О введении ограничений на ввоз и вывоз отдельных товаров Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жекелеген тауарлардың әкелінуі мен әкетілуіне шектеу енгізу туралы Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.12.27. № 1404 қаулысымен Қазақстан рыногын қорғау мақсатында және республиканың аумағына отандық тауар өндірушілерге айтарлықтай зиян келтіретін мөлшер мен жағдайда тауар әкелу көлемінің ұлғаюына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" заң күші бар Жарлығының 20 және 21-баптарына сәйкес жекелеген тауарлардың әкелінуі мен әкетілуіне мынадай уақытша шектеулер енгізілсін: 1-қосымшаға сәйкес тауарлардың әкелінуіне квота белгіленсін; 2-қосымшаға сәйкес тауарлардың әкетілуіне тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Кеден одағы туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Келісімге және Ресей Федерациясымен арадағы Кеден одағы туралы 1995 жылғы 6 қаңтардағы Келісімге сәйкес Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде шығарылған тауарларды қоса алғанда, жекелеген тауарлардың әкелінуін уақытша шектеу бойынша Қазақстан жағының қабылдап отырған шаралары туралы белгіленген тәртіппен консультациялар өткізсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі: "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысымен бекітілген тәртіпке сәйкес осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тауарларды әкелуге квоталарды бөлуді және лицензия беруді қамтамасыз етсін; 1999 жылғы шілде мен желтоқсанда, 2000 жылдың желтоқсанында жекелеген тауарларды әкелу мен әкетуді уақытша шектеудің нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат берсін. 📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.05.20. N 593 қаулысымен. P990593_ ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.30. N 2027 қаулысымен. P992027_
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми жариялауға жатады және жарияланған күнінен бастап 30 күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінуі кезінде квоталанатын тауарлардың ТІЗБЕСІ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 1243 қаулысына 1- қосымша Қазақстан Республикасының аумағына әкелінуі кезінде квоталанатын тауарлардың ТІЗБЕСІ 📌 ЕСКЕРТУ. Атауы және Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.05.20. N 593 қаулысымен. P990593_ ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.21. N 1425 қаулысымен. P991425_ ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.30. N 2027 қаулысымен. P992027_ ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.28. N 1910 қаулысымен. P001910_ ___________________________________________________________________ |  СЭҚ ТН коды |     Тауардың атауы    | 2002 жылдың 31 желтоқсаны |              |                       | бойынша квотаның көлемі<*> |______________|_______________________|____________________________ | |7325 91 000,  |Шарлар                 | 3000 тонна <*>              |7325 99,      |ұнтақтаушы;            |                             |7325 99 990   |басқалары;             |                             |7326 11 000,  |шыңдалғандары;         |                             |7326 19,      |басқалары              |                             |7326 19 100,  |                       |                             |7326 19 900   |                       |                             |______________|_______________________|____________________________
Басқа 2. Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілуге тыйым салынған тауарлардың
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 1243 қаулысына 2-қосымша 📌 ЕСКЕРТУ. Қосымшаның атауы өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.05.20. N 593 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.21. N 1425 қаулысымен. P991425_ Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.09.12. N 1177 қаулысымен. P011177_ Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілуге тыйым салынған тауарлардың ТІЗБЕСІ  ____________________________________________________________________ СЭҚ коды     |        Тауардың атауы                               _______________|____________________________________________________ |7602 00 110   |Ұсталық жаңқалар, кесінділер, сынықтар, фрезерлік  |              |өндірістің қалдықтары, кесуден қалған ұнтақтар мен   |              |қалдықтар; әртүрлі жабындысы бар немесе бекітілген,  |              |қалыңдығы (негізін қоса алғанда) 0,2 мм аспайтын     |              |тақталар мен бояулы фольганың қалдықтары             |______________|____________________________________________________|7602 00 900   |Сынықтар                                             |______________|____________________________________________________|7604 10 100   |Басқа металл қосылмаған алюминий шыбықтар            |______________|____________________________________________________|7605          |Алюминий сым                                        |______________|____________________________________________________ |7503 00       |Никель қалдықтары мен сынықтары                      |______________|____________________________________________________