Об утверждении Правил об организации общественных работ Күшін жойған
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.06.19. № 836 қаулысымен
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақ ССР-інде ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 1991 жылғы 22 қазандағы N 624 қаулысының (Қазақ ССР-інің ҚЖ, 1991 ж, N 23, 173-құжат) күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
4 желтоқсандағы
N 1242 қаулысымен
бекітілген
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Ереже
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30
қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге
асыру мақсатында әзірленді және Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
уәкілетті органға өтініш берген жұмыссыз азаматтар үшін қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастырудың жалпы тәртібін белгілейді.
📌 ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.06.22. N 819 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 27 наурыздағы
N 443 қаулысымен.
Бөлім 1. 1-Бөлім. Жалпы ережелер
1-Бөлім. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарға жалпы қол жетерлік, әдетте арнаулы кәсіби
даярлықты талап етпейтін және қолы бос адамдар мен жұмыссыздар (бұдан әрі
- азаматтар) орындайтын уақытша еңбек қызметінің түрлері жатады.
📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.06.22. N 819 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды жергілікті атқарушы органдар
ұйымдастырады.
📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.06.22. N 819
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың екінші абзацы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің
2000 жылғы 27 наурыздағы N 443 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Коммуналдық меншiктегi ұйымдардағы қоғамдық жұмыстар шартты
негізде жүргізіледі.
📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 27 наурыздағы
N 443 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстар жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен және уақытша табыспен (еңбек табысымен) қамтамасыз етуге тиіс.
📌 ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 27 наурыздағы
N 443 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Қоғамдық жұмыстар, әдетте мынадай түрлерге бөлінеді:
Тармақша 1
1), 2).
Тармақша 3
3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының ұйымдарына қалалардың, елді мекендердің, өнеркәсіп орындарының тазалығына көмек көрсету;
Тармақша 4
4) жол салу және жөндеу, су құбыры, газ, канализация және басқа
коммуникацияларды жүргізу, сондай-ақ осы жұмыстар үшiн қажеттi құрылыс
тастарын, қиыршық тастарды, құм, қамыс тақталарын дайындау;
Тармақша 5
5) суару жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 6
6) тұрғын үйлерді, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени мақсаттағы
объектілерді, салуға, қайта жаңарту мен күрделі жөндеуге қатысу;
Тармақша 7
7) тарихи-сәулет ескерткіштерін, кешендерін және қорықтық аймақтарды
қалпына келтіру;
Тармақша 8
8)
Тармақша 9
9)
Тармақша 10
10) аймақтарды экологиялық сауықтыру (аумақтарды көгалдандыру және
көріктендіру, орман паркі шаруашылығын, демалыс және туризм аймақтарын
сақтау және дамыту);
Тармақша 11
11)
Тармақша 12
12) мәдени мақсаттағы ауқымды іс-шараларды (спорт жарыстары,
фестивальдар, балалар спорт алаңдарын жасау және т.с.с); ұйымдастыруда
көмек;
Тармақша 13
13) республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарды (қоғамдық
пікірді сұрау, халық санағы) өткізуге қатысу;
Тармақша 14
14)
Тармақша 15
15)
Тармақша 16
16) қосалқы шаруашылықтары бар коммуналдық меншiктегi ұйымдарда мал
семiрту, мал төлiн жетілдiру, мал бағу және күзету, мал азығын дайындау
және онымен мал шаруашылығын қамтамасыз ету жөнiндегi маусымдық қысқа
мерзiмдi алаңдар мен жазғы лагерьлер, суда жүзетiн құстарды өсiру
жөнiндегi пункттер;
Тармақша 16-1
16-1) жұмыстың басқа да түрлерi;
Тармақша 17
17)-28).
📌 ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді және 1),2),8),9),11),14),15),17),18),19),
20),21),22), 23),24),25),26),27),28) тармақшалары алынып
тасталды - ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 27 наурыздағы N 443
қаулысымен.
Бөлім 2. 2-Бөлім. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
2-Бөлім. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 6
6. Жергілікті атқарушы органдар ақы төленетін қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі шараларды қамтитын жұмыспен қамтудың
аймақтық бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді.
📌 ЕСКЕРТУ. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.06.22. N 819
қаулысымен.
Тармақ 7
7. Қоғамдық жұмыстардың басым бағыттары мыналар негізінде айқындалады:
Тармақша 1
1) аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдай;
Тармақша 2
2) аймақтық еңбек рыногына талдау жасау;
Тармақша 3
3) қоғамдық жұмыстарға қатысуға сұраныс пен ұсынысты анықтау;
Тармақша 4
4) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін кадрларға мұқтаж болып
отырған ұйымдардың деректер банкін құру.
