О мерах по борьбе с волками Күшін жойған
Басқа 0
Қасқырлармен күресу жөніндегі шаралар туралы
Қасқырлармен күрестің жеткіліксіз жүргізілуінен соңғы жылдары оның саны облыс аумағында рұқсат етілген шектен бірнеше есеге көбейген, соның салдарынан жыртқыш аң облыстың фаунасына және тұрғындарына айтарлықтай экономикалық зиян келтіруде.
Қазақстан Республикасының "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Республикадағы жыртқыштардың жекелеген түрлерінің санын реттеу жөніндегі шаралар туралы" 1995 жылғы 5 қыркүйектегі N 1230 қаулысын басшылыққа ала отырып және Батыс Қазақстан облыстық аумақтық орман және аң шаруашылығы басқармасының ұсынысын ескеріп, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аңшыларды материалдық ынталандыру мақсатында ауланған әрбір үлкен қасқырға (терісінің құнын есептемегенде) төрт мың теңге, әр бөлтірікке екі мың теңге сыйақы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қасқырлармен күресті ұйымдастыруға және аңшыларды материалдық ынталандыруға арналған қаржы бөлу тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Батыс Қазақстан облыстық табиғат пайдалану бөлімі жыл сайынғы табиғат қорғау шаралары сметасында арнаулы уәкілетті органдардың ұсынысын ескере отырып, жыртқыш аңдарды аулауға қаржы бөлуді қарастырсын.
Тармақ 4
4. Аудандардың, ауылдық (селолық) округтердің әкімдері, Батыс Қазақстан облыстық орман және жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту басқармасы, Батыс Қазақстан облыстық аумақтық орман және аң шаруашылығы басқармасы, Батыс Қазақстан облысы бойынша аңшылар мен балықшылар қоғамы, "Динамо" спорт қоғамы (келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) қоғам мүшелерінің, жергілікті және басқа аңшылардың қатысуымен құрылған аңшылар бригадасымен қасқырларды атуды ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) атқарылған жұмыстар туралы жыл сайын 1 шілдеде және 1 қаңтарда хабарлап отырсын.
Тармақ 5
5. Батыс Қазақстан облысы бойынша аңшылар мен балықшылар қоғамына, Батыс Қазақстан облыстық орман және жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту басқармасына ауланған жабайы аңдардың терісін жинау, қабылдап алу, өңдеу және өткізу мәселелерін шешу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Облыс әкімінің "Қасқырлармен күресу жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 3 ақпандағы N 13 (тіркеу N 277) шешімінің және "Облыс әкімінің 2003 жылғы 3 ақпандағы N 13 "Қасқырлармен күресу жөніндегі шаралар туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы" облыс әкімдігінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 45 (тіркеу N 2013) қаулысының көші жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Қ. Есенғалиевке жүктелсін.
Басқа 10. Қасқырлармен күресуді ұйымдастыруға және аңшыларды
материалдық ынталандыруға қаржы бөлудің
ТӘРТІБІ
Облыс әкімдігінің
2003 жылғы 8 желтоқсандағы
N 262 қаулысымен бекітілген
Қасқырлармен күресуді ұйымдастыруға және аңшыларды
материалдық ынталандыруға қаржы бөлудің
ТӘРТІБІ
Тармақ 1
1. Облыстық бюджеттен жыртқыштармен күресуге бөлінген қаржы Батыс Қазақстан облыстық табиғат пайдалану бөліміне тендерді жеңіп алған қызмет көрсетушіге (бұдан әрі - Орындаушы) тиісті шарт жасалған соң аударылады.
"Орындаушы" қасқырларды атуды ұйымдастырады, олардың терілерін немесе құйрықтарын жинастырып, сараптауға тапсырады, есебін жүргізеді, есеп береді және аңшыларды ынталандырып отырады.
Тармақ 2
2. "Орындаушы" ай сайын Батыс Қазақстан облыстық табиғат пайдалану бөліміне бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын куәландыратын мынадай құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) шартта көрсетілген жұмыстардың орындалуы туралы акті;
Тармақша 2
2) төлем құжаттарының көшірмесі;
Тармақша 3
3) нақты атып алынған қасқырларды куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Тармақ 3
3. құрамында аумақтық қоршаған ортаны қорғау, орман және аң шаруашылығы басқармаларының, облыстық орман мен жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту басқармасы, аңшылар мен балықшылар қоғамы, облыстық табиғат пайдалану басқармасы және облыс әкімі аппараты өкілдері бар комиссия жүргізген сараптау актісі қасқырлардың атып алынғандығын куәландыратын құжаттар болып табылады.
Тармақ 4
4. Атып алынған жыртқыш аңның терісі аңшының жеке меншігі болып табылады, оны өзінің еркі бойынша пайдаланады, сараптауға қасқырдың құйрығын тапсырады, оған аңшының толық деректемелері жазылған биркі жапсырылуы тиіс.
Сараптауға атып алынған жыртқыштың терілері (құйрықтары) топталып орталықтандырылған түрде тапсырылған кезде тізілімдеме жасалады, оған аңшының аты-жөні, тегі, мекен-жайының индексі, қызмет көрсететін жинақ кассасының номері немесе жеке шоты, биркінің номері мен тапсырылған құйрықтардың саны көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Екінші рет қайталап көрсетпес үшін қасқырдың құйрықтары мен бөлтіріктің терілері сараптаудан кейін комиссияның қатысуымен жойылады, ол туралы сараптау актісіне белгі қойылады.
Тармақ 6
6. "Орындаушы" сыйақыны аңшының жеке өзіне немесе оның сенім көрсетілген адамына, егер жеке куәлігін және сараптау актісін көрсеткен жағдайда төлейді немесе қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін 3 күн ішінде аударады.