Об утверждении Правил обеспечения возвратности денег собственниками квартир, нежилых помещений, связанных с ремонтом и заменой лифтов, капитальным ремонтом многоквартирного жилого дома в городе Семей Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Семей қаласында пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің, көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31- бабы 1- тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Семей қаласында пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін
Тармақ 2
2. «Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының оның ресми жарияланғанынан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Семей қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Семей қаласындағы пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидалары
Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 262 қаулысымен бекітілген Семей қаласындағы пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Семей қаласындағы пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-3 – бабы, 2-тармағының 11) тармақшасына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және Семей қаласындағы пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
басқарушы компания - кондоминиум объектісін басқарудың жасалған шартының немесе көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй - жайлары меншік иелерінің жиналысы хаттамасының негізінде кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсететін кәсіпкерлік субъектісі;
Тармақша 2
дауыс беру - пәтерлердің, тұрғын емес үй - жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқаруға байланысты мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін дауыстарды санау арқылы өз пікірлерін білдіретін рәсім;
Тармақша 3
пәтерлер (тұрғын емес үй - жайлар) меншік иелерінің кооперативі - кондоминиум объектісін басқарудың жасалған шартының немесе көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы хаттамасының негізінде кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсету үшін пәтерлердің, тұрғын емес үй - жайлардың меншік иелері құрған коммерциялық емес ұйым;
Тармақша 4
4) көппәтерлі тұрғын үй кеңесі (бұдан әрі –үй кеңесі) – пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері қатарынан сайланатын кондоминиум объектісін алқалы басқару органы;
Тармақша 5
көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі - жиналыс) - кондоминиум объектісін басқаруға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауды және (немесе) қабылдауды қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы;
Тармақша 6
6) тұрғынжайдың жалпы алаңы - тұрғынжайдың пайдалы алаңының және нормативтік-техникалық актілерге сәйкес төмендететін коэффициенттер қолданылып есептелетін балкондар (лоджиялар, дәліздер, террассалар) алаңдарының жиынтығы;
Тармақша 7
7) тұрғын үйдің табиғи тозуы – табиғи, климаттық және өзге де факторлар әсерінің нәтижесінде бастапқы техникалық-пайдаланушылық қасиеттерін (төзімділігін, орнықтылығын, беріктігін және басқаларды) жоғалту;
Тармақша 8
8) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы - бүкіл тұрғын үйдің жалпы алаңы мен бүкіл тұрғын емес үй-жайлар алаңының, сондай-ақ тұрғын үйдің ортақ мүлік болып табылатын бөліктері алаңының жиынтығы;
Тармақша 9
9) үйге ортақ инженерлік жүйелер – көппәтерлі тұрғын үйде пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың шегінен тыс жердегі немесе ішіндегі және екі және одан көп пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, орынтұрақ орнына, қоймаға қызмет көрсететін суық және ыстық сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, түтін жою, өрт дабылы, ішкі өртке қарсы су құбыры, жүк және жолаушы лифтілері (көтергіштер), қоқыс әкету, ауабаптау, желдету, жылуды реттеу және вакуумдау жүйелері, тогы әлсіз инженерлік жүйелер;
Тармақша 10
10) кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
Тармақша 11
11) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, кіреберіс жерлердегі қорғауыштар (қалқалар,) шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);
Тармақша 12
12) көппәтерлі тұрғын үй кондоминиумы (бұдан әрі – кондоминиум) – Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тіркелген меншік нысаны, бұл ретте пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар дара (бөлек) меншікте болады, ал дара (бөлек) меншікте емес бөліктер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады;
Тармақша 13
13) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу – көппәтерлі тұрғын үй ресурсын қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің тозған конструкцияларын, бөлшектерін және инженерлік жабдықтарын жаңа немесе анағұрлым мықты және үнемді, жөнделетін объектілердің пайдалану көрсеткіштерін жақсартатын түрлеріне ауыстыру жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстар кешені;
Тармақша 14
Тармақша 15
15) көппәтерлі тұрғын үй – ортақ үлестік меншік болып табылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және көппәтерлі тұрғын үйге іргелес жатқан жер учаскесіне не кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің өзге де бөліктеріне дербес шығатын жерлері бар екі және одан көп пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан тұратын, біртұтас бөлінбейтін жер учаскесінде біртұтас іргетасы бар жеке тұрған ғимарат;
Тармақша 16
16) көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі (бұдан әрі – мүліктің меншік иелері бірлестігі) – коммерциялық емес ұйым болып табылатын, бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға;
Тармақша 17
жинақтаушы жарналар - пәтерлер, тұрғын емес үй - жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген бөліктерін күрделі жөндеуге арналған ай сайынғы міндетті жарналары;
Тармақ 3
Осы Қағидалар Семей қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, реконструкциялау, қабырғаларын, шатырларын ағымдағы және күрделі жөндеу шараларына бөлінген, жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын қаржыландыруға қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарға қатысады және Заңда көзделген міндеттерді атқарады.
