Об утверждении Правил и условий прохождения компьютерного тестирования сотрудника, подлежащего аттестации, на знание законодательства Республики Казахстан и логическое мышление, нормативов по определению профессиональной пригодности, а также пороговых значений для категорий должностей органов гражданской защиты Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттарын, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерді, сондай-ақ азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін шекті мәндерді бекіту туралы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 2-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 171) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берілген:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін шекті мәндер бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттары
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 180 бұйрығына 1-қосымша Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 2-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 171) тармақшасына сәйкес әзірленді және аттестаттауға жататын азаматтық қорғау органы қызметкерінің (бұдан әрі - қызметкерлер) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден (бұдан әрі - компьютерлік тестілеу) өткізудің мақсаты – азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының теориялық білімін және логикалық ойлау қабілетін объективті бағалау.
Тармақ 3
3. Компьютерлік тестілеуді азаматтық қорғау органдарының (бұдан әрі - АҚО) кадр қызметтері ұйымдастырады. Қызметкерлерді компьютерлік тестілеуге қатысты мәліметтерді жария етуге жол берілмейді.
Тармақ 4
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі - ТЖД) бастықтары орынбасарларының, ҚР ТЖМ білім беру ұйымы бастығының орынбасарларының, ТЖМ ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтері бастықтарының, ТЖМ орталық аппараты мен ведомстволары қызметкерлерінің компьютерлік тестілеуден өтуін ТЖМ орталық аппаратының кадр қызметі ұйымдастырады.
Тарау 2. 2 - тарау. Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттары
2 - тарау. Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттары
Тармақ 5
5. Компьютерлік тестілеу мемлекеттік немесе орыс тілдерінде бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып қызметкерлердің таңдауы бойынша автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Компьютерлік тестілеу мәселелерін дайындау ТЖМ кадр қызметіне жүктеледі, компьютерлік тестілеуді техникалық қамтамасыз ету ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімшелеріне жүктеледі.
Тармақ 7
7. Компьютерлік тестілеуді өткізер алдында кадр қызметінің қызметкерлері компьютерлік тестілеуді өткізу туралы нұсқама өткізеді.
Тармақ 8
8. Қызметкерлерге компьютерлік тестілеуден өту кезінде:
Тармақша 1
1) қабылдайтын, жіберетін электрондық құрылғылар мен байланыс құралдарын алып өтуге және пайдалануға;
Тармақша 2
2) әдістемелік әдебиеттерді қолдануға;
Тармақша 3
3) сұрақтарға жауап алу не беру мақсатында басқа қызметкерлерімен сөйлесуге жол берілмейді.
Тармақ 9
9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген талаптар бұзылған жағдайда, еркін нысанда акт жасалады және тестілеуден өтудің қанағаттанарлықсыз нәтижесі ұсыныла отырып, қызметкерлер одан әрі компьютерлік тестілеуден өтуден шеттетіледі.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған компьютерлік тестілеудің тест сұрақтарының саны - 60, соның ішінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы - 10 сұрақ;
Тармақша 2
2) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – 20 сұрақ;
Тармақша 3
3) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – 10 сұрақ;
Тармақша 4
4) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – 10 сұрақ;
Тармақша 5
5) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі және «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қантардағы № 81 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексі - 10 сұрақ.
Тармақ 11
11. Логикалық ойлауға арналған компьютерлік тестілеу 10 сұрақтан тұрады.
Тармақ 12
12. Компьютерлік тестілеудің жалпы уақыты - 70 минутты құрайды (оның ішінде логикалық тест).
Тармақ 13
13. Компьютерлік тестілеу нәтижелері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша автоматты режимде екі данада беріледі, тестілеу нәтижелерінің бір данасы қызметкерге беріледі, екіншісі қызметкердің аттестаттау материалдарына қоса тіркеледі, нәтижелерді беру сәтінде оған қол қойғызып таныстырылады.
