Об утверждении Регламента личного приема физических лиц и представителей юридических лиц должностными лицами Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы лауазымды адамдарының
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін
жеке қабылдауының регламентін
бекіту туралы
«Орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламентін бекіту, «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті мен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 560 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 214 қаулысының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика
бюросы басшысының
2023 жылғы «28» сәуір № 83
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Бюро) лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының тәртібін регламенттейді.
Тармақ 2
2. Бюрода жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды (бұдан әрі – қабылдау) Бюро басшысы және оның орынбасарлары жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдері Бюро басшысы және оның орынбасарларының қабылдауына келіскен жағдайда оларды көрсетілген лауазымды адамдар олар жүгінген күні қабылдауды жүргізеді.
Тарау 2. 2-тарау. Бюрода жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі
2-тарау. Бюрода жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі
Тармақ 4
4. Кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің(бұдан әрі – КЖҚҚД) қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлері күн сайын жұмыс күндері жұмыс уақытында түскі үзіліспен «электрондық үкімет» веб-порталындағы немесе «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесiндегі электрондық құжат, қағаз форматтағы, оның ішінде қолма-қол түскен немесе ауызша нысанда айтылған жолданымдар негізінде қабылдауға жазылуды жүргізеді.
Тармақ 5
5. Мәселенің мәні баяндалмаған жеке қабылдау туралы жолданым қаралмайды, бұл туралы арыз иесіне хабарланады.
Тармақ 6
6. Жолданымды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
Егер жеке қабылдау туралы өтініші бар жолданым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, ол туралы арыз иесіне
көрсетіледі және оны Кодекстің талаптарымен сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді.
Белгіленген мерзімде Кодекстің талаптарына сәйкес келтірілмеген жеке қабылдау туралы өтініші бар жолданым қайтарылуға жатады.
Тармақ 7
7. Бюрода осы Регламенттің 2-тармағында көрсетілген тұлғалар бекітілген кестеге сәйкес айына кемінде бір рет қабылдауды жүргізеді.
Тармақ 8
8. Лауазымды адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қабылдау күндері көрсетілген қабылдау кестелері мемлекеттік және орыс тілдерінде Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 4-кіреберіс мекенжайы бойынша бюро орналасқан Министрліктер үйінің 0(нөлінші)-қабатында көпшілікке көрінетін жерлерге ілінеді, сондай-ақ Бюроның ресми сайтында және «электрондық үкімет» веб-порталында орналастырылады.
Тармақ 9
9. Бюро басшысы орынбасарларының қабылдауы Бюро басшысының тиісті тапсырмасы бойынша бекітілген кестеден тыс қабылдауды өткізу күні көрсетіле отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 10
10. Қабылдаудың алдында жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі (бұдан әрі – арыз иесі) өзінің жеке басын куәландыратын құжатты, ал басқа тұлғалардың атынан жүгінген кезде – олардың мүдделерін білдіру өкілеттігін растайтын құжаттарды көрсетеді.
Тармақ 11
11. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 776-қбпү қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.
Қажет болған жағдайда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау аудармашының қатысуымен жүргізіледі.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдауда берген жолданымдары, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда оларды қараудың өзгеше қағидалары көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
Тармақ 12
12. Қабылдау жүгіну кезегі тәртібімен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, еңбек ардагерлері, мүгедектігі бар адамдар, жүкті әйелдер, «Алтын Қыран», «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» ордендерімен марапатталған адамдар кезектен тыс қабылданады.
