О Правилах предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға үй ұстауға және коммуналдық қызметтердің тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін берудің Ережелері туралы Қазақстан Республикасының №148-ІІ ҚРЗ 2001 жылғы 23 қаңтардан «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», №477-І ҚРЗ 1999 жылғы 16 қарашадан «Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заң акттеріне кейбір өзгертулерді енгізу туралы» Зандарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қосымша берілген аз қамтамасыз етілген азаматтарға үй ұстауға және коммуналдық қызметтердің тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін берудің Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шал ақын ауданы мәслихатының XVI сессиясының 2001 жылғы 23 желтоқсаннан №16/8 «Аз қамтамасыз етілген отбасыларына үй ұстауға және коммуналдық қызметтердің тұтыну ақысын төлеуге көмек көрсету тәртібі бойынша Ереже туралы» шешімі (2002 жылғы 29 қаңтардан тіркеу нөмірі) күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихаттың II сессиясының (үшінші шақырылыстың) 2003 жылғы 22 қазанынан №2/1 «Аз қамтамасыз етілген отбасыларына үй ұстауға және коммуналдық қызметтердің тұтыну ақысын төлеуге көмек көрсету тәртібі бойынша Ереже туралы» шешімі күшін жойылған деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім облыстық әділет басқармасында тіркелгеннен және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күшіне енеді. Келісілді Аудандық қаржы басқармасының басшысы Мухамеджанова Л. 20 қараша 2003 жыл Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Тасмағамбетова О. 20 қараша 2003 жыл
Басқа 5. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға үй ұстауға және коммуналдық қызметтердің тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін берудің ЕРЕЖЕСІ
Аудандық мәслихаттың III сессиясының 2003 жылғы 20 қарашадан №3/2 «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға үй ұстауға және коммуналдық қызметтердің тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін беру ережелері туралы» шешімімен бекітілген Аз қамтамасыз етілген азаматтарға үй ұстауға және коммуналдық қызметтердің тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін берудің ЕРЕЖЕСІ
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі - тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтің тұтыну ақысын төлеуге, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға пәтер алу шығындарының орнын толтыру үшін халықтың аз қамтамасыз етілген жігіне берілетін өтемақы. Тұрғын үй көмегін төлеу аудандық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Егер өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын үй нормалары және коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері шегінде тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті тұтынуға жұмсалатын төлемдер, отбасы бюджетінде осы мақсатпен жұмсалатын шығындар үлесінен артатын болса тұрғын үй көмегі осы көмек тағайындалған сәтте қалада тұрақты тұратын және пәтер иесі (жалдаушысы) болып табылатын тұлғаларға беріледі. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді (сумен қамтамасыз ету, канализация, жылу, электр қуаты, қоқыс шығару) тұтынуға жұмсалатын шығындардың үлесі отбасының жиынтық табысының 30% мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй ұстау мен коммуналдық қызметті тұтынуға белгіленген нормалардан артық төлемдер жалпы негізде жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үй (үй, пәтері) бар немесе тұрғын үй жайларды жалға тапсырған немесе қайта жалға берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
Тармақ 5
5. Егер отбасында күту қажет деп танылған мүгедектерді күтетін немесе жас шамасы 1,5 жасқа дейінгі бала (біреу және одан да көп) күтіп отырған тұлғаны есептемегенде, жұмыс істеуге қабілетті, бірақ жұмыс істемеитін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген тұлғалар болса, ондай отбасыларының тұрғын үи жәрдемін алуға құқығы жоқ.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй көмегі пәтер иесіне (жалдаушыға) пәтерді ұстауға және коммуналдық қызметке есептелген соммамен салыстырғанда төлемді кеміту түрінде қолма-қолсыз ақша нысанында беріледі. Тұрғын үи көмегінің көлемі пәтер және коммуналдық қызмет үшін іс-жүзінде есептелген төлем сомасынан артық бола алмайды
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Көмек тағайындауға кажетті құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25-ші жұлдызына дейін қабылданады, алдында өткен тоқсанның табыстары есепке алынады. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу ресімдеудің алғашкы ресімімен бірдей.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегін алушылар өз пәтерінің меншік нысанының, отбасы құрамының және жиынтық табысының кез келген өзгерістері туралы 10 күн ішінде еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне хабарлауға тиіс.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім барлық отбасы мүшелерін жеке куәландыратын құжаттары берген жағдайда пәтер жалдаушының (иесінің) өтініші және оған коса берілген мынадай құжаттар: отбасы құрамы, жылжымайтын мүлік орталығы беретін меншікте тұрғын үй бар-жоғы, тұрғын үйдің пайдалы алаңының көлемі, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдык қызметке төлем жөніндегі шығындар, отбасының жиынтық табысы туралы анықтамалар негізінде қабылданады.
Тармақ 10
10. Табыс етілген құжаттарды қарастыру нәтижесі бойынша тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізілген еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі мен өтініш берушінің арасында екі жақтық келісім шарт жасалады. Шарт екі данада жасалады, оның біреуі тұрғын үйдің меншік иесінде сақталады. Аталған шарт тұрғын үй көмегін беру үшін негіз болып табылады.
Тармақ 11
11. Ақпараттың дұрыстығына күдік туған жағдайда, еңбек, халықты жұмыспен қамту бөлімі тұрғын үй көмегін алуға өтініш берген тұлғаның табысы туралы акпарат сұрауға құқылы.
Тармақ 12
12. Көмектің мөлшері өтемақылык шаралармен қамтамасыз етілетін нормалар шектеріндегі тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну үшін меншік иесінің нақты төлемі мен отбасының осы мақсатқа жұмсалатын шығындарының ең жоғарғы шектеулі деңгейінің арасындағы айырмашылығы ретінде есептеледі.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй төлеміне көмек мөлшері, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 1996 жылғы 30 мамырдағы «Тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдык қызметтерді төлеудің жаңа жүйесіне кезең-кезеңімен өту туралы» №118 шешімімен бекітілген әлеуметтік нормалаға сәйкес есептеледі.
Тармақ 14
14. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет төлеміне отбасының мүмкін шығындарының ең жоғарғы шектеулі үлесі, отбасының табысы, коммуналдык қызметке тарифтер мен нақты шығындар өзгерген жағдайда бұрынғы тағайындалған көмек қайта есептеледі.
Тармақ 15
15. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі берілген тұрғын үй көмегінің сомаларын көрсетіп, пәтелердің меншік иелерінің (жалға алушылардың) тізілімін жасап, оны ай сайын қызмет көрсетушілерге береді: осы мақсатқа аудан бюджетінде карастырылып бөлінген қаржы есебінен толемдік тапсырыстармен қаржыландыру жүргізеді. Жеке тұрғын үйлердің меншік иелері бойынша бөлім алушылар тізімін жасайды және шоттарына аудару үшін Халық банкінің филиалына береді.
Тармақ 16
16. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі, тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтер үшін алдындағы үш нақты шығындарын төлемеген және біле тұра жалған құжаттарды азаматтарға тұрғын үй көмегін тағайындауды тоқтата тұруға және тастауға құқылы.