Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» аппарата акима области Жетісу и областных управлений Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жетісу облысы әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5–тармағына және «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 тіркелген) сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жетісу облысы әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Жетісу облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қазандағы №81 қаулысы жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімі аппаратының басшысы Н.Егінбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы «___» _____________ № _____ қаулысына қосымша Жетісу облысы әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 тіркелген) бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес әзірленді және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) басшылық лауазым – өзіне бағынышты бөлімшенің немесе жекелеген қызметшілердің қызметін ұйымдастыруға өкілеттіктер берілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымы;
Тармақша 2
2) тікелей басшы – мемлекеттік лауазымы бойынша жоғары тұрған, мемлекеттік қызметші өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес оған тікелей бағынысты болатын адам;
Тармақша 3
3) құрылымдық бөлімшелердің басшылары, D-1, D-3 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары), D-O-1, D-R-1, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі;
Тармақша 4
4) бағалаушы адам – тікелей басшы және/немесе құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысы;
Тармақша 5
5) бағаланатын адам – өзіне қатысты бағалау жүргізілетін адам;
Тармақша 6
6) калибрлеу сессиялары – бағаланатын адамдардың қызметін бағалау нәтижелерін талқылау, ықтимал түзету және бекіту үшін лауазымды адамдардың кездесулері;
Тармақша 7
7) бағаланатын кезең – мемлекеттік қызметшінің жұмыс нәтижелері бағаланатын тоқсан.
Тармақ 3
3. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы жүргізіледі. Автоматтандырылған бағалау жүйесі енгізілген мемлекеттік органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау осы мемлекеттік органдардың ішкі құжаттарында айқындалған ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссияларының төрағаларын бағалау тиісті мәслихаттың төрағасымен жүргізіледі. Бағалауды бағалаушы адам болмаған жағдайда, оны алмастырушы адам жүргізеді. Іссапарға жіберілген адамдарды бағалау қабылдаушы мемлекеттік органмен іссапарда болу кезеңі үшін жүргізіледі. Мемлекеттік органның бірінші басшысының шешімі бойынша оның тікелей бағынысындағы адамдар осы мемлекеттік органның аппарат басшысымен бағалана алады.
Тармақ 4
4. Бағалау тоқсан қорытындысы бойынша – есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Қорытынды баға күнтізбелік жылдың есепті тоқсандары бойынша "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің орташа бағасы негізінде ақпараттық жүйеде автоматты түрде қалыптастырылады. Қорытынды баға есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарынан кешіктірілмей қалыптастырылады.
Тармақ 5
5. Егер бағаланатын қызметшінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі бағаланатын лауазымға тағайындалған немесе сайланған күннен бастап бір айдан кем болған жағдайда, оған бағалау жүргізілмейді. Бұл ретте бағаланатын кезең қызметшінің нақты жұмыс істеген кемінде он бес жұмыс күнін қамтуы тиіс.
Тармақ 6
6. Бағалау мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік органнан жұмыстан шығарылған қызметшілерді бағалау олардың қатысуынсыз 5-тармақта көрсетілген мерзімде жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бағалау нәтижелері мынадай саралау бойынша қойылады: «Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады»; «Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады»; «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады»; «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады» (қанағаттанарлықсыз баға). «Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады» нәтижесіне 4-тен 5 баллға дейін, «Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады» нәтижесіне 3-тен 3,99 баллға дейін, «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады» нәтижесіне 2-ден 2,99 баллға дейін, «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады» нәтижесіне 0-ден 1,99 баллға дейінгі бағалар диапазоны сәйкес келеді.
Тармақ 8
8. Бағалауды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген құрылымдық бөлімшелер (адам), соның ішінде ақпараттық жүйе арқылы қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Бағаланатын қызметші өзінің бағалау нәтижелерін ақпараттық жүйеде, сондай-ақ «Е-қызмет» мобильді қосымша арқылы алады. Жұмыстан босатылған адамдарды таныстыру, есепті тоқсаннан кейінгі айдың ішінде, таныстыру тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатты және/немесе телефонограмманы және/немесе жеделхатты және/немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарды жіберу арқылы не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметші бағалау нәтижелерімен танысқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамға калибрлеу сессиясын өткізу жөнінде еркін нысанда тиісті өтінішпен жүгінеді.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік қызметші калибрлеу сессиясының шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіпте шағымдана алады.
Тармақ 12
12. Бағалаумен байланысты құжаттар бағалау аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде персоналды басқару қызметінде және ақпараттық жүйеде сақталады.
Тармақ 13
13. Бағалау нәтижелері жасырын ақпарат болып табылады және қызметтік қажеттілікті, сондай-ақ «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік орган осы ақпаратты ашуға міндетті жағдайларды қоспағанда, үшінші адамдарға жария етуге жатпайды.
Тармақ 14
14. Бағалау рәсіміне байланысты келіспеушіліктерді барлық мүдделі адамдар мен тараптардың жәрдемдесуімен персоналды басқару қызметі қарастырады.
