О правилах использования резерва акимата района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің резервін пайдалану ережесі туралы Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-І «Бюджеттік жүйе туралы» Заңының 13 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің резервін пайдалану ережесі бекітілсін.
Басқа 2. Аудан әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі
Аудан әкімдігінің 2003 ж. «12» желтоқсан № 278 «Аудан әкімдігінің резервін пайдалану ережесі туралы» қаулысымен БЕКІТІЛДІ Аудан әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Ақжар аудандық мәслихатының шешіміне сәйкес қаржы жылына бөлінген сомалар шеңберінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің резерві қаражатын бөлу және оны пайдалану ережесін Осы ереже белгілейді.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігінің резерві Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 «Бюджеттік жүйе туралы» Заңының 13 бабына және «Бюджеттік жүйе туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2001 жылғы 7 желтоқсандағы № 261, 1996 жылғы 5 шілдедегі № 19 «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» және 2000 жылғы 19 мамырдағы қаржы жылындағы аудандық бюджетінің құрамына көлденен шығындарды қаржыландыру үшін енгізілген өзгерістерге сәйкес құрылады. Аудан әкімдігінің резервінде мыналар көзделеді: табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою және басқа да көлденен шығындар, аудан әкімдігінің қаулысымен белгіленген шығындар; сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін қаражаттар. Сот шешімдері бойынша аудан әкімдігі резерві құрамындағы жергілікті органдарының міндеттемелерін өтеу үшін көзделген қаражаттары толық ұсталып, өтелмеген міндеттемелер болған жағдайда, аудан әкімдігі, аудандық мәслихатқа жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы аудан әкімдігінің резервін көбейту туралы ұсыныс жасайды.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігінің резервінен қаржы бөлу, аудан әкімдігінің қаулысында белгіленген тәртіппен іске асырылады және қаражат алушы, қаражаттың мөлшері, оның Қазақстан Республикасының әділет министірлігінде 2002 жылғы 16 қазанында № 2012 тіркелген экономика және бюджеттік жоспарлау министірлігінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі № 3 бұйрығымен бекітілген бірыңғай бюджеттік жіктеуіне сәйкес пайдалану мақсаты мен бағыты белгіленеді.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдігі резервінің қаражаты белгілі мақсатқа арналады, ол қаражат аудан әкімдігінің қаражат бөлу туралы қаулысында қарастырылмаған қажеттеліктерге жұмсалуы тиісті емес. Аудан әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы қаулы қаржы жылы аяқталған күннен бастап жойылады. Пайдаланбаған қаржы қалдықтары, сондай-ақ аудан әкімдігі резервінен мақсатты емес пайдаланған қаражат аудандық бюджетке қайтарылуға жатады.
Тармақ 5
5. Ақжар ауданы әкімдігінің резерві мөлшері аудандық бюджетіне түсетін сомалар көлемінің 2 пайызынан аспауы тиіс.
Тармақ 6
6. Егерде бюджеттің орындалуы барысында бюджеттің тапшылығы белгіленген деңгейден асып түскенде немесе бюджетке түскен кірістің айтарлықтай төмендеген жағдайларында белгіленген тәртіппен аудан әкімдігі резервінің шығындары бойынша секвестірлеу енгізіліді.
Тарау 2. 2. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу тәртібі.
2. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу тәртібі.
Тармақ 7
7. Аудан әкімдігінің резервінен төтенше жағдайларды жою үшін бюджеттік бағдарламалар әкімгерлеріне қаражат бөлу мәселесін аудандық қаржы басқармасымен келісу бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия қарастырады, белгіленген тәртіппен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасына рұқсатнама қояды. Сонымен негіздлетінтін материалдарды және олардың тізімін беру тәртібін аудандық қаржы басқармасы мен аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия белгілейді.