Тармақ 8
8. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысушы тараптардың қарым-қатынастары шарттарымен реттеледі.
Бөлім 3. 3-Бөлім. Азаматтарды қоғамдық жұмыстарға жіберу
3-Бөлім. Азаматтарды қоғамдық жұмыстарға жіберу
Тармақ 9
9. Азаматтарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жұмыспен қамту
мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
📌 ЕСКЕРТУ. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.06.22. N 819
қаулысымен.
Тармақ 10
10.
📌 ЕСКЕРТУ. 10-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 27
наурыздағы N 443 қаулысымен.
Тармақ 11
11. Жұмыссыз азаматтар қоғамдық жұмыстарға тек өздерінің келісімімен
ғана қатыстырылады.
📌 ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 27 наурыздағы № 443 қаулысымен.
Тармақ 12
12. ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.06.22. N 819 қаулысымен.
📌 ЕСКЕРТУ. 12-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 27 наурыздағы N 443 қаулысымен.
Тармақ 13
13. ЕСКЕРТУ. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.06.22. N 819
қаулысымен.
📌 ЕСКЕРТУ. 13-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 27 наурыздағы N 443 қаулысымен.
Бөлім 4. 4-Бөлім. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі
4-Бөлім. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі
Тармақ 14
14. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру жергiлiктi бюджеттiң қаражаты
есебiнен жүргiзiледi.
📌 ЕСКЕРТУ. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.06.22. N 819 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 27 наурыздағы N 443 қаулысымен.
Тармақ 15
15. Жергілікті бюджеттің қаражаты коммуналдық меншік
кәсіпорындарында, ұйымдастырылатын, қоғамдық жұмыстардың ұйымдастыру
жөніндегі іс-шараларында және аумақтардың әлеуметтік-экономикалық даму
жоспарларында айқындалатын көлемде қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру үшін
тартылады.
📌 ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.06.22. N 819 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 27 наурыздағы N 443 қаулысымен.
Бөлім 5. 5-Бөлім. Қоғамдық жұмыстармен айналысатын азаматтардың еңбегіне ақы төлеу
5-Бөлім. Қоғамдық жұмыстармен айналысатын азаматтардың еңбегіне ақы төлеу
Тармақ 16
16. Қоғамдық жұмыстармен айналысатын жұмыссыздардың еңбегiне ақы
төлеу заң актiлерiнде белгiленген ең төмен айлық жалақыдан кем емес
мөлшерде белгiленедi.
📌 ЕСКЕРТУ. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 27 наурыздағы N 443 қаулысымен.
Тармақ 17
17. ЕСКЕРТУ. 17-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.06.22. N 819 қаулысымен.
📌 ЕСКЕРТУ. 17-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 27 наурыздағы N 443 қаулысымен.
Тармақ 17-1
17-1. Қоғамдық жұмыстармен айналысатын жұмыссыздардың еңбегiне ақы
төлеудiң тәртiбiн жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi.
📌 ЕСКЕРТУ. Жаңа 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 27 наурыздағы N 443 қаулысымен.
Тармақ 18
18. ЕСКЕРТУ. 18-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 1999.06.22. N 819 қаулысымен.
Тармақ 19
19.
Тармақ 20
20.
📌 ЕСКЕРТУ. 19, 20-тармақтар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 27 наурыздағы N 443 қаулысымен.
Бөлім 6. 6-Бөлім. Қоғамдық жұмыстардың ұйымдастырылуын есепке алу, есептілік және бақылау
6-Бөлім. Қоғамдық жұмыстардың ұйымдастырылуын есепке алу, есептілік және бақылау
Тармақ 21
21. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастырған кезде:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыз азаматтардың есебін
жүргізеді;
Тармақша 2
2)
Тармақша 2-1
2-1)
Тармақша 3
3) қоғамдық жұмыстар бойынша статистикалық айлық, жартыжылдық, жылдық
есептілікті жүргізеді;
Тармақша 4
4) ЕСКЕРТУ. 21-тармақ өзгерді және 2-1)-тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.22. N 819 қаулысымен.
📌 ЕСКЕРТУ. 21-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 27 наурыздағы N 443 қаулысымен.
Тармақ 22
22. Шарттардың ережелерінің сақталуын бақылауды Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның инспекциясы, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
📌 ЕСКЕРТУ. 22-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.06.22. N 819 қаулысымен.