Басқа 1.1
Аттестаттауға жататын қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттарына қосымша Нысан Тестілеу нәтижесі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Тегі, аты, әкесінің аты: __________________________________________________ Лауазымы: __________________________________________________ Атағы: __________________________________________________ Тесттің атауы Тесттегі сұрақартардың саны Дұрыс жауаптардың саны Дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші Нәтижесі _______________________________________________________________________________________________ Қазақстан Республикасының Конституциясы 10 ________ ________ ________ «Құқық қорғау қызметі туралы» Заң 20 ________ ________ ________ «Азаматтық қорғау туралы» Заң 10 ________ ________ ________ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң 10 ________ ________ ________ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексі 10 ________ ________ ________ Логикалық ойлауға қаблеті 10 ________ ________ ________ _______________________________________________________________________________________________ _______ Тестілеуге жауапты адамның қолы: _______ Тестілеуден өтетін адамның қолы: _______ Тестілеу куні: __.___.____
Басқа 2. Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 180 бұйрығына 2-қосымша Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер
Тармақ 1
1. Осы азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 2-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 171) тармақшасына сәйкес әзірленді және аттестаттаудан өту кезінде азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерді айқындайды.
Тармақ 2
2. Кәсіптік жарамдылықты айқындау қызметкерлердің осы нормативтерге 1-қосымшада көзделген дене шынықтыру және өрт - құтқару даярлықтары бойынша кәсіптік жарамдылықты айқындау жөніндегі нормативтерді (бұдан әрі - Нормативтер) орындауын қамтиды, осы нормативтерге 1-қосымшада көзделген
Тармақ 3
3. Нормативтерді орындау кезінде орындалатын міндеттердің ерекшелігін ескере отырып, қызметкерлер осы нормативтерге 2-қосымшаға сәйкес кәсіби жарамдылығын айқындау бойынша қызметкерлер санатына бөлінеді.
Тармақ 4
4. Нормативтерді орындау кезінде қызметкерлер оларды мынадай тәртіппен орындайды:
Тармақша 1
1) ерлер: 60 немесе 100 метр қашықтыққа жүгіру немесе қайтармалы жүгіру; 1000 метр қашықтыққа жүгіру; күштік жаттығулар кешені немесе тартылу; оқу мұнарасының 3-қабатындағы терезеге орнатылған жылжымалы сатымен көтерілу немесе 4-қабатындағы терезеге шабуыл сатысымен көтерілу.
Тармақша 2
2) әйелдер: 60 немесе 100 метр қашықтыққа жүгіру немесе қайтармалы жүгіру; 1000 метр қашықтыққа жүгіру; күштік жаттығулар кешені; құтқару арқанын байлаудың төрт тәсілінің бірімен конструкцияға бекіту.
Тармақ 5
5. Егер Нормативтердің бірі бойынша қызметкер «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, қалған Нормативтер бойынша алынған бағаларға қарамастан, қызметкер белгіленген Нормативтерді тапсырған жоқ деп есептеледі. Белгіленген Нормативтерді тапсырмаған қызметкерлер әңгімелесуге жіберілмейді және «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен аттестаттау комиссиясының шешімімен қайта аттестаттауға жатқызылады.