Тармақ 13
13. Арыз иесінің келісімімен Бюро басшысының және оның орынбасарларының қабылдауы бейнеконференцбайланыс арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 14
14. Пандемиямен немесе жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты басқа да жағдайларға орай шектеу шаралары енгізілген жағдайда қабылдау бейнеконференцбайланыс арқылы ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Қабылдауға жазылу мына жағдайларда:
Тармақша 1
1) Бюроның құзыретіне кірмейтін мәселелер болса;
Тармақша 2
2) әкімшілік органның, лауазымды адамның жолданымда көрсетілген сол нысана туралы және сол негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушыға қатысты әкімшілік іс бойынша шешімі бар болса;
Тармақша 3
3) сол нысана туралы және сол негіздер бойынша сол адамға қатысты шығарылған заңды күшіне енген сот актісі бар болса;
Тармақша 4
4) әкімшілік орган, лауазымды адам жолданымды қайтарса;
Тармақша 5
5) әкімшілік орган, лауазымды адам арыз иесінен жолданымды кері қайтарып алуды қабылдаса, жүзеге асырылмайды.
Тармақ 16
16. Уақытша еңбекке жарамсыздық, қызметтік іссапар және басқа да жағдайлардың себебі бойынша қабылдау жүргізу мүмкін болмаған жағдайда қабылдаушы адам Бюроның қабылдауға жауапты қызметкерін жеке қабылдау өткізілгенге дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей немесе қабылдау өткізілетін күні хабардар етеді.
Тармақ 17
17. Қабылдау күнінде Бюрода қосымша арыздар мен басқа да ілеспе құжаттарды ресімдеуге (қажет болған жағдайда) көмектесетін заң консультанттары, психологтар және әлеуметтік қызметкерлер тартылуы мүмкін (волонтерлерді қабылдау күндері ғана тартуға болады).
Тармақ 18
18. Бюроның тиісті қызметкерлері қабылдау өткізген кезде, егер көтерілетін мәселе басқа да мүдделі органдар өкілдерінің құзыретіне қатысты болса, олардың қатысуы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 19
19. Бюроның құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері басқа мүдделі органдар өкілдерінің қабылдауға қатысуы туралы сұрау салу жіберілгеннен кейін, арыз иесін 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберілген сұрау салу туралы және қажет болған жағдайда қабылдауға жазылу туралы жолданымды қараудың ұзартылғаны туралы хабардар етеді.
Тармақ 20
20. Басқа мүдделі органдардың бірлесіп қабылдауға қатысудан бас тарту фактілері туралы ақпарат 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жіберіледі.
Тармақ 21
21. Қабылдау арыз иесінің қалауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. Қабылдау барысында КЖҚҚД қызметкерлері Бюро басшылығының шешімі бойынша қабылдауға қатысу үшін Бюроның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін қабылдауға қатысуға шақыра алады және тиісті лауазымды адамдармен қабылдау уақыты мен орнын келісе алады.
Тармақ 23
23. Қабылдау нәтижелері жолданым немесе тапсырмалар бойынша қабылдау барысында қабылданған шешімді көрсете отырып, оларды орындаудың нақты мерзімдері көрсетіліп хаттамаланады. Хаттамалық тапсырмалар жолданымдарға қоса тіркеледі.
Тармақ 24
24. Азаматтарды қабылдау дербес деректер мен мемлекеттік құпияларды не заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғау туралы талаптарды сақтай отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Тарау 3. 3-тарау. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау мәселелері жөніндегі жолданымдарды тіркеу және қарау тәртібі
3-тарау. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау мәселелері жөніндегі жолданымдарды тіркеу және қарау тәртібі
Тармақ 25
25. Қабылдауға жазылу туралы келіп түскен жолданымдарды КЖҚҚД қызметкерлері электрондық құжат айналымы жүйесінде немесе «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесінде олар келіп түскен күні тіркейді және Бюро басшылығына жібереді.
Егер жолданым жұмыс істемейтін күні келіп түскен болса, онда ол жақын уақыттағы кейінгі жұмыс күнімен тіркеледі.
Арыз иесі жеке өзі келген кезде немесе телефон байланысы арқылы ауызша нысанда келіп түскен жолданымдарды КЖҚҚД жеке хаттамаға енгізеді және осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес тіркелуге жатады.
