Об утверждении формы и срока представления отчетности по показателям для расчета налогооблагаемого дохода страховой (перестраховочной) организации и Правил ее представления Күшін жойған
Басқа 0
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салынатын кірісін есептеу үшін көрсеткіштер бойынша есептілікті ұсыну нысаны мен мерзімін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 190-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне, 231-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне және 249-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салынатын кірісін есептеу үшін көрсеткіштер бойынша есептің нысаны;
Тармақша 2
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салынатын кірісін есептеу үшін көрсеткіштер бойынша есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салынатын кірісін есептеу үшін көрсеткіштер бойынша есептілікті ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 6 (алтыншы) жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық форматта ұсынады.
Тармақ 3
3. Қаржы нарығының статистикасы департаменті (А.М. Боранбаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Басқа 1
Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2023 жылғы 24 сәуірдегі
№ 26 Қаулыға
1-қосымша
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1 - NALSPO
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезеңі: 20___жылғы «___» ____________ жағдай бойынша
Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 6 (алтыншы) жұмыс күнінен кешіктірмей
Нысан
1-кесте. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салынатын кірісін есептеу үшін көрсеткіштер
(мың теңгемен)
Атауы
Жол коды
Сомасы
1
2
3
Пруденциялық нормативтерді ескере отырып қалыптастырылған активтер (реттеуші активтер), оның ішінде:
100
Ақшалай қаражат және ақшалай қаражаттың баламалары
101
Орналастырылған салымдар
102
Өзгерістері пайда немесе шығын құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар
103
Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар
104
«Кері репо» операциялары
105
Аффинирленген қымбат металдар
106
Туынды қаржы құралдары
107
Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы бойынша қайта сақтандыру активтері (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)
108
Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығын бойынша қайта сақтандыру активтері (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)
109
Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығын бойынша қайта сақтандыру активтері (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)
110
Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығын бойынша қайта сақтандыру активтері (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)
111
Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығын бойынша қайта сақтандыру активтері (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)
112
Сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру сыйлықақысы (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)
113
Пруденциялық нормативтерге қойылатын талаптарды ескере отырып қайта сақтандыру бойынша есептелген комиссиялық кіріс
114
Сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша дебиторлық берешек (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)
115
Басқа да дебиторлық берешек (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)
116
Сақтанушыларға берілген қарыздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)
117
Болашақ кезеңдердің шығысы
118
Ағымдағы салық активі
119
Кейінге қалдырылған салық активі
120
Амортизацияланған құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар
121
Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар
122
Қорлар
123
Негізгі құрал-жабдықтар
124
Пайдалану құқығы нысанындағы активтер
125
Инвестициялық мүлік
126
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер
127
Материалдық емес активтер
128
Басқа да реттеуші активтер
129
Пруденциялық нормативтерді ескере отырып қалыптастырылған міндеттемелер (реттеуші міндеттемелер), оның ішінде:
200
Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві
201
Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығын резерві
202
Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығын резерві
203
Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығын резерві
204
Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығын резерві
205
Алынған қарыздар
206
Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу
207
Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі бойынша делдалдармен есеп айырысу
208
Дивидендтер бойынша акционерлермен есеп айырысу
209
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша төлеуге берілетін шоттар
210
Басқа да кредиторлық берешек
211
Бағалау міндеттемелері
212
Жалдау бойынша міндеттемелер
213
Репо операциялары
214
Туынды қаржы құралдары
215
Шығарылған облигациялар
216
Болашақ кезеңдердің кірісі
217
