О Межведомственной комиссии по борьбе с преступностью и коррупцией при акимате Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы қылмыспен және сыбайлас жемкорлықпен күрес жөніндегі Ведомствоаралық комиссия туралы
«Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 377 Жарлығын, құкық қорғау органдары басшылырының 2003 жылғы 10 қырукүйктегі «Заңдылықтың және қылмыспен күрестің жағдайы туралы» мәселесі бойынша республикалық мәжілісінде берген Елбасының тапсырысын орьндау барысында және жергілікті атқарушы органдардың, қүқық қорғау және мемлекеттік органдардың қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы үйлестіру ролі мен тиімділігін көтеру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1.Консультативтік-кеңестік орган - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Ведомствоаралық комиссия құрылсын және оның дербес құрамы облыстық мәслихатқа бекітілу ушін жіберілсін:
Смирнов
Анатолий Владимирович
-облыс әкімі (төраға)
Корчагин
Виктор Михайлович
-облыс прокуроры
(төраға орынбасары, келісім бойынша)
комиссия мүшелері:
Адиходжаев Сұлтан Бижанұлы
-Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰКК Департаментінің бастығы (келісім бойынша)
Әкімханов Халел Қайроллаұлы
-облыс әкімі аппаратының басшысы
Жүсіпбеков Қонысбек Арғынғазынұлы
-Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржы
полициясы департаментінің бастығы
(келісім бойынша)
Ыбыраев
Яхия Мұхамеджанұлы
-Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің бастығы (келісім бойынша)
Сейдімбеков Ернар Ақселеуұлы
-әділет басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы
-облыс ІІБ бастығы
Шишацкий Василий Васильевич
-Солтүстік Қазақстан облысы Тәртіптік Кеңес төрағасы
Аяжанов Қырым Мұқыжанұлы
-Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімі меңгерушісінің м.а.
2. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы кылмыспен және сыбайласқан жемқорлықпен күрес жөніндегі Ведомствоаралық комиссия туралы Ереже - бекітілсін (қоса беріледі).
3. Көрсетілген кеңестік-мәжілістік орган өз қызметін Конституцияға, Казақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына, тиісті ережеге сәйкес және жоспарлы негізде жүзеге асырсын.
4. Осы қаулының орындалуын бакылау облыс әкімі аппаратының басшысы Х.Қ. Әкімхановқа жүктелсін.
Келісілді:
Облыс прокуратурасы
М. В. Корчагин
ҰҚД
Әдиходжаев С.Б.
ІІБ
Тұрғымбаев Е.З.
Қаржы полициясы департаменті
Қ.А. Жүсіпбеков
Кеденік бақылау департаменті
Ыбыраев Я.М.
Әділет басқармасы
Сейдімбеков Е.А.
Басқа 2
Солтүстік Қазақстан облыс әкімдігінің
2003 жылғы 12 қарашадағы
№ 203 каулысымен
БЕКІТІЛДІ
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
жанындағы кылмыспен және сыбайлас
жемкорлықпен күрес жөніндегі
Ведомствоаралық комиссия туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы қылмыспен және сыбайласқан жемқорлықпең күрес жөніндегі Ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы қылмыспен және сыбайласқан жемқорлықпен күрес жөніндегі Ведомствоаралық комиссия (іілгеріде — Комиссия) кеңестік-мәжілістік орган болып табылады. Кылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру мәселесінде атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар қызметін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету үшін құрылды.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, ел Президенті мен Үкіметтің, облыстық әкімдіктің актілеріне, облыс әкімінін/ шешімдері мен өкімдеріне, осы Ережеге сәйкес және жоспарлы негізде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз қүзіретінде қоры/ынды береді, комиссия хаттамасымен немесе әкімнің шешімімен, не өкшімен ресімделген, қаралған мәселенің сипаты мен мазмүнына байланыстъі үсынымдар әзірлейді.
Тармақ 4
4. Комиссия облыс әкімі болып табылатын Төрағадан, облыс прокуроры (келісім бойынша) тұлғасында төраға орынбасарынан және комиссия мүшелерінен тұрады.
Тармақ 5
5. Комиссия мүшелері лауазымы бойынша ҰҚК департаментінің (келісім бойынша), облыс ІІБ, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің (келісім бойынша), Солтүстік Казақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің (келісім бойынша), Солтүстік Қазақстан облысы әділет басқармасының (келісім бойынша) бастығы, облыс әкімі аппаратының басшысы және облыс әкімі аппаратын мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі болып табылады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері
2. Комиссияның негізгі міндеттері
Тармақ 6
6. Ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеті мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру құқықтык тәртіп пен заңдылықты нығайту салаларында атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар қызметін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Облыстағы криминогендік жағдайды талдау, қылмыспен жәнс ыоайласқан жемқорлықпен күресті күшейту жөніндегі іс-шарал/ф ксспарын қарау және бекіту;
Тармақша 3
3)Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі құқық қорғау, бақылаушы, және басқа да мемлекеттік органдар кызметін қорытындылау;
Тармақша 4
4) Атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен қылмыспен және сыбайласқан жемқорлықпен күрес мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы заңдарын, ел Президенті мен Үкімет актілерін, облыс әкімдігі қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындау жағдайын зерделеу;
Тармақша 5
5) Облыста құкықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарға ұсынымдар дайындау.
