«О координационно-методическом совете по правовой пропаганде и правовому всеобучу при акимате Зерендинского района» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«3еренді ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік тіркеу және құқықтық насихат және жалпыға құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру әдістемелік кеңес туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 3аңының 31 және 37 баптарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы № 2347 «Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқықтық оқу ұйымдастыру шаралары туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылы 13 мамырдағы № 591 «Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқықтық оқу ұйымдастыру шаралары туралы» қаулысына сәйкес құқықтық білімді насихаттау, заңды сылау рәсімдерін қалыптастыру, халықтың құқықтық мәдениетін және құқықтық ақпаратын, экономикалық бағдарламалардың құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін арттыру мақсатында Зеренді ауданының әкімдігі қаулы етті:
Тармақ 1
1. Зеренді ауданы әкімдігінің жанынан құқықтық насихат және жалпыға бірдей кұқықтық оқу жөніндегі үйлестіруші әдістемелік кеңес қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Осы кеңестің жеке құрамы белгіленген заңнамалық тәртіппен аудандық мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы Құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіруші әдістемелік қеңес туралы ереже бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Нұғымановқа жүктелсін. Ескертулерсіз келісілді Аудан әкімінің орынбасары Қ.Е.Аққазынов
Басқа 5. Зеренді ауданы әкімдігі жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіруші әдістемелік кеңестің құрамы
1 қосымша БЕКІТІЛДІ аудан әкімдігінің 2003 жылғы «27» 11 № 262 «Зеренді ауданы әкімдігі жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіруші әдістемелік кеңес туралы» қаулысымен Зеренді ауданы әкімдігі жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіруші әдістемелік кеңестің құрамы 1. Нұғыманов Ермек Бекенұлы - аудан әкімінің орынбасары, төраға 1. Баймырзин Болат Рамазанұлы - ішкі істер бөлімінің бастығы, , төрағасының орынбасары 2. Беспаяинов Берген Маратұлы 18 - әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі, хатшы Комиссия мүшелері: 4. Ұрманов Қанат Қайыркелдіұлы - салық комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша) 5. Әбділманов Медеу Әшімбекұлы - ішкі саясат бөлімінің бас маманы 6. Әміржанова Күлбану Қасымбекқызы - азаматардың хал-ахуалдарын тіркеу бөлімінің менгерушісі (келісім бойынша) 7. Кушко Валиентин Николаевич - «Бірлік-Единство» газетінің редакторы (келісім бойынша) 8. Жүсіпов Бейбіт Әйтімұлы - білім бөлімінің меңгерушісі 9. Райымбекова Әсия Мұхтарқызы - мәдениет бөлімінің меңгерушісі 10. Разина Нелли Станиславовна - денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі 11. Жақиянов Серік Жазитұлы - жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің төрағасы (келісім бойынша)
Басқа 6
2 қосымша БЕКІТІЛДІ аудан әкімдігінің 2003 жылғы «27» 11 № 262 «Зеренді ауданы әкімдігі жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіруші әдістемелік кеңес туралы» қаулысымен Зеренді ауданы әкімдігі жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіруші әдістемелік кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Үйлестіруші әдістемелік кеңес (бұдан былай-Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы № 2347 «Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқықтық оқу ұйымдастыру шаралары туралы» қаулысын орындау үшін құрылған мемлекеттік органдардың, коғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың ұйымдардың, мекемелердің құқытық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі жұмыстарын үйлестіруші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес аудан әкімдігі жанынан құрылады.
Тармақ 3
3. Өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамаларын және осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңестің мақсаты мен міндеттері
2. Кеңестің мақсаты мен міндеттері
Тармақ 4
4. Кеңес қызметінің мақсаттары:
Тармақша 1
1) азаматтардың құкықтық білім деңгейін арттыру, халықтың құқықтық мәдениетін жүзеге асыруға кәсіпқой заңгерлерді қатыстыру;
Тармақша 2
2) халықтың құқықтық мәдениетін арттыру;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің тәрбие жұмысы құқығын үйлестіру.
Тармақ 5
5. Кеңес қызметінің міндеттері:
Тармақша 1
1) мекемелердегі, ұйымдардағы, кәсіпорындардағы құқық тәрбиесі жұмысы мен құқықтық насихат жағдайларын зерделеу;
Тармақша 2
2) тиімді тәжірибені тарату, құқық тәрбиелеу жұмысын жетілдіру жұмысын әдістемелік көрнекіліктерді әзірлеу, азаматтардың құқықтық тәрбиесі деңгейін арттыруды қамтамасыз ету
Тарау 3. 3. Кеңес қызметінің түрлері
3. Кеңес қызметінің түрлері
Тармақ 6
6. Кеңес қызметінің түрлері:
Тармақша 1
1) құқық білімі «күндерін», «апталықтарын», «айлықтарын» өткізу;
Тармақша 2
2) оқу және еңбек ұжымдарында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен құқық тақырыптарына түрлі іс шаралар (дөңгелек үстелдер, жарыссөздер, кездесулер, дәрістер ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) құқықтық насихат және халықтың құқық тәрбиесі мәселелер бойынша ғылыми-практикалық конференциялар өткізу;
Тармақша 4
4) жақсы ұйымдастырылған жалпыға бірдей құқықтық оқу мен құқыктық тәрбие жұмысына байқау жариялау. оның шарттарын әзірлеп бекіту.
Тармақ 7
7. Кеңес қабылдаған барлық ұсыныстар мен құжаттар мүдделі ведомстволарға, қоғамдық ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына жіберіледі.
Тарау 4. 4. Кеңес жұмысын ұйымдастыру
4. Кеңес жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Құрамында төраға (әкімнің орынбасары), хатшы және кеңес мүшелері бар Кеңес әкімдік жанынан құрылады. Кеңестің жеке құрамы аудандық мәслихат сессиясымен бекітіледі.
Тармақ 9
9. Кеңес отырысы қажетіне қарай өткізіледі. Бірақ бір тоқсанда бір реттен жиі өткізілмейді.
Тармақ 10
10. Отырыс қысқа хаттамамен ресімделеді. Онда қатысушылар саны, күн тәртібі, отырыс барысы және қабылданған шешімдер баяндалады. Шешім көп дауыс арқылы қабылданады.
Тармақ 11
11. Кеңес өз жұмысына құқық қорғау органдарының, заң қызметтерінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін қатыстыруға және оларға шешімдерді, жоспарлы іс-шараларды орындау бойынша ұсыныс жасауға құқылы.