О замене заемщика по негосударственному займу, привлеченному под государственную гарантию Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен тартылған мемлекеттік емес қарыз бойынша қарыз алушыны ауыстыру туралы
"Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңының 25-2-бабынасәйкес және "Ауылдық жерлер үшін телекоммуникациялық жабдықтар шығару және жаңарту" жобасын одан әрі іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Ауылдық жерлер үшін телекоммуникациялық жабдықтар шығару және жаңарту" жобасын іске асыру үшін берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген Корея Эксимбанкінің қарызы бойынша қарыз алушы "Индустриялық парк" ашық акционерлік қоғамын "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамына ауыстыру мақұлдансын.
Тармақ 2
2. "Индустриялық парк" ашық акционерлік қоғамына "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша қарыз алушыны ауыстыру үшін қажетті құжаттарды ресімдеуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
Тармақша 1
1) Корея Эксимбанкіне қарыз алушыны ауыстыруға байланысты Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N МК 0000032 мемлекеттік кепілдігінің күші сақталатынын растасын;
Тармақша 2
2) "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамымен мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша құқықтар мен міндеттемелерді беруге байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының алдындағы оның міндеттемелерін қамтамасыз ету туралы тиісті келісім жасасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі