Об утверждении Перечня видов обеспеченных цифровых активов, признаваемых на территории Республики Казахстан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағында танылатын қамтамасыз етілген цифрлық активтер түрлерінің тізбесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында танылатын қамтамасыз етілген цифрлық активтер түрлерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының аумағында танылатын қамтамасыз етілген цифрлық активтер түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 124/НҚ Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында танылатын қамтамасыз етілген цифрлық активтер түрлерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформада шығарылатын, қамтамасыз етілген цифрлық активтің жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлік) негізделген материалдық, зияткерлік қызметтер мен активтерге куәландырылған құқығы бар, қамтамасыз етілген цифрлық актив.
Тармақ 2
2. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформада шығарылатын, қамтамасыз етілген цифрлық активтің өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер туындыларына, зияткерлік қызметтің өзге де нәтижелеріне меншікке және (немесе) зияткерлік меншік құқығына құқығын растауға ие, қамтамасыз етілген цифрлық актив.