Об утверждении Правил выпуска государственных ценных бумаг в национальной валюте для обращения на площадке Международного финансового центра «Астана» местным исполнительным органом города республиканского значения с особым статусом, определенным законодательным актом Республики Казахстан, для финансирования «зеленых» проектов в рамках реализации целей устойчивого развития Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде «жасыл» жобаларды қаржыландыру үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында айналысқа түсетін ұлттық валютадағы мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі 212-бабының 1-1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде «жасыл» жобаларды қаржыландыру үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында айналысқа түсетін ұлттық валютадағы мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруы қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде «жасыл» жобаларды қаржыландыру үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында айналысқа түсетін ұлттық валютадағы мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде «жасыл» жобаларды қаржыландыру үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында айналысқа түсетін ұлттық валютадағы мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде «жасыл» жобаларды қаржыландыру үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында айналысқа түсетін ұлттық валютадағы мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 1-1 тармағына сәйкес әзірленді және орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде «жасыл» жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында айналысқа түсетін ұлттық валютадағы мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – орталық) – қаржы саласында ерекше құқықтық режим қолданылатын, Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын дәл белгіленген шекаралары бар Астана қаласының шегіндегі аумақ;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздар – Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде «жасыл» жобаларды қаржыландыру үшін орталық алаңында айналыс түсетін орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес эмиссиялайтын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;
Тармақша 3
3) бағалы қағаздар шығарылымы – эмитенттің азаматтық құқықтары объектісі ретінде эмиссиялық бағалы қағаздардың пайда болуына немесе орналастырылуы, айналысқа түсуі және өтелуі осы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын белгілі бір бағалы қағаздардың жиынтығына бағыттталған іс-әрекеттер.
Тармақша 4
4) депозитарий қағидалары – депозитарийдің ішкі құжаты, оның негізінде депозитарий бағалы қағаздарға қызмет көрсетуді және өтеуді жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) «жасыл» жобалар – бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қолданыстағы табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарларын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобалар.
Тармақша 6
6) қор биржасының депозитарийі (бұдан әрі – депозитарий) – орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген, депозитарлық есеп айырысу қызметін және орталық аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 7
7) қор биржасының қағидалары – орталық қор биржасының ішкі құжаты оның негізінде эмитент бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) Орталықтың қор биржасы (бұдан әрі – қор биржасы) – орталықта қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 9
9) Орталық актісі – орталық органы қабылдаған, орталыққа қатысушылар және (немесе) орталық органдары және (немесе) олардың қызметкерлері арасында туындайтын қатынастарды реттейтін ресми құжат;
Тармақша 10
10) орналастыру жөніндегі агент – орталықтың қолданыстағы құқығына, қор биржасының қағидаларына сәйкес брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және айналықа түсіру бойынша эмитентке қызметтер көрсететін бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;
Тармақша 11
11) тіркеуші – орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген, тіркеушінің қағидаларына, сондай-ақ эмитентпен жасалған келісімнің талаптарына сәйкес эмитенттің бағалы қағаздарын және бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 12
12) тіркеушінің қағидалары – тіркеушінің ішкі құжаты, оған сәйкес тіркеуші эмитенттің бағалы қағаздарын және олар бойынша құқықтарды есепке алуды жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) эмитент – Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;
Тарау 2. 2-тарау. Бағалы қағаздарды шығару тәртібі
2-тарау. Бағалы қағаздарды шығару тәртібі
Тармақ 3
3. Эмитент бағалы қағаздарды құжатсыз нысанда шығарады. Тіркеуші бағалы қағаздарды есепке алуды және сақтауды тіркеуші қағидалары және тіркеушінің қызметтерін көрсету туралы эмитентпен жасалған келісімнің негізінде жүзеге асырады. Егер депозитарийдің қызметтерді көрсетуі шығарылым шарттарында көзделсе, депозитарий бағалы қағаздарға қатысты эмитентке кастодиандық және депозитарлық-есеп айырысу қызметтерін көрсетуді депозитарий қағидаларына сәйкес жүзеге асыра алады.
