Об утверждении Правил оформления решения о выпуске обеспеченных цифровых активов Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі «СОГЛАСОВАН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу қағидалары
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 78/НҚ Бұйрықпен бекітілген Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) қамтамасыз етілген цифрлық актив – қамтамасыз етілген цифрлық активке қойылатын талаптарға сәйкес келетін, қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформа арқылы тіркелген цифрлық актив;
Тармақша 2
2) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтауға және айырбастауға арналған цифрлық платформа – белгілі бір ақпараттық өзара іс-қимылдарды жүзеге асыратын және ақпарат алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ететін нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған таратылған деректер платформасы негізінде құрылған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жиынтығы;
Тармақша 3
3) цифрлық активтер саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – цифрлық активтер саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 4
4) қамтамасыз етілген цифрлық активтердің айналымын шығаруды жүзеге асыратын тұлға – «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына рұқсаты бар, қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформаны пайдалануды жүзеге асыратын жеке кәсіпкер, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;
Тармақша 5
5) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешім (бұдан әрі – шешім) – қамтамасыз етілген цифрлық активтердің шығарылғанын растайтын Қазақстан Республикасы жеке кәсіпкерінің және (немесе) заңды тұлғасының құжаты. Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу тәртібі
2-тарау. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу тәртібі
Тармақ 3
3. Шешімді қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлға ресімдейді және мынадай мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтер: жеке кәсіпкер үшін – тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер; заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;
Тармақша 2
2) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган берген қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына рұқсат туралы;
Тармақша 3
3) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформаның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайдаланылатын технологиялардың атаулары туралы;
Тармақша 4
4) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқару органы немесе заңды тұлғаның атқарушы органы бекіткен ішкі бақылау қағидаларының және оны жүзеге асыру бағдарламасының болуы туралы;
Тармақша 5
5) жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз етілген цифрлық активтермен операцияларды сатып алуға, иеленуге және жасауға байланысты тәуекелдер туралы хабардар ету туралы;
Тармақша 6
6) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына бастамашы болған тұлғаның немесе қамтамасыз етілген цифрлық активпен куәландырылатын құқықтар тиесілі тұлғаның меншігіне мүліктік құқықтар туралы;
Тармақша 7
7) жеке және заңды тұлғаларға қамтамасыз етілген цифрлық активтермен куәландырылған құқықтар туралы хабарлау цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформада көрсетілген тұлғаға беру туралы жазба орналастырылған кезден бастап туындайды;
Тармақша 8
8) шығарылатын қамтамасыз етілген цифрлық активтерді куәландыратын құқықтардың түрі мен көлемі туралы: материалдық, зияткерлік қызметтер мен активтерге құқықпен куәландырылған қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформада шығарылатын қамтамасыз етілген цифрлық активтер жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлік) негізделеді; меншікке және (немесе) зияткерлік меншік құқығына мүліктік құқықтары расталған қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформада шығарылатын қамтамасыз етілген цифрлық активтер қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформаны пайдаланушылар арасындағы келісімге сәйкес белгіленеді;
Тармақша 9
9) басталуы кезінде қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару болды (аяқталды) деп танылатын технологиялық процестің сипаттамасы;
Тармақша 10
10) шығарылатын қамтамасыз етілген цифрлық активтерді орналастырудың басталу күні;
Тармақша 11
11) қаржылық мониторинг саласындағы уәкілетті органның порталында тіркелуі туралы.
Тармақ 4
4. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешім электрондық нысанда ресімделеді және оған қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаратын тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.
Тармақ 5
5. Заңның 7-бабына сәйкес қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешім қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды жүзеге асырған тұлғаның ресми интернет-ресурсында орналастырылуы тиіс және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға бастамашылық еткен тұлғаның міндеттемелері толық орындалғанға дейін қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешім негізінде шығарылған қамтамасыз етілген цифрлық активтердің барлық иелерінің алдында ашық қолжетімділікке ие болуы тиіс.