О создании городского Совета социальной профилактики правонарушений Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу жөніндегі қалалық Кеңес құру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алып, "Облыстық құқық бұзушылықтың әлеуметтiк тұрғыдан алдын алу Кеңесiн құру туралы" Батыс Қазақстан облысы әкімдiгiнiң 2003 жылғы 23 тамыздағы N 176 (2003 жылғы 5 қыркүйектегi тiркеу N 2274) қаулысын орындауда, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының белсендiлiгiн арттыру, қоғамның, құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдарының қызметiн үйлестiру мақсатында қала әкімдiгi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылықтың әлеуметтiк алдын алу жөнiндегi қалалық Кеңес құрылсын. Кеңес туралы қоса берiлген Ереже бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Құқық бұзушылықтың әлеуметтiк алдын алу жөнiндегi қалалық Кеңестiң жеке құрамы қалалық мәслихаттың сессиясына бекiтуге ұсынылсын (N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімiнiң орынбасары Е. И. Тарасенкоға жүктелсiн.
Басқа 4. Құқық бұзушылықтың әлеуметтiк алдын алу жөнiндегi қалалық Кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Орал қаласы әкімдiгiнiң 2003 жылғы 13 қарашадағы N 1173 қаулысына N 1 қосымша Құқық бұзушылықтың әлеуметтiк алдын алу жөнiндегi қалалық Кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылықтың әлеуметтiк алдын алу жөнiндегi қалалық Кеңес (бұдан әрi Кеңес) - құқық бұзушылық пен қоғамға қарсы әрекеттердiң алдын алу мәселесiн шешуде мүдделi мемлекеттiк органдар мен мекемелердiң қарым-қатынастарын ұйымдастыру мақсатында құрылған тұрақты үйлестiру органы.
Тармақ 2
2. Құқық бұзушылықтың әлеуметтiк алдын алу жөнiндегi қалалық Кеңестiң құқықтық негiзi болып Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актiлерi және осы ереже табылады.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметi үшiн жергiлiктi атқарушы органның алдында жауапты.
Тарау 2. 2. Құқық бұзушылықтың әлеуметтiк алдын алу жөнiндегi қалалық Кеңестiң құрылуы және құрамы
2. Құқық бұзушылықтың әлеуметтiк алдын алу жөнiндегi қалалық Кеңестiң құрылуы және құрамы
Тармақ 4
4. Кеңес қала әкімдiгiнiң қаулысымен құрылады. Кеңестiң жеке құрамы қала әкімiнiң шешiмiмен белгiленедi және қалалық мәслихаттың шешiмiмен бекiтiледi.
Тармақ 5
5. Кеңестi төраға - қала әкімiнiң орынбасары басқарады. Төраға орынбасары болып Орал қалалық iшкi iстер бөлiмiнiң орынбасары танылады.
Тармақ 6
6. Кеңестiң құрамына оның тұрақты мүшелерi ретiнде облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары, Орал қалалық iшкi iстер бөлiмi бастығының орынбасары, қалалық бiлiм басқармасының бастығының орынбасары, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының бастығы орынбасары, қалалық iшкi саясат және әлеуметтiк сала бөлiмi, мәдениет бөлiмi, туризм және спорт бөлiмi, қаржы бөлiмiнiң меңгерушiлерi, қоғамдық бiрлестiктер мен педагогикалық ұжымдардың өкiлдерi және қалалық мәслихаттың депутаттары кiредi Кеңес хатшысы болып Кеңестi басқаратын қала әкімi орынбасарына бағынысты жетекшi маман танылады.
Тарау 3. 3. Құқық бұзушылықтың әлеуметтiк алдын алу жөнiндегi қалалық Кеңестiң мiндеттерi
3. Құқық бұзушылықтың әлеуметтiк алдын алу жөнiндегi қалалық Кеңестiң мiндеттерi
Тармақ 7
7. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) Құқық бұзушылық пен қоғамға қарсы әрекеттердiң алдын алуға қатысатын мемлекеттiк органдар мен мекемелердiң қызметiн үйлестiру;
Тармақша 2
2) бас бостандығынан айыру орындарынан, арнайы емдеу-алдын алу, оқу-тәрбие орындарынан оралған, тұрғылықты жерiнен, туыстық және әлеуметтiк байланыстарынан айырылған тұлғаларды әлеуметтiк бейiмдеуде мүдделi органдардың қызметiн үйлестiрудi ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) халық арасында құқық бұзушылық пен қоғамға қарсы әрекеттердiң алдын алуға бағытталған түсiндiру жұмысын жүргiзу;
Тармақша 4
4) қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және құқық тәртiбiн нығайту мәселесiн шешуде қоғамдық және дiни бiрлестiктерiмен, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас орнату.
