3. Комиссияның міндеттері мен қызметтері
Тармақ 4
4. Қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуы орта мерзімді кезеңіне арналған индикативтік жоспарын негізге алып үш жылдық мерзіміне қала бюджеттің негізгі болжам көрсеткіштерін қарауы комиссияның негізгі міндеттері болып табылады; қаланың жергілікті өкілді органына келесі қаржы жылына қала бюджеттің жобасын және келесі үш жылдық мерзіміне қала бюджеттің болжам көрсеткіштерін құру және ұсыну; келесі үш жылдық мерзіміне қала бюджеттің негізгі болжам көрсеткіштерінің, осы қаржы жылына сәйкес қала бюджеттің жобасын, мемлекеттік салалық бағдарламаларын, кезеңге сәйкес қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған индикативтік жоспарының сәйкестігін белгілеу; қаржы жылына сәйкес қала бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
Тармақ 5
5. Комиссия оған жүктелген міндеттерімен сәйкес келесі кызметтерді іске асырады:
Тармақша 1
1) комиссияның жұмыс органымен дайындалған материалдарды карайды және анықтайды: алдағы үш жылдық кезеңіне қала бюджеттің болжам көрсеткіштерін; ағымдағы жылда іске асыратын жобаларды ескере отырып келесі үш жылдық кезеңіне, шығыстардың лимитін енгізіп, соның ішінде инвестициялық жобалары жөнінде қала бюджеттің болжам көрсеткіштерін; ағымдағы жылда іске асыратын жобаларды ескере отырып келесі үш жылдық кезеңіне инвестициялық жобаларды жергілікті бюджеттен қаржыландыруға жасалған тізбесін және көлемін; қала бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша мемлекеттік мекеменің ағымдағы қаржы жылдың басын алғанда пайда болған кредиторлық берешектерін жоспарлы қаржы жылында өтеу көлемін; келесі қаржы жылына қалалық бюджеттің жобасын; Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 18-2 бабымен белгіленген басқа да көрсеткіштер;
Тармақша 2
2) шешімді қарайды және шығарады; қала бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлерінің бюджеттік өтінімдері бойынша;
Тармақша 3
3) ұсыныстарды қарайды және дайындайды: қаланың бюджетін анықтау бойынша; бюджеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижелері туралы ақпаратты негізге алып бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын нақтылау және бюджеттік бағдарламаларды одан әрі іске асыру бойынша; Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы, қаланың экономикалық және әлеуметтік дамуы бойынша;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да қызметтерді іске асырады.
Тарау 4. 4. Комиссияның құқықтары
4. Комиссияның құқықтары
Тармақ 6
6. Комиссия өз міндеттерімен сәйкес құқықты болады:
Тармақша 1
1) іс-әрекетте болады:
Тармақша а
а) бюджеттің кіріс базасын қалыптастыру жөніндегі қаланың салық комитетімен;
Тармақша б
б) келесі қаржы жылына бюджеттік өтінімдерді жасау және ағымдағы жылы бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын нақтылау мәселелері бойынша бюджеттік әкімгерлерімен;
Тармақша 2
2) оның құзіретінің шегіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау және ұсыныстарды енгізу;
Тармақша 3
3) комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қалалық және басқа да ұйымдардан қажетті құжаттарды заңнамамен белгіленген тәртіппен сұрау және алу;
Тармақша 4
4) комиссияның міндеттерін іске асырумен байланысты мәселелері бойынша қалалық бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлерін комиссияның отырыстарында талдау;
Тарау 5. 5. Комиссияның құру тәртібі және қызметі
5. Комиссияның құру тәртібі және қызметі
Тармақ 7
7. Комиссияның құрамы қала әкімдігімен белгіленеді және қалалық мәслихат сессиясында бекітіледі.
Тармақ 8
8. Комиссияның органдары:
Тармақша 1
1) жұмыс органы;
Тармақша 2
2) комиссияның төрағасы;
Тармақша 3
3) комиссия төрағасының орынбасарлары;
Тармақша 4
4) хатшысы.