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттеме
218
Кейінге қалдырылған салық міндеттемесі
219
Басқа да реттеуші міндеттемелер
220
Пруденциялық нормативтерді ескере отырып қалыптастырылған капитал (реттеуші капитал), оның ішінде:
300
Жарғылық капитал (құрылтайшылардың жарналары)
301
Алынған капитал (құрылтайшылардың жарналары)
302
Резервтік капитал
303
Қосымша төленген капитал
304
Күтпеген тәуекелдердің реттеуші резерві
305
Тұрақтандыру реттеуші резерві
306
Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздарды қайта бағалау резерві
307
Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздардың құнсыздану резерві
308
Басқа да реттеуші резервтер
309
Сақтандыру резервтерін ескере отырып бөлінбеген пайда (өтелмеген шығын)
310
оның ішінде:
алдыңғы жылдардың
310.1
есепті кезеңнің
310.2
Пруденциялық нормативтерді ескере отырып есептелген кіріс (реттеуші кіріс), оның ішінде:
400
Сақтандыру қызметінен түсетін кіріс
401
Сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақысы
402
Қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақысы
403
Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақысы
404
Сақтандыру сыйлықақысының таза сомасы
405
Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервін өзгерту
406
Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы бойынша қайта сақтандырудың реттеуші активтерін өзгерту
407
Еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақысының таза сомасы
408
Пруденциялық реттеу талаптарын ескере отырып есептелетін сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы түріндегі кіріс
409
Сақтандыру қызметінен түсетін басқа да реттеуші кіріс
410
Инвестициялық қызметтен түсетін кіріс
411
Сыйақы алуға байланысты кіріс
412
оның ішінде:
бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кіріс
412.1
орналастырылған салымдар бойынша сыйақы түріндегі кіріс
412.2
Қаржы активтерімен операциялар бойынша кіріс (шығыс) (нетто)
413
оның ішінде:
бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан түсетін кіріс (шығыс) (нетто)
413.1
Репо операцияларынан түсетін кіріс (шығыс) (нетто)
413.2
аффинирленген қымбат металдармен жасалатын операциялардан түсетін кіріс (шығыс)
413.3
туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялардан түсетін кіріс (шығыс)
413.4
Қайта бағалаудан түсетін кіріс (шығыс) (нетто)
414
оның ішінде:
өзгерістері пайда немесе шығын құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар құнының өзгеруінен түсетін кіріс (шығыс) (нетто)
414.1
шетел валютасын қайта бағалаудан түсетін кіріс (шығыс) (нетто)
414.2
аффинирленген қымбат металдарды қайта бағалаудан түсетін кіріс (шығыс)
414.3
туынды қаржы құралдарын қайта бағалаудан түсетін кіріс (шығыс)
414.4
Басқа заңды тұлғалардың капиталына қатысудан түсетін кіріс
415
Инвестициялық қызметтен түсетін басқа да кіріс
416
Өзге де қызметтен түсетін кіріс
417
Активтерді сатудан және активтерді алудан (беруден) түсетін кіріс (шығыс)
418
Өзге де қызметтен түсетін басқа да кіріс
419
Басқа да реттеуші кіріс
420
Пруденциялық нормативтерді ескере отырып есептелген шығыс (реттеуші шығыс), оның ішінде:
500
Сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша реттеуші шығыс
501
Қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша реттеуші шығыс
502
Қайта сақтандыруға берілген тәуекелдер бойынша реттеуші шығысты өтеу
503
Регрессиялық талап бойынша өтемақы (нетто)
504
Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша таза реттеуші шығыс
505
Сақтандыру шығынын реттеу бойынша реттеуші шығыс
506
Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығын резервін өзгерту
507
Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығын бойынша қайта сақтандырудың реттеуші активтерін өзгерту
508
Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығын резервін өзгерту
509
Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығын бойынша қайта сақтандырудың реттеуші активтерін өзгерту
510
Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығын резервін өзгерту
511
Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығын бойынша қайта сақтандырудың реттеуші активтерін өзгерту
512
Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығын резервін өзгерту
513
Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығын бойынша қайта сақтандырудың реттеуші активтерін өзгерту
514
Сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлеу бойынша реттеуші шығыс
515
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын бұзуға байланысты шығыс
516
Сыйақы төлеуге байланысты шығыс
517
оның ішінде:
бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы түріндегі шығыс
517.1
Жалдау міндеттемелері бойынша пайыздық шығыс
518
Құнсыздану бойынша резервтерге арналған шығыс
519
Құнсыздану бойынша резервтерді қалпына келтіру
520
Құнсыздану бойынша резервтерге арналған таза шығыс
521
Жалпы және әкімшілік шығыс
522
оның ішінде:
еңбекақы төлеуге және іссапарға арналған шығыс
522.1