Тарау 3. 3. Ведомствоаралық комиссия функциялары
3. Ведомствоаралық комиссия функциялары
Тармақ 7
7. Комиссия келесі функцияларды жүзеге асырады:
1 ) Мәжілістерде облыстың атқарушы, құқық қорғау органдарында қылмыспен және сыбайласқан жемқорлықпен күресті ұйымдастыру мәселелерін қарауды;
Тармақша 2
2) Атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар басшыларының қылмыспен және сыбайласқан жемқорлықпен күресті ұйымдастыру жөніндегі есебін тыңдауды;
Тармақша 3
3) Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды жақсарту жөнінде ұсынымдарды пысықтауды;
Тармақша 4
4) Сәйкес кезеңге қылмыспен және сыбайласқан жемқорлықпен күрестің өңірлік бағдарламасын әзірлеуді және ілгеріде облыстық мәслихатпен бекіту үшін облыс әкіміне жіберуді;
Тармақша 5
5) Қабылданған «Қылмыспен және сыбайласқан жемқорлықпен күрес жөніндегі» мемлекеттік өңірлік бағдарламалардың іс-шараларын барынша және дер уақытында орындауды қамтамасыз етуді.
Тарау 4. 4. Ведомствоаралық комиссияның өкілеттігі
4. Ведомствоаралық комиссияның өкілеттігі
Тармақ 8
8. Ведомствоаралық комиссия негізі міндеттерін іске асыруда және- өз функциясын жүзеге асыру кезінде мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) Өз құзіреті шегінде атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардан қылмыспен және сыбайласқан жемқорлықпен күрес мәселесі бойынша «Қылмыспен және сыбайласқан жемқорлықпен күрес жөніндегі» мемлекеттік, өңірлік бағдарламаларды және өзінің жеке іс-шараларының жүзеге асырылуы туралы ақпарат сұрауға және алуға;
Тармақша 2
2) Сыбайласқан жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі қызметке қатысатын мемлекеттік органдар, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізуге;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер лауазымдық тұлғаларының баяндамасын және есебін тыңдауға;
Тармақша 4
4) Облыс әкімінің және облыстық мәслихат сессиясының қарауына қылмыспен және сыбайласқан жемқорлықпен күрес саласында өзекті және қоғамдық қызу пікірталас тудырған мәселелерді енгізуге;
Тармақ 9
9. Ведомствоаралық комиссия мыналарға міндетте:
1 ) Ол қызметін үйлестірілетін мемлекеттік органдардың, басқа ұйымдардың олардың құзіретіне енетін, олармен қолданылып жүрген заңдылықтарға сәйкес функцияларды жүзеге асыру кезінде дербестіктерінін сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Облыстық мәслихат алдында комиссия қызметі, өңірдегі криминогендік жағдай және оны жақсарту жөніндегі шаралар туралы есеп беруге.
Тарау 5. 5. Ведомствоаралық комиссия жұмысын ұйымдастыру
5. Ведомствоаралық комиссия жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 10
10. Комиссияның жеке құрамы облыс әкімінің ұсынысы бойынша облыстық мәслихатпен бекітіледі.
Тармақ 11
11. Комиссия өз құрамында кіші комиссия, кеңес құра алады.
Тармақ 12
12. Комиссия жұмысы алқалық және жариялылық негізінде құрылады.
Тармақ 13
13. Комиссия өз жұмысын мемлекеттік, құқық қорғау органдары, басқа ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер қызметімен, осы Ережеде және қылмыспен және сыбайласқан жемқорлықпен күрестің өңірлік бағдарламасында көзделген, іс-шаралардың негізгі тізбесінде көрсетілген, негізгі міндеттер мен функцияларды ұстау негізінде үйлестіреді.
Тармақ 14
14. Комиссия өзінің кезекті мәжілісін тоқсанына бір рет өткізеді. Мәжіліске комиссия мүшенінің жартысынан артығы қатысса заңды деп есептеледі. Кезектен тыс мәжілістер облыс әкімінің - комиссия төрағасының бастамасымен немесе комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан артығының бастамасымен шақырылады.
Тармақ 15
15. Комиссия төрағасы:
Тармақша 1
1) Комиссия қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және оның қызметіне басшылық етеді;
Тармақша 2
2) Комиссия құзіретіне енетін мәселелер бойынша мемлекеттік, құқық корғау және басқа да органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және азаматтармен өзара әрекет етеді;
Тармақша 3
3) Тиісті жоғары тұрған мемлекеттік органдар алдында комиссия кызметі үшін есеп береді;
Тармақша 4
4) Осы Ережемен көзделген, басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Комиссия мүшелері:
Тармақша 1
1) Осы алқалық органның құзіретіне жататын мәселелерді комиссияда қарау кезінде кеңестік дауысқа құқы бар;
Тармақша 2
2) Комиссия қабылдаған шешіммен келіспеген жағдайда, облыс әкіміне жазбаша түрде жеткізілетін, ерекше ойын білдіруге құқылы;3)Комиссия Төрағасы тапсырмаларын орындауға міндетті;4)Комиссия Төрағасының рұқсатымен мемлекеттік органдардың, басқа да ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің лауазьмдық тұлғаларынан «Қылмыспен және сыбайласқан жемқорлықпен күрес» Мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру мәселелері бойынша қажетті мәліметтерді талап етуге құқылы;5)Төраға тапсырысы бойынша мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің басшылық құрамы мен ұжымдарының мажілістеріне, отырыстарына, жиналыстарына қатысуға құқылы.Қылмыспен және сыбайласқан жемқорлықпен күрес жөніндегі Солтүстік Қазақстан ведомствоаралық комиссиясы