Тармақ 15
15. Персоналды басқару қызметінің басшысы мыналарға жауапты болады:
Тармақша 1
1) коммуникациялық хабарламаларды дайындау, бағалау процесіне қатысушыларға консультация жүргізуді қосқанда, қызметті бағалау процесін ұйымдастыру мен сүйемелдеу;
Тармақша 2
2) қажет болған жағдайда бағалаушы мен бағаланатын адамдардың кездесуіне қатысу, қызметті бағалау процесінің мәселелері бойынша консультация беру жолымен даулы мәселелерді шешуге көмектесу;
Тармақша 3
3) калибрлеу сессияларына дайындық шеңберінде әр қызметкерге ақпарат дайындауды қоса алғанда, калибрлеу сессиясын өткізу;
Тармақша 4
4) есепті кезең ішінде олардың қызметін бағалау шеңберінде қажетті құжаттарды толтыру толықтығы мен уақтылы орындалуын, қызметкерлердің қызметіне бағалау жүргізу шеңберінде қызметкерге тиісті хабарламалар жіберу, қажетті есептік жазбаларды жүргізу.
Тарау 2. 2-тарау. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау тәртібі
2-тарау. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау тәртібі
Тармақ 16
16. D-1, D-3 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары), D-O-1, D-R-1, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау тікелей басшымен осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда, басшы лауазымдарды атқаратын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысымен осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі. D-1, D-3 санаттарының (құрылымдық бөлімшелердің басшыларын қоспағанда) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау тікелей басшымен осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі. Өзге тұлғаларды бағалау құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысымен осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Бағалаушы адамға бағалау парағы персоналды басқару қызметімен ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі. Бағалаушы адаммен 0-ден 5-ке дейінгі баға қойылады. Егер бағаланатын адамдардың саны жиырма адамнан асқан жағдайда, бағалауды бағалаушы адам айқындайтын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері де жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Калибрлеу сессияларын өткізу және кері байланыс ұсыну тәртібі
3-тарау. Калибрлеу сессияларын өткізу және кері байланыс ұсыну тәртібі
Тармақ 18
18. Бағалау процесіне бірыңғай тәсілді келісу және сақтау мақсатында мемлекеттік органдар осы Әдістеменің 11-тармағында көзделген тәртіппен калибрлеу сессияларын өткізеді.
Тармақ 19
19. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам қызметшінің өтініші түскен уақыттан бастап үш жұмыс күн ішінде калибрлеу сессиясын өткізу туралы шешім қабылдайды қабылдайды және оның құрамын бекітеді. Тексеру комиссиясының мүшелеріне және тексеру комиссиясының төрағасына калибрлеу сессиясын өткізу және оның құрамын бекіту маслихат шешімінің негізінде жүзеге асырылады. Калибрлеу сессиясының құрамы мүшелердің тақ санынан тұрады. Калибрлеу сессиясы мүшелерінің саны үштен кем болмауы тиіс. Нақты калибрлеу сессиясының құрамына бағамен келіспейтін адам, сондай-ақ оны бағалаған адам кірмейді. Калибрлеу сессиясы мүшелерінің құрамына бағалаушы адамдар (бағалауы калибрлеу сессиясында қаралуға жататын адамды қоспағанда), сондай-ақ персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қызметкері не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін орындау жүктелген адам кіреді.
Тармақ 20
20. Калибрлеу сессиясы қызметшінің өтініші түскен уақыттан бастап он жұмыс күн ішінде осы Әдістеменің 11-тармағында көзделген тәртіппен өткізіледі.
Тармақ 21
21. Персоналды басқару қызметі калибрлеу сессиясының қызметін ұйымдастырады.
Тармақ 22
22. Калибрлеу сессиясында бағалаушы адам бағаланатын адамның жұмысын қысқаша сипаттайды және өз бағасына дәлел келтіреді. Бағаланатын адам калибрлеу сессиясының мүшелеріне жазбаша немесе ауызша нысанда бағалауға өзінің келіспейтіндігін дәлелдеуге құқылы. Калибрлеу сессиясының мүшелері бағалаушы адамның бағасын қолдауы немесе бағалауға түзетулер енгізу үшін дәлелдер келтіруі мүмкін. Бағалауды түзетулер жоғарылау жағынан да, төмендеу жағынан да енгізілуі мүмкін. Қорытынды баға калибрлеу сессиясы мүшелерінің басым дауысымен қабылданады және тиісті хаттамамен рәсімделеді. Персоналды басқару қызметі хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде оның ақпараттық жүйеге (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) орналастырылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 23
23. Калибрлеу сессиясының нәтижелері бойынша бағалаушы адам бағаланатын қызметшімен кездесу өткізеді және қорытынды бағалау нәтижесі туралы кері байланысты ұсынады. Кездесу кезінде мынадай мәселелер талқыланады: бағаланатын кезеңдегі жетістіктеріне шолу; машықтар мен құзыреттердің дамуына шолу; қызметкердің әлеуетін шолу және мансаптық мақсатын талқылау. Бағалаушы адам кездесу кезінде ашық және достық қалыптағы диалогты қамтамасыз етеді.
