О ставках платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников области Абай Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 болып тіркелген), Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары
Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/18-VIII шешіммен бекітілген Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары Арнаулы су пайдаланудың түрі (өлшем бірлігі) № р/с Өзендер, көлдер бассейні Тұрғын-үй пайдалану және коммунал-дық қызметтер (теңге/1000 текше метр) Өнеркәсіп жылу энерге-тикасын қоса есептегенде (теңге/1000 текше метр) Ауыл шаруашылығы (теңге/1000 текше метр) Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруа-шылықтары (теңге/1000 текше метр) Су энергетика (теңге/1000 киловатт-сағат) Су көлігі (теңге/1000 тонна-километр) 1 Ертіс өзенінің бассейні 199,23 572,39 161,28 161,28 60,09 22,13 2 Балқаш және Алакөл көлдерінің бассейні 183,42 505,99 145,47 139,15 53,77 15,81