Тармақ 6
6. Дене шынықтыру және өрт-құтқару дайындықтары бойынша кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерді тапсыру ведомосі осы нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Басқа 2.1. Дене шынықтыру және өрт-құтқару дайындықтары бойынша кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер
Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтеріне 1-қосымша Дене шынықтыру және өрт-құтқару дайындықтары бойынша кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер
Бөлім 1. 1-бөлім. «А» санатындағы қызметкерлердің дене шынықтыру және өрт-құтқару даярлығы бойынша кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер
1-бөлім. «А» санатындағы қызметкерлердің дене шынықтыру және өрт-құтқару даярлығы бойынша кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер
Тарау 1. 1-тарау. «А» санатындағы ер қызметкерлердің дене шынықтыру және өрт-құтқару даярлығы бойынша кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер
1-тарау. «А» санатындағы ер қызметкерлердің дене шынықтыру және өрт-құтқару даярлығы бойынша кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер № Жаттығудың атауы Баға Медициналық-жас ерекшелігіне қарай топтар I II III IV V VI VII VIII 23-ке дейін 23-29 30-34 35-39 40-44 45-49 50-54 55 және одан жоғары 1-параграф. Күштік дайындық деңгейін бағалау 1. Белтемірге тартылу (рет саны) өте жақсы 15 14 12 10 8 7 6 4 жақсы 13 12 10 8 6 5 4 3 қанағаттанарлық 11 10 8 6 4 3 2 2 2. Күштік жаттығулар кешені (қайталау саны) өте жақсы 5 5 4 3 5 4 3 3 жақсы 4 4 3 2 4 3 2 2 қанағаттанарлық 3 3 2 1 3 2 1 1 2-параграф. Жылдамдыққа дайындық деңгейін бағалау 3. 100 метр жүгіру (секунд) өте жақсы 13,0 13,5 14,0 15,0 - - - - жақсы 13,5 14,0 14,5 15,5 - - - - қанағаттанарлық 14,0 14,5 15,0 16,0 - - - - 4. 10x10 метр қайтармалы жүгіру (секунд) өте жақсы 25 26 27 28 30 31 32 - жақсы 26 27 28 29 31 32 33 - қанағаттанарлық 27 28 29 30 32 33 34 - 5. 60 метр жүгіру (секунд) өте жақсы - - - - 9,5 10,0 10,5 13,0 жақсы - - - - 10,0 10,5 11,0 14,0 қанағаттанарлық - - - - 10,5 11,0 11,5 15,0 3-параграф. Төзімділік деңгейін бағалау 6. 1000 метр жүгіру (минут, секунд) өте жақсы 3,30 3,40 4,00 4,10 4,30 5,00 6,00 - жақсы 3,40 3,50 4,10 4,20 4,45 5,30 6,30 - қанағаттанарлық 3,50 4,00 4,20 4,30 5,00 6,00 7,00 - 4-параграф. Қызметтік-қолданбалы жаттығулар 7. Оқу мұнарасының 4-қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу, (секунд) өте жақсы 28 30,8 36,4 39,2 42,5 50,9 - - жақсы 30 33 39 43 45,4 54,0 - - қанағаттанарлық 36 39,6 46,8 50,4 54,0 64,8 - - Ескертпе: Ерлерге арналған күш жаттығуларының кешені жас санаттарын ескере отырып орындалады бір шеңбер/ қайталау саны: 1) қолды тіреп жатып бүгу және жазу (тік дене, қолды иық еніне тіректі кеудеге тигізгенге дейін бүгу) – 10 рет (I – IV топ), 5 рет - (V – VIII топ); 2) қолды тіреп жатып аяқты отырып қалыпқа келтіру (тізе иық деңгейіне дейін) және жатып тірекке бастапқы қалыпқа оралу – 10 рет (I – IV топ), 5 рет - (V – VIII топ); 3) отырған қалпынан (жамбас пен жіліншік арасындағы бұрыш 90 градустан төмен, қолдар еденге тиеді) жоғары секіріп шығу (жоғары созылған қолдар, дене, аяқтар бір түзуді құрайды) және бастапқы қалыпқа оралу-10 рет (I – IV топтар), 5 рет – (V-VIII топтар); 4) арқаға, қол мен иыққа немесе желкеге жату, тізенің шынтақпен жанасуына дейін дененің алға еңкеюі (аяқтың сәл бүгілуіне жол беріледі), бастапқы қалыпқа оралған кезде тірекке жауырынмен тигізу қажет – 10 рет (I – IV топ), 5 рет - (V – VIII топ). Жаттығулар тоқтаусыз орындалады, кешендер арасындағы интервал 10 секундтан аспайды. Жаттығуды дұрыс орындамаған жағдайда үш реттен артық емес «санамау» пәрмені беріледі, одан кейін қызметкер/әскери қызметші жаттығуды орындаудан шығарылады.
