Об утверждении Регламента личного приема физических и представителей юридических лиц должностными лицами аппарата акима Костанайской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 214 «Орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламентін бекіту, «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті мен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 560 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Қостанай облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті
Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 204 қаулысымен бекітілген Қостанай облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті Қостанай облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау тәртібін регламенттейді.
Тармақ 2
2. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды (бұдан әрі – қабылдау) Қостанай облысы әкімі аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінде (бұдан әрі – қоғамдық қабылдау бөлмесі), сондай-ақ азаматтарды қабылдау орталықтарында мына лауазымды және өзге де адамдар жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Қостанай облысының әкімі және оның орынбасарлары;
Тармақша 2
2) Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы және оның орынбасарлары;
Тармақша 3
3) Қостанай облысы әкімі аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;
Тармақша 4
4) облыс әкімі аппаратының қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге қызметкерлері.
Тармақ 3
3. Азаматтарды қабылдау орталықтарында мемлекеттік органдардың регламенттерінде белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдері Қостанай облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті басшыларының қабылдауына келіскен жағдайда оларды көрсетілген лауазымды адамдар олар жүгінген күні қабылдауды жүргізеді.
Тарау 2. 2-тарау. Қостанай облысы әкімінің аппаратында, сондай-ақ азаматтарды қабылдау орталықтарында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі
2-тарау. Қостанай облысы әкімінің аппаратында, сондай-ақ азаматтарды қабылдау орталықтарында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі
Тармақ 5
5. Қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер күн сайын жұмыс күндері, түскі үзілісі бар жұмыс уақытында «электрондық үкімет» веб-порталындағы немесе «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесiндегі электрондық құжат, қағаз форматтағы, оның ішінде қолма-қол келіп түсетін не қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкеріне ауызша нысанда айтылған жолданымдар, сондай-ақ қоғамдық қабылдау бөлмелерінің сall-орталықтарына келіп түскен өтінімдер негізінде қабылдауға жазылуды жүргізеді.
Тармақ 6
6. Мәселенің мәні баяндалмаған жеке қабылдау туралы жолданым қаралмайды, бұл туралы арыз иесіне хабарланады.
Тармақ 7
7. Жолданымды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады. Егер жеке қабылдау туралы өтініші бар жолданым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, ол туралы арыз иесіне көрсетіледі және оны Кодекстің талаптарымен сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді. Белгіленген мерзімде Кодекстің талаптарына сәйкес келтірілмеген жеке қабылдау туралы өтініші бар жолданым қайтарылуға жатады.
Тармақ 8
8. Осы Регламенттің 2-тармағында көрсетілген адамдардың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде қабылдауы әкім бекіткен кестеге сәйкес айына кемінде бір рет жүргізіледі. Облыс әкімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес халықпен кездесулерді өткізгеннен кейін де азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді.
Тармақ 9
9. Осы Регламенттің 2-тармағында көрсетілген адамдардың азаматтарды қабылдау орталықтарында қабылдауы Регламентке қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қостанай облысының әкімі бекіткен кестеге сәйкес айына кемінде бір рет жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Лауазымды адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қабылдау күндері көрсетілген қабылдау кестелері мемлекеттік және орыс тілдерінде қоғамдық қабылдау бөлмелерінің, азаматтарды қабылдау орталықтарының үй-жайларында көпшілікке көрінетін жерлерге ілінеді, сондай-ақ Қостанай облысы әкімдігінің ресми сайтында орналастырылады.
Тармақ 11
11. Қостанай облысы әкімі орынбасарларының қабылдауы әкімнің тиісті тапсырмасы бойынша бекітілген кестеден тыс, қабылдау өткізілетін күні көрсетіле отырып, жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 12
12. Қабылдаудың алдында жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі (бұдан әрі – арыз иесі) өзінің жеке басын куәландыратын құжатты, ал басқа тұлғалардың атынан жүгінген кезде – олардың мүдделерін білдіру өкілеттігін растайтын құжаттарды көрсетеді.
Тармақ 13
13. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі. Қажет болған жағдайда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау аудармашының қатысуымен жүргізіледі. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдауда берген жолданымдары, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда оларды қараудың өзгеше қағидалары көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
Тармақ 14
14. Қабылдау жүгіну кезегі тәртібімен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, еңбек ардагерлері, мүгедектігі бар адамдар, жүкті әйелдер, «Алтын Қыран», «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» ордендерімен марапатталған адамдар кезектен тыс қабылданады.
Тармақ 15
15. Арыз иесінің келісімімен облыс әкімінің және оның орынбасарларының қабылдауы бейнеконференцбайланыс арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 16
16. Пандемиямен немесе жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты басқа да жағдайларға орай шектеу шаралары енгізілген жағдайда қабылдау бейнеконференцбайланыс арқылы ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Қабылдауға жазылу мына жағдайларда:
Тармақша 1
1) облыс әкімінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша;
Тармақша 2
2) әкімшілік органның, лауазымды адамның жолданымда көрсетілген сол нысана туралы және сол негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушыға қатысты әкімшілік іс бойынша шешімі бар болса;
Тармақша 3
3) сол нысана туралы және сол негіздер бойынша сол адамға қатысты шығарылған заңды күшіне енген сот актісі бар болса;
Тармақша 4
4) әкімшілік орган, лауазымды адам жолданымды қайтарса;
Тармақша 5
5) әкімшілік орган, лауазымды адам арыз иесінен жолданымды кері қайтарып алуды қабылдаса, жүзеге асырылмайды.