Тармақ 5
5. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді қоса алғанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
Тарау 2. 2-тарау. Семей қаласында пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету тәртібі мен шарттары
2-тарау. Семей қаласында пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету тәртібі мен шарттары
Тармақ 6
6. «Семей каласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ТҚ және ТИ бөлімі) жергілікті бюджет қаражаты есебінен жөндеуге және ауыстыруға жататын лифтілердің, сондай-ақ күрделі жөндеуге жататын көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін қалыптастыру үшін пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жиналысына бастамашылық жасайды.
Тармақ 7
7. Көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста кондоминиуман объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты мәселелерді қарайды және шешімдер қабылдайды. Пәтер иелерінің, тұрғын емес үй-жайлардың жиналысы Заңның 42 тармағымен белгіленген тәртіпке сәйкес өткізіледі. Жиналыс қабылдаған шешімдер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың барлық меншік иелері үшін міндетті болып табылады. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері белгіленген тәртіппен көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеу, жергілікті бюджет қаражаты есебінен лифтілерді жөндеу және ауыстыру туралы оң шешім қабылдаған кезде, егер қатысу сәтінде басқару органы (басқару нысаны) таңдалмаса, көппәтерлі тұрғын үйді немесе басқару субъектісі басқару органын сайлайды.
Тармақ 8
8. Жиналыста шешім қабылдау үшін пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің қажетті кворумы болмаған жағдайда жазбаша сауалнама жүргізіледі. Жазбаша сауалнама жиналыс жарияланған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Жазбаша сауалнама жүргізу және дауыс беруді ұйымдастыру туралы шешімді Үй кеңесі немесе тұрғындардың бастамашыл тобы жүзеге асырады. Жазбаша сауалнама жүргізу тәртібі Заңның 42-тармағымен сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Лифтілерді жөндеуді және ауыстыруды, тұрғын үйді күрделі жөндеуді талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің бекітілген тізбесі негізінде оң шешім қабылданған жағдайда ТҚ және ТИ бөлімі:
Тармақша 1
1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық тексеру жүргізеді;
Тармақша 2
2) лифтілерді жөндеуге сметалық есепті әзірлеу немесе көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге (лифтілерді ауыстыруға) жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, кейіннен жергілікті бюджет қаражаты есебінен тиісті жобалар бойынша сараптамалық қорытынды алады;
Тармақша 3
3) көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлері мен тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың (олар болған жағдайда) меншік иелерін жоспарланатын жұмыстар және оларды өткізудің болжамды мерзімдері туралы хабардар етеді;
Тармақша 4
4) орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады.
Тармақ 10
Тарау 3. 3-тарау. Көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты іс-шараларды жүргізу тәртібі
3-тарау. Көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты іс-шараларды жүргізу тәртібі
Тармақ 11
11. Бағдарлама әкімшісі бөлімі үйдің (лифтілердің) техникалық жай-күйін тексеру қорытындысы бойынша көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінің жиналысын ұйымдастырады.
