Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат Айтекебийского районного маслихата» Күшін жойған
Басқа 0
«Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 3
Әйтеке би аудандық мәслихатының
2023 жылғы 13 сәуірдегі
№ 10 шешімімен бекітілген
«Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Әйтеке би аудандық мәслихатының ұйымдастырушылық, құқықтық, материалды-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық мәслихат төрағасының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 030100, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Темірбек Жүргенов ауылы, Темірбек Жүргенов көшесі, 45.
«Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес жұмыс берушінің актісімен айқындалады.
Мемлекеттік органның толық атауы - «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады, мәслихат депутаттарына өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетеді;
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Құқықтары:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және басқа да ұйымдардан мәслихат құзыреті мәселелері бойынша қажетті ақпараттар, құжаттар және өзге де материалдар сұрату және алу;
Міндеттері:
Тармақша 1
1) мәслихат аппаратын жүргізуге қатысты мәселелер бойынша қызметтік хат алмасу;
Тармақша 2
2) мәслихат және оның органдарының отырыстарына қатысу;
Тармақша 3
3) аудандық мәслихаттың және оның органдарының жалпы отырыстарын дайындауды және өткізуді жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) аудандық мәслихаттың және оның тұрақты (уақытша) комиссияларының актілерінің орындалу мерзімдеріне және нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) аудандық мәслихатқа жолданған, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралу мерзімдеріне және нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихаттың сессияларын және тұрақты комиссияларының отырыстарын өткізуге дайындық және ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстарды қамтамасыз етуді аудандық мәслихаттың Регламентіне сәйкес жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін түсініктемелік және әдістемелік көмек көрсетеді, олардың сауалдары мен ұсыныстарының, сын-пікірлерінің уақытылы қаралуын және орындалуын бақылайды;
Тармақша 3
3) аудандық мәслихаттың актілерін әзірлеуге қатысады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда оларды әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жолдайды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайлар мен тәртіппен аудандық мәслихат шешімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауын қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) аудандық мәслихаттың сессиялары мен оның басқа да органдарының отырыстарының стенограммаларын, хаттамаларын жүргізеді;
Тармақша 6
6) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын, Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты, мемлекеттік қызметшілер өздеріне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болатын бірінші басшы – мәслихат төрағасы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Мәслихат төрағасы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшiлiк дауысымен сайланады және қызметінен босатылады.
Тармақ 18
18. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етедi, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
Тармақша 2
2) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
Тармақша 3
3) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
«Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн мәслихаттың тұрақты комиссиялары бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша орындайды.
Тармақ 19
19. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аудандық мәслихаттың аппарат басшысы басқарады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20.«Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.