Тармақ 9
9. Комиссияның мәжіліс аралық кезеңінде оның қызметінің ұйымдық мәселелерін комиссияның жұмыс органдары шешеді.
Тармақ 10
10. Комиссияның төрағасы оның қызметін басқарады, комиссияның отырыстарында төраға болады, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерін іске асыру жөніндегі жалпы бақылау жасайды және комиссиямен жүзеге асыратын қызмет үшін жауапкершілікті болады. Комиссияның төрағасы болмаған кезде оның қызметін төрағасымен тағайындалған орынбасар атқарады.
Тармақ 11
11. Комиссияның хатшысы комиссия отырысының тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажет құжаттарды материалдарды дайындайды және мәжілісті өткізгеннен кейін, хаттамасын рәсімдейді.
Тармақ 12
12. Жұмыстың жоспар – кестесі комиссиямен белгіленеді. Қала бюджеттің жобасын әзірлеу кезінде, Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген жергілікті бюджет жобаларын әзірлеу Ережелерімен белгіленген мерзімі бойынша комиссия жұмысының жоспар-кестесін белгілейді.
Тармақ 13
13. Мәжіліске қатысу үшін комиссияның мүшелеріне өздерінің құқық өкілеттіктерін басқа адамдарға тапсыруға рұқсат берілмейді.
Тармақ 14
14. Комиссияның шешімі ашық дауыспен, сонымен қатар комиссия мүшелерін сұрау тәртіппен қабылдауға алынған деп саналады, егер комиссия мүшелерінің жалпы санынан олар үшін дауыстың көпшілігі берілсе. Шешім қабылдау кезде комиссия мүшелері бірдей дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауысын берген шешім қабылдауға алынған деп саналады.
Тармақ 15
15. Әрбір мәселе бойынша дауыс беру қорытындыларын көрсетуімен комиссия мәжілісінің күн тәртібінің мәселелерін қарау нәтижелері сәйкес хаттамаларға енгізіледі және төрағасы анықтаған жағдайда мәжіліске қатысқан комиссияның мүшелері қол белгілерін қояды. Комиссия қабылдаған шешім хаттамамен ресімделеді, оған комиссияның төрағасы және хатшысы қолдарын қояды. Комиссияның мүшелері қабылдауға алған шешіммен келіспесе өз ерекше пікірлерін жазба түрінде беруге құқықтары бар, олар мәжілістің хаттамасына қоса беріледі.
Тармақ 16
16. Барлық мемлекеттік органдармен белгіленген мерзімде, комиссияға жүктелген міндеттерді орындау мақсатымен қабылдап алған комиссияның шешімі міндетті түрде қарауға және орындауға жатады.
Тармақ 17
17. Қаржыны басқаруға әкімімен уәкілдік берілген комиссияның жұмыс органының қызметі жергілікті өкілетті органға-қалалық қаржы бөліміне жүктеледі.
Тармақ 18
18. Комиссиямен анықталатын мерзіміне және күн тәртібіне сәйкес мәжіліске материалдарды дайындау, комиссияның мүшелеріне, қалалық бағдарламалардың әкімгерлеріне және атқарушы органдарға оларды тарату, комиссия мәжілісінің хаттамаларын дайындау, сонымен қатар нормативтік құқықтық актілерден және осы Ережеден шығатын басқа да қызметтер жұмыс органның қызметі болып табылады.
Тарау 6. 6. Комиссияның қызметін тоқтату
6. Комиссияның қызметін тоқтату
Тармақ 19
19. Қалалық мәслихаттың сессиясында бекітілген комиссияның қызметін тоқтату жөнінде қала әкімдігі қаулыны қабылдаған кезде комиссияның қызметін тоқтататын негіз болып табылады.
Тармақ 20
20. Осы Ереженің 19 тармағында көрсетілген комиссияның қызметін тоқтататын мән-жайлар кез болғанда, қалалық мәслихатына орындалған жұмыс жөнінде есепхат жіберіледі.