Отдельные вопросы Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің жекелеген мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеудің кейбір мәселелері" туралы 1998 жылғы 6 қазандағы N 1007 қаулысына сәйкес мемлекеттік басқару органдарын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация қызметі жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) таратылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен Комитетті таратуды жүргізсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі таратылатын Комитеттің құқықтық мұрагері болып белгіленсін.
Тармақ 4
4. күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.04.01. N 355 қаулысымен .
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация қызметі жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы 1998 жылғы 26 ақпандағы N 151 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 7, 45-құжат) күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.