Тармақ 26
26. Бюроның тиісті құрылымдық бөлімшесінің тікелей жолданымды қарайтын қызметкері материалдарды жинап, талдағаннан кейін Бюро басшылығының атына қабылдау күнін белгілеу немесе бас тарту туралы ұсыныспен анықтамалық ақпаратты қабылдау басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын дайындайды.
Тармақ 27
27. Қабылданған шешімнің қорытындысы бойынша Бюроның тиісті құрылымдық бөлімшесінің тікелей жолданымды қарайтын қызметкері Бюроның басшылығы қабылдайтын адамдардың тізімін қалыптастырады және оны қабылдау кестесіне енгізу үшін қоғамдық КЖҚҚД-ға жібереді.
Тармақ 28
28. КЖҚҚД қызметкері бекітілген тізімдерді қабылдау кестесіне кезектілік тәртібімен бөледі.
Тармақ 29
29. Тиісті құрылымдық бөлімшенің тікелей жолданымды қарайтын қызметкері жолданым тіркелген кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей арыз иесіне қабылдау уақыты мен күні көрсетілген жауапты жолдайды.
Тармақ 30
30. Мәні бойынша барынша пысықтауды талап ететін күрделі мәселе болған жағдайда, арыз иесіне жолданымды қарау мерзімін жолданым тіркелген кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзарту туралы хат жіберіледі.
Жолданымды қарау мерзімі Бюро басшылығының уәжді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ арызды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттілігіне байланысты екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Бұл туралы арыз иесі жолданымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
Тармақ 31
31. КЖҚҚД қызметкерлерінің Бюро басшылығының қабылдауды ұйымдастыруы үшін қажетті материалдарды ұсыну, қабылдауды өткізу практикасын талдау және қорыту туралы талаптары Бюроның құрылымдық бөлімшелері үшін орындауға міндетті болып табылады.
Тармақ 32
32. Қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей арыз иесіне тыңдау рәсімін жүргізу үшін бас тарту туралы алдын ала шешім жобасы жіберіледі.
Қабылдаудан бас тартылған жағдайда тыңдау рәсімі Кодекстің 73-бабының бірінші бөлігінде көзделген тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 33
33. Тыңдау рәсімін ұйымдастыру және өткізу тәртібі Кодекстің 66, 73 және 74-баптарының талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Қабылдау қорытындысы бойынша тапсырмалардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру
4-тарау. Қабылдау қорытындысы бойынша тапсырмалардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру
Тармақ 34
34. Қабылдау қорытындысы бойынша дайындалған хаттамалық тапсырмаларды бақылауды КЖҚҚД жүзеге асырады.
Тармақ 35
35. Арыз иесіне түпкілікті уәжді жауап қабылдаудан келіп түскен жолданымды бақылаудан алу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 36
36. Қабылдау барысында арыз иесі берген жолданымдар «жеке қабылдаудан» деген белгі қойылып, электрондық құжат айналымы жүйесінде немесе «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесiнде тіркеледі.
Тармақ 37
37. Қабылдаудан түскен жолданымды бұған дейін қараған қызметкерге тапсыруға жол берілмейді.
Тармақ 38
38. КЖҚҚД қызметкерлері тұрақты негізде арыз иелерінің қанағаттану деңгейіне мониторинг жүргізеді, консультация алған және жеке қабылдауға жазылудан бас тартқан арыз иелеріне телефон байланысы арқылы іріктеп сауалнама жүргізеді.
Тармақ 39
39. КЖҚҚД басқа мүдделі құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, мыналарды:
Тармақша 1
1) өткізілетін қабылдаулар шеңберінде Бюроның жұмысын ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді;
Тармақша 2
2) қабылдауға тартылған жауапты лауазымды адамдардың, оның ішінде басқа да мүдделі органдардың жауапты лауазымды адамдарының қатысуын;
Тармақша 3
3) арыз иесімен кері байланысты (қажеттілікке қарай)қамтамасыз етеді.
Тармақ 40
40. Бюроның азаматтарды қабылдау бойынша жұмысының нәтижелері Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне тоқсанына кемінде бір рет ұсынылады.