Об утверждении Перечня и состава сведений по участкам недр, включенным в программу управления государственным фондом недр, подлежащих публикации в открытом доступе Күшін жойған
Басқа 0
Ашық қолжетімділікте жариялануға жататын, мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген жер қойнауы учаскелері жөніндегі мәліметтердің тізбесі мен құрамын бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 70-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес ашық қолжетімділікте жариялануға жататын, мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген жер қойнауы учаскелері жөніндегі мәліметтердің тізбесі мен құрамы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Басқа 0. Ашық қолжетімділікте жариялануға жататын, мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген жер қойнауы учаскелері жөніндегі мәліметтердің тізбесі мен құрамы
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін
атқарушы 2023 жылғы 24
сәуірдегі № 275 бұйрығына
қосымша
Ашық қолжетімділікте жариялануға жататын, мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген жер қойнауы учаскелері жөніндегі мәліметтердің тізбесі мен құрамы
№р/с
Аумақтың, учаскенің, кен орнының атауы
Аймақтың атауы
Тиісті координаттары мен жеке кодтары бар блоктарды сәйкестендіру картасы (секция, кіші бөлім, блок)
Ауданы (шаршы километр)
Пайдалы қазба түрі, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрі
Сұрау салынған аумақтың кеңістіктік шекаралары (географиялық координаттары)
Аумақтың зерттелуі
(парақ номенклатурасы) және қолда бар қорлары
Солтүстік ендік
Шығыс бойлық
градус
минут
секунд
градус
минут
секунд
1
2
3
4
5
6
7
8
Кестені толтыру мысалы:
Тармақ 1
1. р/с - реттік саны;
Тармақ 2
2. Аумақтың, учаскенің, кен орнының атауы - мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген аумақтың, учаскенің, кен орнының атауы;
Тармақ 3
3. Аймақтың атауы – облыстың атауы;
Тармақ 4
4. Тиісті координаттары мен жеке кодтары бар блоктарды сәйкестендіру картасы (секция, кіші бөлім, блок) (мысалы: M-39-66-(10а-5а-1));
Тармақ 5
5. Ауданы (шаршы километр) – тек шаршы километрде көрсетіледі;
Тармақ 6
6. Пайдалы қазба түрі, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрі - қатты пайдалы қазбалар, кең таралған пайдалы қазбалар, көмірсутектер; жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды барлау, пайдалы қазбаларды өндіру;
Тармақ 7
7. Сұрау салынған аумақтың кеңістіктік шекаралары (географиялық координаттары) – (Солтүстік ендік-градус / минут / секунд / шығыс бойлық-градус / минут / секунд) (мысалы: 46° 33' 00" - 53° 06' 00");
Тармақ 8
8. Аумақтың зерттелуі (парақ номенклатурасы) және қолда бар қорлары (мысалы: L-39-XXIV).