Тарау 2. 2-тарау. «А» санатындағы әйел қызметкерлердің дене шынықтыру және өрт-құтқару даярлығы бойынша кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер
2-тарау. «А» санатындағы әйел қызметкерлердің дене шынықтыру және өрт-құтқару даярлығы бойынша кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер № Жаттығудың атауы Баға Медициналық-жас ерекшелігіне қарай топтар I II III IV V VI VII до 23 23-29 30-34 35-39 40-44 45-47 48 и ст. 1-параграф. Күштік дайындық деңгейін бағалау 8. Күштік жаттығулар кешені (қайталау саны) өте жақсы 38 35 32 29 26 22 18 жақсы 35 32 29 26 22 18 14 қанағаттанарлық 32 29 26 23 18 14 10 2-параграф. Күштік дайындық деңгейін бағалау 9. 100 метр жүгіру (секунд) өте жақсы 17,0 17,5 18,0 - - - - жақсы 17,5 18,0 18,5 - - - - қанағаттанарлық 18,0 18,5 19,0 - - - - 10. 10x10 метр қайтармалы жүгіру (секунд) өте жақсы 18 20 22 24 26 - - жақсы 19 21 23 25 27 - - қанағаттанарлық 20 22 24 26 28 - - 11. 60 метр жүгіру (секунд) өте жақсы - - - 12,0 13,0 14,0 15.0 жақсы - - - 13,0 14,0 15,0 16.0 қанағаттанарлық - - - 14,0 15,0 16,0 17.0 3-параграф. Төзімділік деңгейін бағалау 12. 1000 метр жүгіру (минут, секунд) өте жақсы 4,50 5,10 5,30 6,00 6,20 - - жақсы 5,10 5,30 5,50 6,20 6,40 - - қанағаттанарлық 5,30 5,50 6,10 6,40 7,00 - - 4-параграф. Қызметтік-қолданбалы жаттығулар 13. Құтқару арқанын байлаудың төрт тәсілінің бірімен конструкцияға бекіту, (секунд) өте жақсы 4 4,5 5 5,5 6 - - жақсы 5 5,5 6 6,5 7 - - қанағаттанарлық 6 6,5 7 7,5 8 - - Ескертпе: VІ және VII (әйелдер) медициналық-жас топтарында нормативтерді тапсыру кезінде дене шынықтыру даярлығы үшін баға екі нормативтерді орындау бойынша қойылады. Әйелдерге арналған күш жаттығуларының жиынтығы жас санаттарын ескере отырып, бір шеңбер/ қайталау саны. Әйелдерге арналған күштік жаттығулар кешені бір минут бойы тоқтаусыз орындалады, арқада жатып, қол ұшынан иыққа немесе желкеге қарай алғашқы 30 секунд, шынтақпен тізеге тигізгенге дейін алға еңкеюдің ең көп саны, аяқтар бекітілген (аяқтың сәл бүгілуіне жол беріледі), бастапқы қалыпқа оралған кезде тіректі жауырынмен тигізу қажет; содан кейін тізені төңкеріп тастау қажет; келесі 30 секунд ішінде тынығу үшін кідіріссіз және жатып тіреуде қолды бүгу мен созудың ең көп санын орындау керек (денені түзу, қолды тірекке тигізгенге дейін бүгу керек). Жаттығуды дұрыс орындамаған жағдайда үш реттен артық емес «санамау» пәрмені беріледі, одан кейін қызметкер/әскери қызметші жаттығуды орындаудан шығарылады.
