Об определении банка-заемщика для кредитования лучших бизнес-проектов "Центр молодежного досуга" Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жастар демалыс орталығы» бизнес жобаларын несиелендіру үшін банк-заемшы анықтау туралы «Бюджет жүйесі туралы» Казақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына, «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі №832 қаулысына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық конкурстың қорытындысы бойынша анықталған «Жастар демалыс орталығы» ең үздік бизнес жобаларын 8000,0 мың теңге сомасында іске асыру үшін «Нұрбанк» ашық акционерлік коғамының Ақтөбе филиалы «Жергілікті деңгейде кіші кэсіпкерлікті дамыту үшін несиелендіру» бағдарламасы бойынша банк-заемшы болып анықталсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған «Жастардың демалыс орталығы» ең үздік бизнес жобаларын несиелендіру жөніндегі Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары О. Г. Химчукке жүктелсін.
Басқа 4
Облыс әкімиятының 2003 жылғы «22» 12. № 328 қаулысымен БЕКІТІЛДІ «Жастар демалыс орталығы» үздік бизнес жобаларын несиелендіру жөніндегі Ереже
Тармақ 1
1. Осы Ереже «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі №832 қаулысына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Облыс әкімияты тарапынан (бұдан әрі-несие беруші) банк-заемшыға бюджеттік несие беру облыс әкімиятының 2003 жылғы 18 маусымдағы №145 қаулысына сәйкес өткен «Жастар демалыс орталығы» ең үздік бизнес жобаларын жеңімпазын (бүдан әрі - ақырғы қарызгерлер) ортақ қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Бағдарлама әкімшісі «Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ облыс әкімияты атынан - Несие беруші. Несие берушінің тапсырмасы бойынша бағдарлама әкімшісіне шарттар (келісімдер) жасау құқы берілген.
Тармақ 4
4. Несие 3 жылға дейін беріледі.
Тармақ 5
5. Банк-заемшының несие берушіге төлейтін сыйақы (мүдде) мөлшерлемесі жылына 3,5 пайызын қүрайды.
Тармақ 6
6. Банк-заемшы несие берушіге тоқсан немесе ай сайын сыйақы төлеп түрады, бұл екеуінің арасында жасалған несие шартында көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Несие беруші 1 жылға дейін бюджеттік несиенің негізгі қарызына жеңілдік мерзімін бере алады және оның ұзақтығы ақырғы қарызгер мен бюджеттік бағдарлама әкімшісінің («Облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ) тиісті есептерімен қуатталады.
Тармақ 8
8. Банк-заемшы ақырғы қарызгермен өзара келісім-шарт жасасқан кезде, несиелендірудің осы Ереженің 6 тармағында анықталған жеңілдігі бар мерзімін беруге міндетті.
Тармақ 9
9. Ақырғы қарызгер бюджет қаражатының кері қайтарылатындығына жауапты береді. Несие мақсатсыз жұмсалған жағдайда, қарызгер мақсатсыз жұмсалған қаражат сомасын кері қайтарады жэне мақсатсыз жұмсалған соманың 25% мөлшерінде айыппүл төлейді.
Тармақ 10
10. «Облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ қарызгер банкпен бірге ақырғы қарызгерлердің бюджеттік несиені мақсатты жұмсауларын бақылауды жүзеге асырады.