О создании комиссии по вопросам снижения бедности Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кедейлікті төмендету мәселесі жөніндегі комиссия құру туралы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағы 21-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 наурыздағы № 296 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында кедейлікті төмендету жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 6.1.6 тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігі жанынан консультативтік-кеңестік орган ретінде кедейлікті төмендету мәселесі жөніндегі комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Комиссия құрамы облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсьнылсын.
Тармақ 3
3. Кедейлікті төмендету мәселесі жөніндегі комиссия туралы қоса берілген ереже бекітілсін.
Басқа 4
"Кедейлікті төмендету мәселесі жөніндегі комиссия кұру туралы" облыс әкімдігінің 2003 жылғы " " желтоқсандағы № қаулысымен бекітіліген Кедейлікті төмендету мәселесі жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Кедейлікті төмендету мәселесі жөніндегі комиссия Солтүстік Қазақстан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңестік орган болып табылады. (Бұдан әрі-Комиссия)
Тармақ 2
2. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз жұмысын аудандар мен Петропавл каласы әкімімен, облыстық салалық құрылымдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-әрекетте жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Комиссия өкілеттілігі Солтүстік Қазақстан облысының барлық ша өзінің құзіреті шегінде таралады.
Тарау 2. 2. Комиссияның мақсаты, міндеттері мен функциялары
2. Комиссияның мақсаты, міндеттері мен функциялары Комиссия жүмысының мақсаты экономикалық өсу, халықты жұмыспен , қамту, халықтың денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік инфрақұрылым қызметтеріне қол жеткізу және соның негізінде халықтың табысын арттыру жағдайлар жасау арқылы кедейлікті қысқартуға бағытталған мақсатты жұмыстар жүргізу жөніндегі мемлекеттік органдарды үйлестіру болып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар:
3. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар:
Тармақ 5
5. Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарламаның аудандар мен селолық округтер кесімінде тиімді жүзеге асырылуын жан-жақты және объективті игеру, жинақтап қорыту және талдау болып табылады.
Тармақ 6
6. Қаржылық және ұйымдастырушылық ресурстарды шоғырландыру және аса тиімді пайдалану үшін кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрестің басым міндеттерін бұлжытпай орындау жөнінде бағыттар жасау.
Тарау 4. 4. Комиссия қызметінің мазмұны
4. Комиссия қызметінің мазмұны
Тармақ 7
7. Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі өзекті мәселелерді қарау жөнінде мәжілістерді жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Кедейлік пен жұмыссыздық деңгейін төмендету және салалық департаменттердің, сондай-ақ аудандар мен Петропавл қаласы әкімдердің жұмысында айқындалған олқылықтарды жою мақсатында кепілдемелер
Тармақ 9
9. Мақсатты өңірлік бағдарламаның толық көлемде орындалуына ықпал етеді
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасы заңнамасымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Комиссия құқы
5. Комиссия құқы
Тармақ 11
11. Мемлекеттік органдардан, аудандар мен Петропавл қаласы әкімдерінен халықты жұмыспен қамтамасыз ету және кедейлік деңгейін төмендету мәселелері жөнінде қажетті ақпаратты өз құзыреті шегінде сұратуға және алуға құқылы.
Тармақ 12
12. Осы жұмысқа статистика органдарын тартуға құқылы.
Тармақ 13
13. Областа кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған әр түрлі әдістерді пайдалану жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы.
Тармақ 6
Тарау 6. 6. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
6. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 14
14. Комиссияны Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары басқарады.
Тармақ 15
15. Комиссия мәжілісі ай сайын өткізіледі.
Тармақ 16
16. Комиссия мәжілісі, егер оның жұмысында оның мүшелерінің жалпы санының кжартысынан артығы катысса, онда өкілетті болып саналады.
Тармақ 17
17. Комиссия мәселелерді тереңірек пысықтау, талдау жұмысы үшін комиссия мүшелерінің бір мүшесінің басшылығымен істейтін жұмыс тобын құруы мүмкін.
Тармақ 18
18. Комиссия шешімі ұсыныстық сипатта болады.