Бөлім 2. 2-бөлім. «Б» санатындағы қызметкерлердің дене шынықтыру және өрт-құтқару даярлығы бойынша кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер
2-бөлім. «Б» санатындағы қызметкерлердің дене шынықтыру және өрт-құтқару даярлығы бойынша кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер
Тарау 1. 1-тарау. «Б» санатындағы ер қызметкерлердің дене шынықтыру және өрт-құтқару даярлығы бойынша кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер
1-тарау. «Б» санатындағы ер қызметкерлердің дене шынықтыру және өрт-құтқару даярлығы бойынша кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер № Жаттығудың атауы Баға Медициналық-жас ерекшелігіне қарай топтар I II III IV V VI VII VIII 23-ке дейін 23-29 30-34 35-39 40-44 45-49 50-54 55 және одан жоғары 1-параграф. Күштік дайындық деңгейін бағалау 1. Белтемірге тартылу (рет саны) өте жақсы 14 13 11 9 7 5 4 3 жақсы 12 11 9 7 5 4 3 2 қанағаттанарлық 10 9 7 5 3 3 2 1 2. Күштік жаттығулар кешені (қайталау саны) өте жақсы 5 4 3 3 4 4 3 3 жақсы 4 3 2 2 3 3 2 2 қанағаттанарлық 3 2 1 1 2 2 1 1 2-параграф. Жылдамдыққа дайындық деңгейін бағалау 3. 100 метр жүгіру (секунд) өте жақсы 14,0 14,5 15,0 16,0 - - - - жақсы 14,5 15,0 15,5 16,5 - - - - қанағаттанарлық 15,0 15,5 16,0 17,0 - - - - 4. 10x10 метр қайтармалы жүгіру (секунд) өте жақсы 26 27 28 29 31 32 33 - жақсы 27 28 29 30 32 33 34 - қанағаттанарлық 28 29 30 31 33 34 35 - 5. 60 метр жүгіру (секунд) өте жақсы - - - - 10,5 11,0 11,5 13,0 жақсы - - - - 11,0 11,5 12,0 14,0 қанағаттанарлық - - - - 11,5 12,0 12,5 15,0 3-параграф. Төзімділік деңгейін бағалау 6. 1000 метр жүгіру (минут, секунд) өте жақсы 3,45 4,00 4,15 4,30 4,45 5,30 6,30 - жақсы 4,00 4,15 4,30 4,45 5,00 6,00 7,00 - қанағаттанарлық 4,15 4,30 4,45 5,00 5,15 6,30 7,30 - 4-параграф. Қызметтік-қолданбалы жаттығулар 7. Оқу мұнарасының 3-қабатының терезесіне орнатылған жылжымалы сатысымен көтерілу (секунд) өте жақсы 8 9 10 11 12 13 14 15 жақсы 10 11 12 13 14 15 16 17 қанағаттанарлық 12 13 14 15 16 17 18 19 Ескертпе: Ерлерге арналған күш жаттығуларының кешені жас санаттарын ескере отырып орындалады бір шеңбер/ қайталау саны: 1) қолды тіреп жатып бүгу және жазу (тік дене, қолды иық еніне тіректі кеудеге тигізгенге дейін бүгу) – 10 рет (I – IV топ), 5 рет - (V – VIII топ); 2) қолды тіреп жатып аяқты отырып қалыпқа келтіру (тізе иық деңгейіне дейін) және жатып тірекке бастапқы қалыпқа оралу – 10 рет (I – IV топ), 5 рет - (V – VIII топ); 3) отырған қалпынан (жамбас пен жіліншік арасындағы бұрыш 90 градустан төмен, қолдар еденге тиеді) жоғары секіріп шығу (жоғары созылған қолдар, дене, аяқтар бір түзуді құрайды) және бастапқы қалыпқа оралу-10 рет (I – IV топтар), 5 рет – (V-VIII топтар); 4) арқаға, қол мен иыққа немесе желкеге жату, тізенің шынтақпен жанасуына дейін дененің алға еңкеюі (аяқтың сәл бүгілуіне жол беріледі), бастапқы қалыпқа оралған кезде тірекке жауырынмен тигізу қажет – 10 рет (I – IV топ), 5 рет - (V – VIII топ). Жаттығулар тоқтаусыз орындалады, кешендер арасындағы интервал 10 секундтан аспайды. Жаттығуды дұрыс орындамаған жағдайда үш реттен артық емес «санамау» пәрмені беріледі, одан кейін қызметкер/әскери қызметші жаттығуды орындаудан шығарылады.