Тармақ 8
8. Төтенше жағдайларды жою үшін аудан әкімдігі резервінен қаражаты, сондай-ақ мыналарға бөлінеді: - төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтарға материалдық көмек көрсету үшін; - зардап шеккен халықты тамақтандыру және уақытша тұрғылықты орнын ашу мен оны күту үшін; - авариялық-құтқарушы мен авариялық-қалпына келтіру шұғыл араласу құрылымдарын техникалық құтқару құралдарымен, жабдықтармен және саймандармен қосымша жабдықтау үшін; - меншігінің нысанына қарамастан авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдырылған кәсіпорындар мен ұйымдар жасаған жұмыстарға төлеу үшін; - төтенше жағдай аймағына күштер мен құралдар тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі шығындарды өтеу үшін; - төтенше жағдайларды жоюмен байланысты басқа да іс-шаралар үшін.
Тарау 3. 3. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын жергілікті атқару органдарының сот шешімдері бойынша міндеттемелерін өтеу үшін қаражат бөлу.
3. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын жергілікті атқару органдарының сот шешімдері бойынша міндеттемелерін өтеу үшін қаражат бөлу.
Тармақ 9
9. Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдарының сот шешімдері бойынша міндеттемелерін өтеу үшін аудан әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасы, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік - құқықтық бөлімімен немесе қазіргі заңдармен белгіленген тәртіппен қаржыландырылатын атқарушы орган дайындайды.
Тармақ 10
10. Жергілікті атқарушы органдарының сот шешімдері бойынша міндеттемелері, соттың орындау құжаттары болғанда ғана аудан әкімдігі резервінің есебінен өтеледі және міндеттемелер мекемелердің сметасы есебінен өтелмейді.
Тарау 4. 4. Көлденен басқа да шығындар үшін қаражат бөлу.
4. Көлденен басқа да шығындар үшін қаражат бөлу.
Тармақ 11
11. Аудан әкімдігі резервінің есебінен мынадай көлденен шығындар қаржыландарылады: аудандық бюджетті құру барысында толық немесе ағымдағы жылға қажетті көлемде көзделмеген шығындар және ағымдағы қаржы жылында кідіртпей шешілуге жататын мақсаттарға шығындар.
Тармақ 12
12. Аудан әкімдігінің резервінен көлденен басқа да шығындарға қаражат бөлу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері аудандық қаржы баскармасына қаражат бөлу туралы негіздер мен есептерге қосыла берілген өтініштерін береді.
Тармақ 13
13. Аудандық қаржы басқармасы берілген өтініштің негізінде аудандық әкімдігінің резервінен қаражат бөлу мүмкін немесе мүмкін емес екендігі туралы қорытынды шығарады.
Тармақ 14
14. Бюджеттік бағдарлама әкімгерінің өтініші бойынша оң қорытынды шығарылған жағдайда көлденен басқа да шығындар үшін қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулының жобасын өтініш берген аудандық бюджеттік бағдарлама әкімгері заңмен белгіленген тәртіппен дайындайды.
Тарау 5. 5. Бақылау және есеп беру.
5. Бақылау және есеп беру.
Тармақ 15
15. Аудандық қаржы басқармасы тоқсан сайын аудан әкімдігі резервінің қаражатын пайдалану туралы аудандық әкімдікке ақпарат беріп отырады.
Тармақ 16
16. Аудан әкімдігінің резервінен қаражат алған бюджеттік бағдарлама әкімгерлері аудандық қаржы басқармасы белгілеген тәртіп пен мерзімінде қаражатты пайдалануы, жүргізілген жұмыстардың көлемі мен бағасы туралы аудандық қаржы басқармасына есеп беруі тиіс.
Тармақ 17
17. Аудан әкімдігінің резерві қаражатын нысаналы пайдалануын бақылау аудандық қаржы басқармасы, қазынашылық басқармасы және қаржылық бақылау комитетінің басқармасы жүргізеді.
Тармақ 18
18. Аудан әкімдігінің резерві қаражатын пайдалануын бақылау Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру мен бақылау департаменті жүргізеді.
Тармақ 19
19. Бөлінетін бюджеттік қаражаттың нысаналы және нәтижелі пайдалануы үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдылығында көзделген тәртіпте қаражат алушыға жүктеледі.