Басқа 43
Жетісу облысы әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 1-қосымша Нысан «БЕКІТЕМІН» Жоғары тұрған басшы ___________________________ (тегі, бас әріптер) күні _______________________ қолы ______________________ Құрылымдық бөлімше (мемлекеттік орган) басшысының жеке жұмыс жоспары _________________________________________________ жыл (жеке жоспар құрылатын кезең) Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда): ___________________ Қызметшінің лауазымы: _____________________________________________ Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: _________________________ № р/р НМИ ата­уы «А» кор­пу­сы қыз­ме­ті­ші­сі ке­лі­сі­мі­нің қай көр­сет­кі­ші­нен неме­се мем­ле­кет­тік жос­пар­лау жүй­е­сі­нің құ­жа­ты­нан түй­ін­де­ле­ді Өл­шем бір­лі­гі Жос­пар­лы мәні Қол жет­кі­зу мер­зі­мі Түй­ін­ді нәти­же* 1-тоқ­сан 2-тоқ­сан 3-тоқ­сан 4-тоқ­сан 1-тоқ­сан 2-тоқ­сан 3-тоқ­сан 4-тоқ­сан Ескертпе: нысаналы мақсатты индикаторға қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер.
Басқа 44
Жетісу облысы әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 2-қосымша Нысан НМИ бойынша бағалау парағы ________________________________________________ (бағаланатын адамның Т.А.Ә., лауазымы) _________________________________ (бағаланатын кезең) № р/р НМИ ата­уы Өл­шем бір­лі­гі Жос­пар­лы мәні Нақ­ты мәні 1-тоқ­сан 2-тоқ­сан 3-тоқ­сан 4-тоқ­сан 1-тоқ­сан 2-тоқ­сан 3-тоқ­сан 4-тоқ­сан Кестенің жалғасы НМИ пай­ы­здық іс­ке асуы Ба­ға­лау 1-тоқ­сан 2-тоқ­сан 3-тоқ­сан 4-тоқ­сан 1-тоқ­сан 2-тоқ­сан 3-тоқ­сан 4-тоқ­сан Қорытынды бағалау _______________ НМИ санына бөлінген НМИ бойынша бағалау сомасы Бағалау нәтижесі: ____________ (функционалдық міндеттерін тиімді атқарады, функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады (қанағаттанарлықсыз баға). Қызметшінің бағалау нәтижесі қорытынды бағаның негізінде қойылады Бағаланатын адам ___________________________________ (тегі, бас әріптер) күні_________________________________ қолы________________________________ Бағалайтын адам ________________________________________ (тегі, бас әріптер) күні____________________________________ қолы___________________________________
Басқа 45
Жетісу облысы әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 3-қосымша Нысан Нысаналы мақсатты индикаторды іске асыру пайызына байланысты рұқсат етілетін бағаны анықтау кестесі Ны­са­на­лы мақ­сат­ты ин­ди­ка­тор­ды пай­ы­з­бен және са­ра­лау па­ра­метр­ле­рін іс­ке асы­ру Рұқ­сат еті­л­ген ба­ға­лау ауқы­мы* 100 және одан жо­ға­ры 5 95-99,99 4,75-4,99 90-94,99 4,5-4,74 85-89,99 4,25-4,49 80-84,99 4-4,24 75-79,99 3,75-3,99 70-74,99 3,5-3,74 65-69,99 3,25-3,49 60-64,99 3-3,24 55-59,99 2,75-2,99 50-54,99 2,5-2,74 45-49,99 2,25-2,49 40-44,49 2-2,24 35-39,99 1,75-1,99 30-34,99 1,5-1,74 25-29,99 1,25-1,49 20-24,99 1-1,24 15-19,99 0,75-0,99 10-14,99 0,5-0,74 5-9,99 0,25-0,49 0-4,99 0-0,24 Ескертпе: Бағалау нысаналы мақсатты индикаторды іске асыру пайызына байланысты айқындалады. Бұл ретте рұқсат етілген ауқымда бағалаушы адам өз қалауы бойынша баға қояды.