Тарау 2. 2-тарау. «Б» санатындағы әйел қызметкерлердің дене шынықтыру және өрт-құтқару даярлығы бойынша кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер
2-тарау. «Б» санатындағы әйел қызметкерлердің дене шынықтыру және өрт-құтқару даярлығы бойынша кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер № Жаттығудың атауы Баға Медициналық-жас ерекшелігіне қарай топтар I II III IV V VI VII до 23 23-29 30-34 35-39 40-44 45-47 48 и ст. 1-параграф. Күштік дайындық деңгейін бағалау 8. Күштік жаттығулар кешені (қайталау саны) өте жақсы 35 32 29 26 23 19 15 жақсы 32 29 26 23 19 15 11 қанағаттанарлық 29 26 23 20 15 11 7 2-параграф. Жылдамдыққа дайындық деңгейін бағалау 9. 100 метр жүгіру (секунд) өте жақсы 18,0 18,5 19,0 - - - - жақсы 18,5 19,0 19,5 - - - - қанағаттанарлық 19,0 19,5 20,0 - - - - 10. 10x10 метр қайтармалы жүгіру (секунд) өте жақсы 19 21 23 25 27 - - жақсы 20 22 24 26 28 - - қанағаттанарлық 21 23 25 27 29 - - 11. 60 метр жүгіру (секунд) өте жақсы - - - 12,5 13,5 14,5 15,5 жақсы - - - 13,5 14,5 15,5 16,5 қанағаттанарлық - - - 14,5 15,5 16,5 17,5 3-параграф. Төзімділік деңгейін бағалау 12. 1000 метр жүгіру (минут, секунд) өте жақсы 5,10 5,30 5,50 6,20 6,40 - - жақсы 5,30 5,50 6,10 6,40 7,00 - - қанағаттанарлық 5,50 6,10 6,30 7,00 7,20 - - 4-параграф. Қызметтік-қолданбалы жаттығулар 13. Құтқару арқанын байлаудың төрт тәсілінің бірімен конструкцияға бекіту, (секунд) өте жақсы 4 4,5 5 5,5 6 - - жақсы 5 5,5 6 6,5 7 - - қанағаттанарлық 6 6,5 7 7,5 8 - - Ескертпе: VІ және VII (әйелдер) медициналық-жас топтарында Нормативтерді тапсыру кезінде дене шынықтыру даярлығы үшін баға екі нормативтерді орындау бойынша қойылады. Әйелдерге арналған күш жаттығуларының жиынтығы жас санаттарын ескере отырып, бір шеңбер/ қайталау саны. Әйелдерге арналған күш жаттығуларының кешені бір минут бойы тоқтаусыз орындалады, арқада жатып, қол ұшынан иыққа немесе желкеге қарай алғашқы 30 секунд, шынтақпен тізеге тигізгенге дейін алға еңкеюдің ең көп саны, аяқтар бекітілген (аяқтың сәл бүгілуіне жол беріледі), бастапқы қалыпқа оралған кезде тіректі жауырынмен тигізу қажет; содан кейін тізені төңкеріп тастау қажет; келесі 30 секунд ішінде тынығу үшін кідіріссіз және жатып тіреуде қолды бүгу мен созудың ең көп санын орындау керек (денені түзу, қолды тірекке тигізгенге дейін бүгу керек). Жаттығуды дұрыс орындамаған жағдайда үш реттен артық емес «санамау» пәрмені беріледі, одан кейін қызметкер/әскери қызметші жаттығуды орындаудан шығарылады.
Басқа 2.2. Кәсіби жарамдылығын анықтау бойынша қызметкерлер санаты
Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтеріне 2-қосымша Кәсіби жарамдылығын анықтау бойынша қызметкерлер санаты
Тармақ 1
1. «А» санатындағы қызметкерлер: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы Төтенше жағдайлар департаменттерінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері (бұдан әрі – ӨСжАҚЖҚ) (Кадр қызметтері, жұмылдыру жұмысы, мемлекеттік құпияларды қорғау, ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс, психологиялық қызмет, күштер мен құралдарды жедел басқару орталықтары, «Жұмсалмайтын қор» қоймалары бөлімшелерінің қызметкерлерін, сондай-ақ дәрігерлер, фельдшерлер, өрт сөндіру автомобильдерін жүргізу жөніндегі аға инспекторлар, өрт сөндірушілер жүргізушілері лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді қоспағанда автомобильдер, жүргізушілер-қызметкерлер, диспетчерлер, радиотелефонистер, аға байланыс шеберлері, газ-түтіннен қорғау қызметінің аға шеберлері (шеберлері), өрт сөндіру қайықтарының мотористері).