корпоративтік табыс салығын қоспағанда, ағымдағы салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
522.2
ағымдағы жалдау бойынша шығыс
522.3
жарнамаға арналған шығыс
522.4
үшінші тұлғалар көрсететін қызметтер
522.5
аудиторлық, консультациялық қызметтерге және ақпараттық шығысқа арналған шығыс
522.6
амортизациялық аударымдар
522.7
Басқа да реттеуші шығыс
523
Кезең ішіндегі пайда (шығын)
524
Тоқтатылған қызметтен пайда (шығын)
525
Корпоративтік табыс салығын төлегенге дейінгі таза пайда (шығын)
526
Корпоративтік табыс салығы
527
оның ішінде:
негізгі қызметтен
527.1
өзге де қызметтен
527.2
Салық төлегеннен кейінгі таза пайда (шығын) жиынтығы
528
Атауы ________________________________________________
Мекенжайы_____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық поштасының мекенжайы______________________________
Орындаушы____________________________ ____________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_____________________________________ ____________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Күні 20__ жылғы «____» ______________
Басқа 2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салынатын кірісін есептеу үшін көрсеткіштер бойынша есеп
(индексі – 1 - NALSPO, кезеңділігі – ай сайын)
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының салық салынатын
кірісін есептеу үшін
көрсеткіштер бойынша
есептің нысанына
қосымша
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салынатын кірісін есептеу үшін көрсеткіштер бойынша есеп
(индексі – 1 - NALSPO, кезеңділігі – ай сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салынатын кірісін есептеу үшін көрсеткіштер бойынша есеп» әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 190-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне, 231-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне және 249-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысанды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ай сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен көрсетіледі. 500 (бес жүз) теңгеден аз сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан көп сома 1 000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Тармақ 4
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салынатын кірісін айқындау мақсатында нысанның көрсеткіштері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысында белгіленген талаптарға сәйкес есептеледі және көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Сақтандыру резервтері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18290 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептеледі.
Тармақ 7
7. Нысанда 3-бағанды толтыру кезінде есепті кезеңнің соңғы күнін қоса алғанда, есепті кезеңнің соңындағы деректер көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 6 (алтыншы) жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне веб-портал арқылы «басқа да реттеуші активтер», «басқа да реттеуші міндеттемелер», «басқа да реттеуші резервтер», «басқа да реттеуші кіріс» және «басқа да реттеуші шығыс» баптары бойынша нақтылауды көрсететін есептілікке түсіндірме жазбаны ұсынады.
Тармақ 9
9. 100, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 129, 200, 201, 202, 203, 204, 205, 207, 208, 220, 300, 309, 310, 310.1, 310.2, 400, 401, 402, 403, 404, 405, 406, 407, 408, 409, 410, 420, 500, 501, 502, 503, 504, 505, 506, 507, 508, 509, 510, 511, 512, 513, 514, 515, 516, 523, 524, 526 және 528-жолдарды қоспағанда, 100 – 528-жолдар аралығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бухгалтерлік есебінен алынған деректер көрсетіледі.
Басқа 2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салынатын кірісін есептеу үшін көрсеткіштер бойынша есептілікті ұсыну қағидалары
Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2023 жылғы 24 сәуірдегі
№ 26 Қаулыға
2-қосымша
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салынатын кірісін есептеу үшін көрсеткіштер бойынша есептілікті ұсыну қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салынатын кірісін есептеу үшін көрсеткіштер бойынша есептілікті ұсыну қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 190-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне, 231-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне және 249-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Есептілікті ұсыну тәртібі
2-тарау. Есептілікті ұсыну тәртібі
Тармақ 2
2. Есептілікті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – веб-портал) арқылы электрондық түрде ұсынады.
Тармақ 3
3. Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басшысының немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адамның және орындаушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған есептілік электрондық форматта сақталады.
Тармақ 5
5. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дұрыстығын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшысы немесе есепке қою функциясы жүктелген адам қамтамасыз етеді.