Басқа 46
Жетісу облысы әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 4-қосымша Нысан Саралау әдісі бойынша бағалау парағы Бағаланатын қызметшінің Т. А.Ә. ____________________________ Бағалайтын қызметшінің (құрылымдық бөлімше/мемлекеттік орган басшысының) Т.А.Ә. _____________________________________________________________________ «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі - бағалау) мақсатында Сізге өз әріптестеріңізді 5 баллдық шкала бойынша саралау әдісімен бағалауды ұсынамыз. Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек. Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет. Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстылығын арттыра аласыз. Па­ра­метр­лер Кри­те­рий­лер Ба­ға­лау (1-ден 5 бал­л­ға дей­ін) Негіз­де­ме 1.Функ­ци­о­нал­дық мін­дет­тер­ді орын­дау са­па­сы* Негіз­дел­ген ес­кер­ту­лер мен ша­ғым­дар­дың бол­мауы 2. Мін­дет­тер­ді орын­дау мер­зім­де­рін сақ­тау Құ­жат­тар­ды, тап­сыр­ма­лар­ды орын­дау мер­зім­де­рі­нің бұ­зыл­мауы 3. Дер­бес­тік және ба­ста­ма­шы­лық. Қыз­мет­ші­нің функ­ци­о­нал­дық мін­дет­те­рін жо­ға­ры дең­гей­де дер­бес орын­дай алуы. Мем­ле­кет­тік ор­ган қыз­ме­ті­нің са­ла­сын же­тіл­ді­ру­ге ба­ғыт­тал­ған ұсы­ны­стар мен пы­сық­тал­ған тә­сіл­дер­де ба­ста­ма­шыл­дық та­ны­ту. Мем­ле­кет­тік ор­ган мін­дет­те­рін орын­да­уда­ғы бел­сен­ді­лі­гі мен қа­ты­суы. 4. Ең­бек тәр­ті­бін сақ­тау Дәлел­ді се­беп­тер­сіз жұ­мыстан ке­шік­пеу, уа­қы­ты­нан бұ­рын жұ­мыстан кет­пеу, тәр­тіп­тік жа­за­сы­ның бол­мауы, қыз­мет­тік әдеп­тің бұ­зыл­мауы. Ор­та­ша қо­ры­тын­ды ба­ға Ескертпе: Орташа қорытынды бағаны есептеу үшін қойылған бағалар сомасын бағаланатын параметрлер санына бөлу керек. Бағалау нәтижесі: ____________ (функционалдық міндеттерін тиімді атқарады, функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады (қанағаттанарлықсыз баға). Қызметшінің бағалау нәтижесі орташа қорытынды бағаның негізінде қойылады. Қойылған бағаға негіздеме ___________________
Басқа 47
Жетісу облысы әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 5-қосымша Нысан Құрылымдық бөлімшелер басшыларының 360 әдісімен бағалау парағы Құрылымдық бөлімше басшысының Т. А.Ә___________________ Құрметті респондент! «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) мақсатында Сіздерге өз әріптестеріңізді 360 әдісімен бағалауды ұсынамыз. Ескертпе: 360 әдісі - бағаланатын адамның жұмыс ортасындағы адамдар тобынан сұрау арқылы бағаланатын адамда талап етілетін құзыреттердің болуын анықтауға бағытталған бағалау әдісі. Бұл әдіс Сіздің әріптесіңізге өзінің күшті және әлсіз жақтарын жақсы түсінуге, одан әрі өсу мен даму әлеуетін көруге көмектеседі. Жауаптар бағанында жауаптың ұсынылған нұсқаларының бірін көрсету қажет (құзырет көрінбейді; құзырет сирек көрінеді; құзырет жағдайлардың жартысында көрінеді; құзырет көп жағдайда көрінеді; құзырет әрқашан көрінеді). Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек. Жасырындылыққа кепілдік беріледі. Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет. Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстығын арттыра аласыз. № р/р Құ­зы­рет­тер­дің ата­уы Құ­зы­рет­тер бой­ын­ша сұ­рақ­тар Жа­у­ап­тар 1 Қыз­мет­ті бас­қа­ру Стра­те­ги­я­лық мақ­сат­тар­ға сәй­кес нақ­ты мін­дет­тер қо­яды және тап­сыр­ма­лар бе­ре­ді Бө­лім­ше­нің қой­ы­л­ған мін­дет­тер­ді са­па­лы және уақ­ты­лы орын­да­уы­на ұжым­ды ба­ғыт­тай­ды және жағ­дай жа­сай­ды Ба­сым­дық бе­ре оты­рып, бө­лім­ше­нің жұ­мысын ти­ім­ді ұй­ым­да­сты­ра­ды Қыз­мет­ті бас­қа­ру бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға 2 Ти­ім­ді ком­му­ни­ка­ци­я­лар­ды құ­ру Өз қыз­ме­тін әріп­те­сте­рі­мен үй­ле­сті­ре ала­ды, ком­му­ни­ка­ци­я­лар­ға ашық, іс­кер­лік ын­ты­мақ­та­стық­қа дай­ын­дық та­ны­та­ды, қа­жет болған жағ­дай­да әріп­те­сте­ріне кө­мек­те­се­ді Жан­жал­дар­ды ор­тақ іс үшін пай­да­мен ше­ше ала­ды, бұл рет­те өз көз­қа­ра­сын дәлел­ді жет­кі­зе­ді және әріп­те­сте­рі­нің пі­кі­рін ес­ке­ре­ді Мүд­де­лі та­рап­тар­мен топ­тың/ко­ман­да­ның / ти­ім­ді жұ­мысын құ­ра­ды Ти­ім­ді ком­му­ни­ка­ци­я­лар­ды құ­ру бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға 3 Әдеп нор­ма­ла­ры мен қа­ғи­да­ла­рын ұста­ну Әдеп ко­дек­сіне сәй­кес бар­лық жағ­дай­лар­да әдеп мі­нез-құлық ере­же­ле­рін қа­таң сақ­тай­ды Па­ра­сат­ты­лық, шы­най­ы­лық, ті­лек­те­стік, әріп­те­сте­рі мен мүд­де­лі та­рап­тар­ға сый­ла­стық қа­ғи­дат­та­рын ұста­на­ды Күй­зе­лі­стік жағ­дай­да өзін ұстай ала­ды, ше­шім із­дей­ді және та­ба­ды Әдеп нор­ма­ла­ры мен қа­ғи­да­ла­рын ұста­ну бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға 4 Өзге­рі­стер­ді бас­қа­ру Ұй­ым­да­ғы өзге­рі­стер­ге оң көз­қа­рас­пен қа­рай­ды Өзгер­ген жағ­дай­ға сәй­кес өз әре­кет­те­рі­нің так­ти­ка­сын бей­ім­дей­ді, сәт­сіз­дік­тің се­беп­те­рін тал­дай­ды және тә­сіл­дер­ді неме­се стра­те­ги­я­ны өзгер­те­ді Қыз­мет­кер­лер­дің ба­ста­ма­ла­рын қол­дай­ды және кө­тер­ме­лей­ді Өзге­рі­стер­ді бас­қа­ру бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға 5 Нәти­же­ге бей­ім­де­лу Күр­де­лі мақ­сат­тар қой­ып, олар­ға қол жет­кі­зе­ді Тап­сыр­ма­лар­ды орын­дау үшін қо­сым­ша күш са­ла­ды Нәти­же­ге қол жет­кі­зу үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті өзіне ала­ды Нәти­же­ге бағ­дар бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға 6 Дер­бес­тік және ше­шім қа­был­дау дағ­ды­ла­ры Мүм­кін­дік­тер­ді, тәу­е­кел­дер­ді тал­дай ала­ды, сон­дай-ақ ре­сур­стар­ды есеп­тей және жос­пар­лай ала­ды Бел­гі­сіз­дік жағ­дай­ын­да ти­ім­ді әре­кет ете ала­ды Ық­ти­мал тәу­е­кел­дер­ді ес­ке­ре оты­рып, мә­се­ле­лер­ді ше­шу­дің бір­не­ше нұс­қа­сын ұсы­на­ды Дер­бес­тік және ше­шім қа­был­дау дағ­ды­ла­ры бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға 7 Ко­ман­да­ны бас­қа­ру Еш­қа­шан адам­дар­ға тәу­ел­ді емес, әр­қа­шан же­ке ұна­ту неме­се ұнат­па­удан аулақ бо­ла ала­ды Өза­ра әре­кет­те­су және ын­та­лан­ды­ру ке­зін­де ба­ғы­ны­шты­ның да­ра­лы­ғын анық­тай және ес­ке­ре ала­ды Ко­ман­да­ны ша­быт­тан­ды­ра және ын­та­лан­ды­ра ала­ды Ко­ман­да­ны бас­қа­ру бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға 8 Көш­бас­шы­лық қа­си­ет­тер Ын­та мен та­лант­ты, өз-өзіне де­ген се­нім­ді көр­се­те­ді Ха­риз­ма­ти­ка­лық тұл­ға, ба­ғы­ны­шты­лар­ды ын­та­лан­ды­ру үшін өзі­нің тұ­лға­лық кү­шін пай­да­ла­на­ды Қыз­мет­кер­лер­ді ын­та­лан­ды­ру­ға дай­ын, кө­тер­ме­леу мен сө­гіс ара­қа­ты­на­сын са­у­ат­ты таң­дай­ды Көш­бас­шы­лық қа­си­ет­тер бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға 9 Ын­ты­мақ­та­стық Құ­зы­ре­ті ше­гін­де қыз­мет­кер­лер­ді мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­мен және ұй­ым­дар­мен өза­ра ти­ім­ді іс-қи­мыл жа­са­у­ға бағ­дар­лай­ды Қой­ы­л­ған мін­дет­тер­ге