Тарау 4. 4. Құқық бұзушылықтың әлеуметтiк алдын алу жөнiндегi қалалық Кеңестiң өкiлеттiлiгi
4. Құқық бұзушылықтың әлеуметтiк алдын алу жөнiндегi қалалық Кеңестiң өкiлеттiлiгi
Тармақ 8
8. Қалалық Кеңестiң өкiлеттiлiгiне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылықтың, маскүнемдiк пен алкоголизмнiң, нашақорлық пен токсикоманияның алдын алудың өңiрлiк бағдарламаларының орындалуын ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) мүдделi мемлекеттiк органдары басшыларының құқық қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi есептерiн тыңдау және құқық бұзушылық пен қоғамға қарсы әрекеттерге мүмкiндiк туғызатын себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған шешiм қабылдау; салауатты өмiр салтын және азаматтарды қорғауға, олардың конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған заңнаманы насихаттау, халықты құқықтық тәрбиелеу;
Тармақша 3
3) қаладағы құқық бұзушылықтың, маскүнемдiк пен алкоголизмнiң, нашақорлық пен токсикоманияның алдын алуды әлеуметтiк зерттеудi ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) құқық бұзушылық пен қоғамға қарсы әрекеттердiң алдын алуға қатысатын әлеуметтiк инфрақұрылым нысаналарының (алкоголизмге, нашақорлық пен токсикоманияға шалдыққан тұлғаларға арналған әлеуметтiк бейiмдеу және медициналық сауықтыру орталықтарының, учаскелiк полиция бекеттерiнiң, медициналық айықтырғыштар мен қабылдау-бөлу бекеттерiнiң) қызметiн мониторингiлеу және қадағалау;
Тармақша 5
5) құқық бұзушылықтың және қоғамға қарсы әрекеттердiң алдын алумен айналысатын органдар мен мекемелердiң озық жұмыс тәжiрибесiн қорытып жинақтау және тарату, оларға әдiстемелiк, ұйымдастырушылық және тәжiрибелiк көмек көрсету;
Тармақша 6
6) қызметi құқық бұзушылық пен қоғамға қарсы әрекеттердiң алдын алуға бағытталған қоғамдық ұйымдарға қолдау көрсету.
Тарау 5. 5. Құқық бұзушылықтың әлеуметтiк алдын алу жөнiндегi қалалық Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру
5. Құқық бұзушылықтың әлеуметтiк алдын алу жөнiндегi қалалық Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 9
9. Кеңес өз қызметiн жыл сайынғы жоспар негiзiнде жұмыс мәжiлiстерi нысанында жүзеге асырады. Мәжiлiстерге қаралатын мәселеге байланысты прокуратураның, мекемелердiң, ұйымдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi шақырылуы мүмкiн. Кеңес мәжiлiстерi кем дегенде тоқсанына бiр рет өткiзiледi Қажет болған жағдайда қала әкімiнiң, Кеңес төрағасы немесе Кеңес мүшелерi көпшiлiгiнiң бастамасымен кезектен тыс мәжiлiс өткiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 10
10. Кеңес хатшысы мәжiлiстi дайындап, хаттама жүргiзедi және қабылданған шешiмдердiң орындалу барысы туралы есеп дайындайды
Тармақ 11
11. Мәжiлiстiң қорытындылары бойынша Кеңес ұсыныс ретiнде шешiм қабылдайды. Қажеттiлiгiне қарай Кеңес жалпыға мiндеттi немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты шешiм қабылдау жөнiнде бастама көтерiп, нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын дайындай алады.
Басқа 31. Құқық бұзушылықтың әлеуметтiк алдын алу жөнiндегi қалалық Кеңестiң ҚҰРАМЫ
Орал қаласы әкімдiгiнiң 2003 жылғы 13 қарашадағы N 1173 қаулысына N 2 қосымша Құқық бұзушылықтың әлеуметтiк алдын алу жөнiндегi қалалық Кеңестiң ҚҰРАМЫ Елена Ивановна Тарасенко - қала әкімiнiң орынбасары, Кеңес төрағасы Қаныбек Сисенғалиұлы Жақсығалиев - Орал қалалық iшкi iстер бөлiмi бастығының орынбасары, Кеңес төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша) Надежда Ивановна Польчик - iшкi саясат және әлеуметтiк сала бөлiмiнiң жетекшi маманы, Кеңес хатшысы Қашура Мұхтарқызы Әжғұлова - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары (келiсiм бойынша) Сағи Жұмағазыұлы Алдыбергенов - қалалық ардагерлер Кеңес төрағасының орынбасары Ирина Николаевна Воронкова - бiлiм, спорт, мәдениет мекемелерi мен әлеуметтiк қорғау органдарын жоспарлау, шығын және қаржыландыру бөлімінің бастығы Әлия Хайрушқызы Жамбаева - iшкi саясат және әлеуметтiк сала бөлiмiнiң меңгерушiсi Асылбек Исмырзаұлы Жамамбаев - қалалық мәслихаттың депутаты, нормативтiк-құқықтық мәселелер мен құқық тәртiбi жөнiндегi тұрақты комиссия төрағасы (келiсiм бойынша) Ольга Алексеевна Исаева - еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының бастығы Максим Уәлиұлы Құбашев - мемлекеттiк құқық жұмысы бөлiмiнiң бас маманы Виталий Вячеславович Мазуренко - туризм және спорт бөлiмiнiң меңгерушiсi Әлия Болатқызы Райымқұлова - қалалық мәдениет бөлiмiнiң меңгерушiсi Дайыр Қадырұлы Сапаров - бiлiм басқармасының бастығы