Тармақ 12
12. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері:
Тармақша 1
1) лифтілерді жөндеуге арналған сметалық құжаттаманы келіседі;
Тармақша 2
2) көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуге, лифтілерді ауыстыруға жобалық-сметалық құжаттаманы келіседі;
Тармақша 3
3) көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуге, лифтілерді жөндеуге (ауыстыруға) арналған шығыстар сомасын бекітеді;
Тармақша 4
4) ақшалай қаражатты қайтару тәртібі мен мерзімдерін келіседі. Жүргізілген күрделі жөндеу үшін қаражатты қайтару сомасының есебі кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі олардың үлесіне сәйкес пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері ұсынатын техникалық сипаттамалар негізінде айқындалады;
Тармақша 5
5) орындалған жұмыстарды қабылдауға қатысу үшін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері арасынан жауапты адамдарды таңдауды жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Мамандандырылған уәкілетті ұйым:
Тармақша 1
1) мемлекеттік сатып алу порталында мердігерлік ұйымды айқындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді;
Тармақша 2
2) басқару органдарымен және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерімен күрделі жөндеуді орындауға шарттар жасасуды;
Тармақша 3
3) шартқа сәйкес күрделі жөндеуді орындауды;
Тармақша 4
4) қажет болған кезде қосалқы мердігерлік ұйымдармен шарттар жасасуды;
Тармақша 5
5) жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында жіберілген кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдауды;
Тармақша 6
6) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерімен жобалық-сметалық құжаттаманы және сметаны келісуді қамтамасыз етеді.
Тарау 4. 4-тарау. Қорытынды ережелер
4-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 14
14. Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлары, тұрақ орындары, қоймалардың меншік иелерінің қайтарымды қаражаты есебінен көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуді мамандандырылған уәкілетті ұйым жүзеге асырады. Мамандандырылған уәкілетті ұйымды жергілікті атқарушы орган айқындайды.
Тармақ 15
15. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері қайтарған ақшалай қаражатты жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша мамандандырылған уәкілетті ұйым басқа көппәтерлі тұрғын үйді жөндеуге пайдалана алады.
Тармақ 16
16. Көппәтерлі тұрғын үйдегі лифтілерді жөндеуді және ауыстыруды ұйымдастыруды, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы, басқарушы, төраға, үй кеңесі күрделі жөндеу жүргізу барысында жіберілген кемшіліктерді тапқан жағдайда анықталған кемшіліктерді жою үшін мамандандырылған уәкілетті ұйымға не жергілікті атқарушы органдарға жүгінеді.
Тармақ 18
18. Күрделі жөндеу бойынша көппәтерлі тұрғын үйді қабылдауға және пайдалануға беруге мамандандырылған уәкілетті ұйым, мердігер ұйым, тұрғын үй инспекциясы, техникалық қадағалау, авторлық қадағалау, сондай-ақ үй кеңесі, мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе басқарушы, төраға қатысады.
Тармақ 19
19. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері орындалған жұмыстарды қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын кестеге сәйкес жөндеуге жұмсалған қаражатты қайтаруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 20
20. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға арналған екінші деңгейдегі банктегі жинақ шотына ай сайынғы жарналарды жүргізеді.
Тармақ 21
21. Жинақталған қаражат екінші деңгейдегі банктің шотынан орындалған жұмыстардың төлемі ретінде мамандандырылған уәкілетті ұйымға аударылады.
Тармақ 22
22. Көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, тұрақ орындарына, қоймаларға меншік құқығы ауысқан кезде сатушы көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеу, лифтілерді жөндеу (ауыстыру) үшін пәтерді, тұрғын емес үй-жайды өткізу кезінде ай сайынғы төлемдер берешегінің пайда болған сомасын өтейді.