Об утверждении Положения о порядке ведения государственного лесного кадастра в Республике Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк Орман кадастрын жүргiзу тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы Ескерту Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.02.17. N 188 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгiзу тәртiбi туралы" 1993 жылғы 23 қаңтардағы N 1925 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр). Мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу жөнiндегi жұмысты Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдар, орманды иеленушiлер жүзеге асырады және республикалық бюджет пен басқа қаражаттар есебiнен қаржыландырылады деп белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң Орман шаруашылығы комитетi: Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң келiсiмi бойынша мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу жөнiндегi нұсқама-әдiстемелiк құжаттарды жасайтын болсын; Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң келiсiмi бойынша мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу кезiндегi статистикалық есеп берудiң көрсеткiштерi мен нысандарының тiзбесiн айқындасын; орман қорын ұтымды пайдалану, ормандарды ұлғайта өсiру, оларды сақтау мен қорғау, санды және сапалық өзгерiстердi жүйелi бақылау, шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiн бағалау және заңды ұйымдар мен жеке адамдарды орман қоры туралы мәлiметтермен қамтамасыз ету үшiн 1994 жылдан бастап мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруға кiрiссiн.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк орман кадастрының құжаттарын жүргiзудiң белгiленген тәртiбiнiң, сақталуын бақылау орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдарға және Қазақстан Республикасының бақылауға өз құзыры шегiнде арнайы өкiлдiгi бар басқа органдарына жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзумен байланысты Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң Орман шаруашылығы комитетi өз құзыры шегiнде шығаратын әдiстемелiк нұсқаулар мен нұсқамалар барлық орман иелерi үшiн мiндеттi болып табылады деп белгiленсiн.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, басқа министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволар орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдарға орман кадастрын жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты риясыз негiзде бередi.
Басқа 6. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу тәртiбi туралы Ереже
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 30 қарашадағы N 1198 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасында мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу тәртiбi туралы Ереже
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк орман кадастры Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес орман қорын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру, ормандарды ұлғайта өсiру, оларды қорғау мен сақтау, сандық және сапалық өзгерiстердi жүйелi бақылау және заңды ұйымдар мен жеке адамдарды орман қоры туралы мәлiметтермен қамтамасыз ету үшiн жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман кадастры орман қорының құқылық тәртiбi, оны иеленушiлерге бөлiп беру, орман қорының сандық және сапалық жәй-күйi, ормандарды топтарға және қорғаныш санаттарына бөлу, орман ресурстарын экономикалық бағалау және орман шаруашылығын жүргiзу мен шаруашылық қызметi нәтижелерiн бағалау үшiн қажеттi басқа да мәлiметтер туралы ақпараттар жүйесiн қамтиды.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк орман кадастрын бiрыңғай республикалық жүйе бойынша орман орналастыру материалдарының, ормандарды зерттеудiң, бiр мезгiлдiк мерзiмдi мемлекеттiк есептеудiң және орман қоры туралы мәлiметтер жинақталған басқа да құжаттардың негiзiнде орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдар жүргiзедi.
Тармақ 4. Мемлекеттiк орман кадастрын құжаттау
4. Мемлекеттiк орман кадастрының құжаттарын жүргiзудiң белгiленген тәртiбiнiң сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң Орман шаруашылығы комитетi, оның жергiлiктi жердегi органдары және өз құзыры шегiнде бақылауға арнайы өкiлдiгi бар Қазақстан Республикасының басқа органдары жүзеге асырады. Мемлекеттiк орман кадастрын құжаттау
Тармақ 5
5. Мемлекеттiк орман кадастры құжаттарын берiлген мәлiметтердiң дұрыстығы және оларды дер кезiнде жаңарту үшiн жауапкершiлiк жүктелген (соның iшiнде жалға берiлген және ұзақ мерзiмге пайдалануға берiлген тәлiмдер бойынша) орман қорының иелерi жүргiзедi.
Тармақ 6
6. Мемлекеттiк орман қоры кадастры құжаттамаларының құрамына мыналар енедi:
Тармақша а
а) орман иелерi, орман шаруашылығын басқарушы облыстық және мемлекеттiк органдар жүргiзетiн орман кадастрлық кiтаптар;
Тармақша б
б) орман иеленушiлердiң, орман шаруашылығын басқарушы облыстық және республикалық органдардың түсiндiрме жазбалары қосылған есептерi.
Тармақ 7. Есеп берудi табыс етудiң тәртiбi мен мерзiмдерi
7. Орман кадастрлық кiтаптарды және есеп берулердi жүргiзудiң нысаны мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң Орман шаруашылығы комитетi бекiтедi. Есеп берудi табыс етудiң тәртiбi мен мерзiмдерi
Тармақ 8
8. Орман қорының жәй-күйiнде болған өзгерiстер жөнiндегi мәлiметтердi орман иелерi өзгерiстер болған төлемдердi нақты куәландыратын тиiстi актiлер және орман қорының жәй-күйiндегi өзгерiстердi көрсететiн басқа құжаттар негiзiнде жыл сайын есеп құжаттарына енгiзедi.
Тармақ 9
9. Орман иелерi өздерiнiң ведомстволық бағыныстылығына қарамастан есептi жылдың 1 қаңтарына дейiнгi орман қорының жәй-күйi жөнiндегi мәлiметтердi орман кадастрлық кiтаптарға жыл сайын енгiзедi және 20 қаңтарға дейiн белгiленген нысан бойынша есептердi орман шаруашылығын басқарушы облыстық органға тапсырады.
Тармақ 10
10. Орман шаруашылығын басқарушы облыстық органдар белгiленген нысандағы есептердi жыл сайын жасайды және оларды түсiндiрме жазбаларымен облыстар бойынша 1 наурызға дейiн орман шаруашылығын басқарушы республикалық органға жолдайды.
Тармақ 11. Орман кадастрын жүргiзудi ұйымдастыру
11. Орман қоры жерлерiнiң мөлшерi, сапалық жәй-күйi және пайдаланылуы жөнiндегi есептер Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң аудандық және облыстық органдарымен келiсiледi. Орман кадастрлық кiтаптардағы жерлердiң көлемдерi туралы мәлiметтер жер кадастрлық кiтаптардағы мәлiметтерге сәйкес болуға тиiс. Орман кадастрын жүргiзудi ұйымдастыру
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органы:
Тармақша а
а) орман иелерiн тiркеудi жүргiзедi;
Тармақша б
б) орман жөнiндегi мәлiметтердi жүйеге келтiредi, зерттеу мен сақтауды, сондай-ақ мемлекеттiк орман кадастры материалдарын басып шығаруды қамтамасыз етедi;
Тармақша в
в) мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу үшiн қажеттi әдiстемелiк нұсқаулар мен нұсқамаларды жасайды және бекiтедi.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдары:
Тармақша а
а) орман орналастыру, ормандардың картографиясы, топырақ, геоботаникалық, топографиялық-геодезиялық тексеру, iздестiру жөнiндегi жұмысты және мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзумен байланысты шараларды атқарушы өкiмет органдарының қатысуымен ұйымдастырады;
Тармақша б
б) ұзақ мерзiмдi сұраныс пен тұтынуды жүйелi зерделеудi және орман ресурстарының қоры, жәй-күйi мен бағалау туралы жедел ақпаратты жүзеге асырады, мемлекеттiк орман кадастрын тұрақты түрде жетiлдiруге, оған халық шаруашылық тұтынуының тиiсiнше туындайтын мәлiметтердi енгiзуге шаралар қабылдайды.