О дополнительных мерах по охране диких копытных животных Күшін жойған
Басқа 0
Тұяқты жабайы жануарларды қорғау
жөніндегі қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" , "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Киікті қорғау және өсімін молайту жөніндегі қосымша шаралар туралы" 2001 жылғы 19 шілдедегі N 980 қаулысын басшылыққа ала отырып және облыс аумағында тұяқты жабайы жануарлар түрінің өсімін молайтуды және сақтауды қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса алғанда 2005 жылға дейін облыс аумағында тұяқты жабайы жануарлардың барлық түрін атып алуға мораторий белгіленсін.
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облыстық аумақтық орман және аң шаруашылығы басқармасы, Батыс Қазақстан облыстық орман және жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту басқармасы, Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер басқармасы бұлан, елік, қабан және киікті браконьерлерден қорғау жөніндегі жұмыстарды күшейтсін, бұларды қорғауға аңшылар қоғамының мүшелерін қатыстыра отырып, күзеттер мен бірлескен рейдтер ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Батыс Қазақстан облыстық табиғат пайдалану бөлімі браконьерлермен күресуге, жыртқыш аңдарды атуға және жануарлардың есебін жүргізуге жыл сайын қаржы бөлуді қарастырсын.
Тармақ 4
4. Облыс әкімінің "Тұяқты жабайы жануарларды аулауды тоқтату туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 218 (тіркеу N 631) шешімінің көші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Қ. Есенғалиевке жүктелсін.