қол жет­кі­зу үшін әр­бір қыз­мет­кер­дің әле­уе­тін пай­да­ла­на­ды Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі­мен бір­ле­сіп жос­пар­лар­ды іс­ке асы­ра­ды және ор­тақ нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зе­ді Ын­ты­мақ­та­стық бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға­лау 10 Же­дел­ді­лік Ұжым­ға жа­ңа ба­сым­дық­тар­ды уақ­ты­лы жет­кі­зе­ді Өзге­рі­стер­ге уақ­ты­лы әре­кет ету үшін ти­ім­ді ша­ра­лар­ды әзір­лей­ді Бө­лім­ше­ні ти­ім­ді бас­қа­рып, іш­кі және сырт­қы өзге­рі­стер ке­зін­де нәти­же­ге қол жет­кі­зе­ді Же­дел­ді­лік бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға 11 Өзін өзі да­мы­ту Пер­спек­тив­ті қыз­мет­кер­лер­ді анық­тай­ды және олар­ды жы­л­жы­ту бой­ын­ша ұсы­ны­стар ен­гі­зе­ді Қыз­мет­кер­лер­ді да­мы­ту бой­ын­ша жүй­е­лі ша­ра­лар қа­был­дай­ды Өз мы­са­лын­да өзін-өзі да­мы­ту­ға де­ген ұм­ты­лы­сты көр­се­те­ді Өзін-өзі да­мы­ту бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға 12 Ба­ста­ма­шы­лық Қыз­мет­тің ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру­ға ба­ғыт­тал­ған ин­но­ва­ци­я­лық тә­сіл­дер мен ше­шім­дер­ді ен­гі­зу жө­нін­де­гі ұсы­ны­стар­ды қа­рай­ды және әзір­лей­ді Қыз­мет­тің ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру­ға ба­ғыт­тал­ған ин­но­ва­ци­я­лық тә­сіл­дер мен ше­шім­дер­ді ен­гі­зу бой­ын­ша ұсы­ны­стар­ды тал­дай­ды және ен­гі­зе­ді Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның қыз­ме­тін же­тіл­ді­ру үшін жо­ба­лар­ға ба­ста­ма­шы­лық ете­ді Ба­ста­ма­шы­лық бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға­лау Жауаптар бағанында жауаптың ұсынылған нұсқаларының бірі көрсетіледі: құзырет көрінбейді; құзырет сирек көрінеді; құзырет жағдайлардың жартысында көрінеді; құзырет көп жағдайда көрінеді; құзырет әрқашан көрінеді. Орташа баға баллдарды қосу және әр құзырет бойынша респонденттердің жауаптарының санына бөлу арқылы автоматты режимде есептеледі.
Басқа 48
Жетісу облысы әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 6-қосымша Нысан «Б» корпусы қызметшілерін 360 әдісімен бағалау парағы Бағаланатын қызметкердің Т.А.Ә ______________________________ Құрметті респондент! «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) мақсатында Сіздерге өз әріптестеріңізді 360 әдісімен бағалауды ұсынамыз. Ескертпе: 360 әдісі - бағаланатын адамның жұмыс ортасындағы адамдар тобынан сұрау арқылы бағаланатын адамда талап етілетін құзыреттердің болуын анықтауға бағытталған бағалау әдісі. Бұл әдіс Сіздің әріптесіңізге өзінің күшті және әлсіз жақтарын жақсы түсінуге, одан әрі өсу мен даму әлеуетін көруге көмектеседі. Жауаптар бағанында жауаптың ұсынылған нұсқаларының бірін көрсету қажет (құзырет көрінбейді; құзырет сирек көрінеді; құзырет жағдайлардың жартысында көрінеді; құзырет көп жағдайда көрінеді; құзырет әрқашан көрінеді). Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек. Жасырындылыққа кепілдік беріледі. Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет. Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстығын арттыра аласыз. № р/р Құ­зы­рет­тер­дің ата­уы Құ­зы­рет­тер бой­ын­ша сұ­рақ­тар Жа­у­ап­тар 1 Ти­ім­ді ком­му­ни­ка­ци­я­лар құ­ру Өз қыз­ме­тін әріп­те­сте­рі­мен үй­ле­сті­ре ала­ды, ком­му­ни­ка­ци­я­лар­ға ашық, іс­кер­лік ын­ты­мақ­та­стық­қа дай­ын­дық та­ны­та­ды, қа­жет болған жағ­дай­да әріп­те­сте­ріне кө­мек­те­се­ді Жан­жал­дар­ды ор­тақ іс үшін пай­да­мен ше­ше ала­ды, бұл рет­те өз көз­қа­ра­сын дәлел­ді жет­кі­зе­ді және әріп­те­сте­рі­нің пі­кі­рін ес­ке­ре­ді Мүд­де­лі та­рап­тар­мен топ­тың/ко­ман­да­ның / ти­ім­ді жұ­мысын құ­ра­ды Ти­ім­ді ком­му­ни­ка­ци­я­лар­ды құ­ру бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға 2 Әдеп нор­ма­ла­рын және қа­ғи­да­ла­рын ұста­ну Әдеп ко­дек­сіне сәй­кес бар­лық жағ­дай­лар­да әдеп мі­нез-құлық ере­же­ле­рін қа­таң сақ­тай­ды Па­ра­сат­ты­лық, шы­най­ы­лық, ті­лек­те­стік, әріп­те­стер мен мүд­де­лі та­рап­тар­ға сый­ла­стық қа­ғи­дат­та­рын ұста­на­ды Күй­зе­лі­стік жағ­дай­да өзін ұстай ала­ды, ше­шім із­дей­ді және та­ба­ды Әдеп нор­ма­ла­рын және қа­ғи­да­ла­рын ұста­ну бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға 3 Өзге­рі­стер­ді бас­қа­ру Ұй­ым­да­ғы өзге­рі­стер­ге оң көз­қа­рас­пен қа­рай­ды Өзгер­ген жағ­дай­ға сәй­кес өз әре­кет­те­рі­нің так­ти­ка­сын бей­ім­дей­ді, сәт­сіз­дік­тің се­беп­те­рін тал­дай­ды және тә­сіл­дер­ді неме­се стра­те­ги­я­ны өзгер­те­ді Қыз­мет­кер­лер­дің ба­ста­ма­ла­рын қол­дай­ды және кө­тер­ме­лей­ді Өзге­рі­стер­ді бас­қа­ру бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға 4 Нәти­же­ге бей­ім­де­лу Күр­де­лі мақ­сат­тар қой­ып, олар­ға қол жет­кі­зе­ді Тап­сыр­ма­лар­ды орын­дау үшін қо­сым­ша күш са­ла­ды Нәти­же­ге қол жет­кі­зу үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті өзіне ала­ды Нәти­же­ге бей­ім­де­лу бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға 5 Дер­бес­тік және ше­шім қа­был­дау дағ­ды­ла­ры Мүм­кін­дік­тер­ді, тәу­е­кел­дер­ді тал­дай ала­ды, сон­дай-ақ ре­сур­стар­ды есеп­тей және жос­пар­лай ала­ды Бел­гі­сіз­дік жағ­дай­ын­да ти­ім­ді әре­кет ете ала­ды Ық­ти­мал тәу­е­кел­дер­ді ес­ке­ре оты­рып, мә­се­ле­лер­ді ше­шу­дің бір­не­ше нұс­қа­сын ұсы­на­ды Дер­бес­тік және ше­шім қа­был­дау дағ­ды­ла­ры бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға 6 Ын­ты­мақ­та­стық Құ­зы­ре­ті ше­гін­де қыз­мет­кер­лер­ді мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­мен және ұй­ым­дар­мен ти­ім­ді өза­ра іс-қи­мыл жа­са­у­ға бағ­дар­лай­ды Қой­ы­л­ған мін­дет­тер­ге қол жет­кі­зу үшін әр­бір қыз­мет­кер­дің әле­уе­тін пай­да­ла­на­ды Бас­қа бө­лім­ше­лер­мен бір­ле­сіп жос­пар­лар­ды іс­ке асы­ра­ды және ор­тақ нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зе­ді Ын­ты­мақ­та­стық бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға 7 Же­дел­ді­лік Жұ­мысты жақ­сар­ту бой­ын­ша ұсы­ны­стар ен­гі­зе­ді Жа­ңа тә­сіл­де­рі және олар­ды ен­гі­зу әді­сте­рін зер­де­лей­ді Өзге­ре­тін жағ­дай­лар­ға тез бей­ім­де­ле­ді Же­дел­ді­лік бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға 8 Өзін өзі да­мы­ту Жа­ңа бі­лім мен тех­но­ло­ги­я­лар­ға қызығ­у­шы­лық та­ны­та­ды Өзін-өзі да­мы­ту­ға ұм­ты­ла­ды, жа­ңа ақ­па­рат пен оны қол­да­ну тә­сіл­де­рін із­дей­ді Ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін жа­ңа дағ­ды­лар­ды іс жү­зін­де қол­да­на­ды Өзін өзі да­мы­ту бой­ын­ша ор­та­ша ба­ға Жауаптар бағанында жауаптың ұсынылған нұсқаларының бірі көрсетіледі: құзырет көрінбейді; құзырет сирек көрінеді; құзырет жағдайлардың жартысында көрінеді; құзырет көп жағдайда көрінеді; құзырет әрқашан көрінеді. Орташа баға баллдарды қосу және әр құзырет бойынша респонденттердің жауаптарының санына бөлу арқылы автоматты режимде есептеледі.
