Об утверждении Правил оказания услуг государственным учреждением Вооруженных Сил Республики Казахстан, специализирующимся в области аэропортовской деятельности, и использования денег от реализации таких услуг Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әуежайлық қызмет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әуежайлық қызмет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әуежайлық қызмет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 366 бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әуежайлық қызмет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әуежайлық қызмет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік авиация әуеайлағында әуежайлық қызмет саласында қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) болып табылады, оның қызмет мәні әуежайлық қызмет саласында қызметтерді көрсету болып табылады.
Тармақ 3
3. Мекеме әуежайлық қызмет саласында қызметтерді көрсету процесінде оның экипажымен әуе кемелерін, жолаушыларды, багажды, жүктерді және поштаны қабылдауды, жөнелтуді және оған қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, осы мақсаттар үшін меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде қажетті құрылыстары мен жабдығы, арнайы даярланған жеке құрамы бар.
Тармақ 4
4. Мекеме өз күшімен не шарттық негізде тиісті мамандарды (ұйымдарды) тарта отырып, әуе кемелеріне қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, әуеайлақты пайдалануды жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану тәртібі
2-тарау. Қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану тәртібі
Тармақ 5
5. Жеке және заңды тұлғаларға әуежайлық қызмет саласындағы қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес шарттық негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Мекеме Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген Әуежай қызметінің құрамына әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарлары, жұмыстары, қызметтері тізбесіне сәйкес әуежайлық қызмет саласында қызметтерді көрсету кезінде ақылы негізде қызмет түрлерін жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Ақша қаражатын қабылдау қолма-қол ақшасыз есеп айырысумен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы» (бұдан әрі – ҚР ҚК ӘҚК БҚБ) республикалық мемлекеттік мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотына (бұдан әрі – ақылы көрсетілетін қызметтің ҚБШ-сы) аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде өткізуден түсетін ақша ҚР ҚК ӘҚК БҚБ иелігінде қалады, ақылы көрсетілетін қызметтердің ҚБШ-сына аударылады және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес жұмсалады.
Тармақ 9
9. ҚР ҚК ӘҚК БҚБ өз иелігінде қалатын көрсетілетін қызметтерді өткізуден алынатын ақша есебінен операцияларды жүргізу үшін жыл сайын ақша түсімі мен шығысы жоспарын жасайды, түсіндірме жазбаны және негізделген есептерді қоса бере отырып, үш данада бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бекітуге ұсынады.
Тармақ 10
10. Ақылы көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін қаражат:
Тармақша 1
1) әуеайлақты жөндеу үшін құрылыс материалдарын сатып алуға;
Тармақша 2
2) ұшуды жерүсті қамтамасыз ету және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдары техникасын сатып алуға;
Тармақша 3
3) әуеайлақ техникасын жөндеу және радиотехникалық қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерге;
Тармақша 4
4) әуеайлаққа арналған тауар-материалдық құндылықтарды сатып алуға;
Тармақша 5
5) әуеайлақты күтіп-ұстау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге;
Тармақша 6
6) қызметтерді көрсетуге тартылатын мамандардың еңбегіне ақы төлеуге;
Тармақша 7
7) оқытып-үйрету семинарларын, тренингтерді, конференцияларды өткізуге, сондай-ақ мамандардың біліктілігін арттыруға;
Тармақша 8
8) банк қызметтерін төлеуге;
Тармақша 9
9) іссапар шығысын төлеуге;
Тармақша 10
10) өкілдік шығысты төлеуге жұмсалады.