Тармақ 2
2. «Б» санатындағы қызметкерлер:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі орталық аппараты мен ведомстволарының, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Төтенше жағдайлар департаменттерінің (бұдан әрі - ТЖД), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің барлық қызметкерлері;
Тармақша 2
2) ӨСжАҚЖҚ кадр қызметтері, мемлекеттік құпияларды қорғау, ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс, психологиялық қызмет, күштер мен құралдарды жедел басқару орталықтары, «Қол сұғылмайтын қор» қоймалары бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ дәрігерлер, фельдшерлер, өрт сөндіру автомобильдерін жүргізу жөніндегі аға инспекторлар, өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушілері, жүргізуші-қызметкерлер, диспетчерлер, радиотелефоншылар, аға байланыс шеберлері, газ-түтінінен қорғау қызметінің аға шеберлері (шеберлері), өрт сөндіру қайықтарының мотористері лауазымдарында отырған қызметкерлер;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымының барлық қызметкерлері.
Басқа 2.3. Дене шынықтыру және өрт-құтқару дайындықтары бойынша кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерді тапсыру ведомосі ______________________________________________________________________ (бөлімшенің атауы)
Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтеріне 3-қосымша Нысан Дене шынықтыру және өрт-құтқару дайындықтары бойынша кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерді тапсыру ведомосі ______________________________________________________________________ (бөлімшенің атауы) 20____ жыл «_____» ____________ ______________ қала № Ата­ғы, те­гі, аты, әке­сі­нің аты Ла­у­а­зы­мы Жа­сы Дене дай­ынды­ғы Жал­пы ба­ға­лау Өрт­тен құт­қа­ру дай­ынды­ғы қа­шық­тық­қа жү­гі­ру 60/100 метр қа­шық­тық­қа жү­гі­ру 1000 метр тар­ты­лу/ кү­ш­тік жат­тығ­у­лар ке­ше­ні қай­тар­ма­лы жү­гі­ру Оқу мұ­на­ра­сы­ның 4-қа­ба­ты­ның те­ре­зе­сіне ша­буыл са­ты­сы­мен кө­те­рі­лу / оқу мұ­на­ра­сы­ның 3-қа­ба­ты­ның те­ре­зе­сіне үш иін­ді ор­на­ты­л­ған бас­пал­дақ­пен кө­те­рі­лу/ құт­қа­ру ар­қа­нын ғи­ма­рат құ­ры­лы­сы­на 4 тә­сіл­дің бі­рі­мен бе­кі­ту Нәти­же Ба­ға Нәти­же Ба­ға Нәти­же Ба­ға Нәти­же Ба­ға Нәти­же Ба­ға 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 15 16 17 (қыз­мет­тің ата­уы) 1. _______________________________________________________________ ______________________________________________ (лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты, сынақ қабылдаушы тұлғаның қолы)
Басқа 3. Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін шекті мәндер
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 180 бұйрығына 3-қосымша Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін шекті мәндер
Тармақ 1
1. Осы Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін шекті мәндер «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 2-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 171) тармақшасына сәйкес әзірленді және аттестаттау шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлауға компьютерлік тестілеу (бұдан әрі – компьютерлік тестілеу) бойынша азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) үшін шекті мәндерді айқындайды.
Тармақ 2
2. Аттестаттау шеңберінде азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін компьютерлік тестілеу бойынша шекті мәндерді:
Тармақша 1
1) қатардағы және кіші басшы құрамдағы тұлғалар үшін – Қазақстан Республикасының әрбір нормативтік құқықтық актісі бойынша кемінде 50% дұрыс жауаптар;
Тармақша 2
2) орта және аға басшы құрамдағы тұлғалар үшін – Қазақстан Республикасының әрбір нормативтік құқықтық актісі бойынша кемінде 60% дұрыс жауаптар құрайды.
Тармақ 3
3. Логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеудің шекті мәні белгіленбейді.
Тармақ 4
4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тест сұрақтарының бірі бойынша қызметкер шекті мәнге ие болмаған жағдайда, қалған тест сұрақтары бойынша алынған шекті мәндерге қарамастан, тестілеу өтпеген болып есептеледі.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған компьютерлік тестілеуден өту кезінде шекті мәннен төмен баға алған қызметкерлер әңгімелесуге жіберілмейді және «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңда айқындалған тәртіппен аттестаттау комиссиясының шешімімен қайта аттестаттауға жатқызылады.