Басқа 49
Жетісу облысы әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 7-қосымша Нысан Қызметшіні 360 әдісімен бағалау нәтижесі (құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін) Құрылымдық бөлімше басшысының Т. А.Ә. _________________ № Құ­зы­рет Құ­зы­рет­тер бой­ын­ша ор­та­ша қо­ры­тын­ды ба­ға Па­у­тин­ка 1 Қыз­мет­ті бас­қа­ру 2 Ти­ім­ді ком­му­ни­ка­ци­я­лар­ды құ­ру 3 Әдеп нор­ма­ла­ры мен қа­ғи­да­ла­рын ұста­ну 4 Өзге­рі­стер­ді бас­қа­ру 5 Нәти­же­ге бағ­дар­ла­ну 6 Дер­бес­тік және ше­шім­дер­ді қа­был­дау дағ­ды­ла­ры 7 Топ­ты бас­қа­ру 8 Көш­бас­шы­лық қа­си­ет­тер 9 Ын­ты­мақ­та­стық 10 Же­дел­ді­лік 11 Өзін-өзі да­мы­ту 12 Ба­ста­ма­шыл­дық Әрбір құзырет бойынша бағалаудың орташа қорытынды нәтижелерін есептеу автоматты режимде әрбір респонденттің баллдарын қосу және респонденттердің санына бөлу (өзін-өзі бағалаудан басқа) арқылы жүзеге асырылады. Бағалау нәтижесі: _______________________________
Басқа 50
Жетісу облысы әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 8-қосымша Нысан Қызметшіні 360 градус әдісімен бағалау нәтижелері («Б» корпусының қызметшілері үшін) Бағаланатын қызметшінің Т. А.Ә.__________________________ № Құ­зы­рет Құ­зы­рет­тер бой­ын­ша ор­та­ша қо­ры­тын­ды ба­ға Па­у­тин­ка 1 Ти­ім­ді ком­му­ни­ка­ци­я­лар құ­ру 2 Әдеп нор­ма­ла­ры мен қа­ғи­да­ла­рын ұста­ну 3 Өзге­рі­стер­ді бас­қа­ру 4 Нәти­же­ге бағ­дар­ла­ну 5 Дер­бес­тік және ше­шім қа­был­дау дағ­ды­ла­ры 6 Ын­ты­мақ­та­стық 7 Же­дел­ді­лік 8 Өзін-өзі да­мы­ту Әрбір құзырет бойынша бағалаудың орташа қорытынды нәтижелерін есептеу автоматты режимде әрбір респонденттің баллдарын қосу және респонденттердің санына бөлу (өзін-өзі бағалаудан басқа) арқылы жүзеге асырылады. Бағалау нәтижесі: ______________________________
Басқа 51
Жетісу облысы әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 9-қосымша Нысан «БЕКІТЕМІН» Жоғары тұрған басшы ___________________________ (тегі, бас әріптер) күні _______________________ қолы ______________________ «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары __________________________________ жыл (жеке жоспар құрастырылатын кезең) Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) ________________ Қызметшінің лауазымы: ___________________________________________ Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: _______________________ № п/п Ны­са­на­лы мақ­сат­ты ин­ди­ка­тор­лар­дың ата­уы "А" кор­пу­сы қыз­ме­ті­ші­сі ке­лі­сі­мі­нің қай көр­сет­кі­ші­нен неме­се мем­ле­кет­тік жос­пар­лау жүй­е­сі­нің құ­жа­ты­нан түй­ін­де­ле­ді Өл­шем бір­лі­гі Жос­пар­лы мәні Қол жет­кі­зу мер­зім­де­рі Түй­ін­ді нәти­же* * Нысаналы мақсатты индикатор қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер Қызметші ___________________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) күні _______________________ қолы ____________________ Тікелей басшы ___________________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) күні _______________________ қолы ____________________
Басқа 52
Жетісу облысы әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 10-қосымша Нысан «БЕКІТЕМІН» Жоғары тұрған басшы ___________________________ (тегі, бас әріптер) күні _______________________ қолы ______________________ НМИ бойынша бағалау парағы ____________________________________________ (Т.А.Ә.,бағаланатын тұлғаның лауазымы) ____________________________________ (бағаланатын кезең) № п/п Ны­са­на­лы мақ­сат­ты ин­ди­ка­тор­лар­дың ата­уы Өл­шем бір­лі­гі Жос­пар­лы мәні Нақ­ты мәні Көр­сет­кіш­ке қол жет­ті/көр­сет­кіш­ке қол жет­пе­ді Бағалау нәтижесі ________________________________________________ (қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы) Қызметші ___________________________ (тегі, аты-жөні) күні _______________________ қолы ______________________ Тікелей басшы _________________________ (тегі, аты-жөні) күні ____________________ қолы ___________________
Басқа 53
Жетісу облысы әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 11-қосымша Нысан «БЕКІТЕМІН» Жоғары тұрған басшы ___________________________ (тегі, бас әріптер) күні _______________________ қолы ______________________ Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы ____________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы) ____________________________________________________________________ бағалау мерзімі жыл) Бағалау нәтижелері № р/с Қыз­мет­ші­лер­дің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да) Ба­ға­лау нәти­же­ле­рі ту­ра­лы мә­лі­мет Ба­ға­лау нәти­же­ле­рі ко­мис­си­я­мен тү­зе­ті­луі (бар болған жағ­дай­да) Ко­мис­си­я­ның ұсы­ны­ста­ры 1. 2. ... Комиссия қорытындысы: ____________________________________ Тексерілді: Комиссияның хатшысы: _________________________ Күні: ________________ (тегі, аты-жөні, қолы) Комиссияның төрағасы: _________________________ Күні: ________________ (тегі, аты-жөні, қолы) Комиссияның мүшесі: __________________________ Күні: _________________ (тегі, аты-жөні, қолы)