Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев Күшін жойған
Басқа 0
Шетелдіктер үшін туристік жарнаның
мөлшерлемелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда Есіл ауданы бойынша туристерді ораналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері – болу құнының 1 (бір) пайызы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.