Тармақ 4
4. Орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес әрбір шығарылымның Қазақстан Республикасының орталық депозитарийі беретін халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN) болады.
Тармақ 5
5. Эмитент бағалы қағаздарды аукцион өткізу, қосымша орналастыру, жазылым жүргізу және Орталықтың актілерінде және қор биржасының қағидаларында белгіленген басқа да тәсілдермен орналастырады.
Тармақ 6
6. Эмитент бағалы қағаздар шығарылымның жүзеге асыру кезінде орналастыру жөніндегі агентті тарта алады.
Тармақ 7
7. Бағалы қағаздар шығарылымының нысаналы мақсаты орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде «жасыл» жобаларды қаржыландыру болып табылады.
Тармақ 8
8. Бағалы қағаздарды орналастыру, есепке алу, оларға қызмет көрсету, айналысқа түсіру және өтеу тәсілдерінің шарттары мен рәсімдері бағалы қағаздарды шығару шарттарымен, қор биржасының қағидаларымен, тіркеушінің қағидаларымен, депозитарийдің қағидаларымен, сондай-ақ Орталықтың актілерімен белгіленеді.
Тармақ 9
9. Бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеу бағалы қағаздарды шығару шарттарымен белгіленген күндері жүргізіледі. Сыйақының соңғы төлемі, егер бағалы қағаздарды шығару шарттарында өзгеше мерзім көзделмесе, бағалы қағаздарды өтеу күнімен сәйкес келеді. Егер бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеу күні жұмыс істемейтін күнге сәйкес келетін болса, онда төлем жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Бағалы қағаздарды өтеу номиналды құны бойынша өтеу күнінде жүргізіледі. Егер бағалы қағаздардың номиналды құнын өтеу күні жұмыс істемейтін күнге сәйкес келсе, онда өтеу жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Эмитент бағалы қағаздарды ішінара мерзімінен бұрын немесе толық мерзімінен бұрын өтей алады, сондай-ақ бағалы қағаздарды шығару шарттарына сәйкес кері сатып алуды жүзеге асыра алады.
Тармақ 12
12. Бағалы қағаздарды өтеу және оларға қызмет көрсету тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Эмитент бағалы қағаздарды өтегеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға бағалы қағаздарды өтеу туралы депозитарий мәліметтерінің көшірмесін және жүргізілген өтеуді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Тармақ 14
14. Бағалы қағаздар борыштық эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады, егер бағалы қағаздар шығару шарттарымен өзгеше құн айқындалмаса, олардың әрқайсысының номиналды құны 1 000 (бір мың) теңгені құрайды.
Тармақ 15
15. Бағалы қағаздар бойынша купон сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы есеп айырысу айында 30 (отыз) күн, есеп айырысу жылында 360 (үш жүз) алпыс күн.
Тармақ 16
16. Егер бағалы қағаздарды шығару шарттарында өзгеше мерзім көзделмесе, бағалы қағаздар айналыс мерзімі бір жылдан асатын мерзімге шығарылады.
Тармақ 17
17. Бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу номиналды құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде орналастыру кезінде купон деп аталатын белгілі бір сыйақы төленеді.
Тармақ 18
18. Егер бағалы қағаздарды шығару шарттарында ктөлемнің өзгеше шарттары өзделмесе, бағалы қағаздар бойынша купонды төлеу, , эмитент белгілеген күндері бағалы қағаздар айналысының тиісті жылы жылына бір рет жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Егер шығару шарттарында өзгеше көзделмесе, бағалы қағаздар купонының сомасы мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
S=N*C
мұндағы:
S, теңге – кезекті төлеуге жататын бағалы қағаздар купонының сомасы;
N, теңге – сыйақысы кезекті төленуге жататын бағалы қағаздардың тиісті санының номиналды құнының сомасы;
С, % – купон мөлшерлемесі.