Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории Алакольского района Күшін жойған
Басқа 0
Алакөл ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы
табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағының 2-тармақшасына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, 2023 жылғы 4 сәуірдегі Алакөл ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссия отырысының №3 хаттамасы негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Алакөл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Д.О.Қанағатов тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.