Тармақ 18
18. Уақытша еңбекке жарамсыздық, қызметтік іссапар және басқа да жағдайлардың себебі бойынша қабылдау жүргізу мүмкін болмаған жағдайда қабылдаушы адам қабылдауға жауапты қызметкерді жеке қабылдау өткізілгенге дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын немесе қабылдау өткізілетін күні хабардар етеді.
Тармақ 19
19. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде және азаматтарды қабылдау орталықтарында қабылдау күні қосымша жолданымдар мен басқа да ілеспе құжаттарды ресімдеуге (қажет болған жағдайда) көмектесетін заң консультанттары, психологтар және әлеуметтік қызметкерлер (волонтерлерді қабылдау күндері ғана тартуға болады) тартылуы мүмкін.
Тармақ 20
20. Азаматтарды қабылдау орталықтарының және Қостанай облысы әкімі аппараттарының тиісті қызметкерлері қабылдау өткізген кезде басқа да мүдделі органдар өкілдерінің қатысуы, егер көтерілетін мәселе олардың құзыретіне қатысты болса, қамтамасыз етіледі.
Тармақ 21
21. Басқа мүдделі органдар өкілдерінің қабылдауға қатысуы туралы сұрау салу жіберілгеннен кейін, арыз иесі 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберілген сұрау салу туралы және қажет болған жағдайда қабылдауға жазылу туралы жолданымды қараудың ұзартылғаны туралы хабардар етіледі.
Тармақ 22
22. Басқа мүдделі органдардың бірлесіп қабылдауға қатысудан бас тарту фактілері туралы ақпарат 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жіберіледі.
Тармақ 23
23. Қабылдау арыз иесінің қалауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Қабылдау барысында қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері қабылдауға қатысу үшін жергілікті мемлекеттік органның, облыс әкімі аппаратының қызметкерлерін қабылдауға қатысуға шақыра алады немесе тиісті лауазымды адамдармен қабылдау уақыты мен орнын келісе алады.
Тармақ 25
25. Қабылдау нәтижелері жолданым немесе тапсырмалар бойынша қабылдау барысында қабылданған шешімді көрсете отырып, оларды орындаудың нақты мерзімдері көрсетіліп хаттамаланады. Хаттамалық тапсырмалар жолданымдарға қоса тіркеледі.
Тармақ 26
26. Азаматтарды қабылдау дербес деректер мен мемлекеттік құпияларды не заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғау туралы талаптарды сақтай отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Тарау 3. 3-тарау. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау мәселелері жөніндегі жолданымдарды тіркеу және қарау тәртібі
3-тарау. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау мәселелері жөніндегі жолданымдарды тіркеу және қарау тәртібі
Тармақ 27
27. Қабылдауға жазылу туралы келіп түскен барлық жолданымдарды қоғамдық қабылдау бөлмесінің және азаматтарды қабылдау орталығының қызметкерлері электрондық құжат айналымы жүйесінде не «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесінде олар келіп түскен күні тіркейді және жолданымдардың қаралуына бақылауды жүзеге асыратын жауапты қызметкерге (бұдан әрі – жауапты қызметкер) алдын ала қарау үшін жібереді.
Тармақ 28
28. Жауапты қызметкер Қостанай облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің және азаматтарды қабылдау орталықтарының қатысуымен материалдарды жинап, талдағаннан кейін Қостанай облысы әкімінің атына қабылдау күнін белгілеу немесе бас тарту туралы ұсыныспен анықтамалық ақпаратты қабылдау басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын дайындайды.
Тармақ 29
29. Қабылданған шешімнің қорытындылары бойынша Бөлім облыс әкімі және оның орынбасарлары қабылдайтын тұлғалардың тізімін қалыптастырады және оны қабылдау кестесіне енгізу үшін қоғамдық қабылдау бөлмесіне жібереді.
Тармақ 30
30. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің және азаматтарды қабылдау орталықтарының жауапты қызметкері бекітілген қабылдау кестесіне тізімдерді кезектілік тәртібімен бөледі.
Тармақ 31
31. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің және азаматтарды қабылдау орталықтарының жауапты қызметкері жолданым тіркелген кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде арыз иесіне қабылдау уақыты мен күні көрсетілген жауапты жолдайды.
Тармақ 32
32. Барынша пысықтауды талап ететін күрделі мәселе болған жағдайда, Бөлімнің қорытындысы негізінде арыз иесіне жолданым тіркелген кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын қарау мерзімін ұзарту туралы хат жіберіледі. Жолданымды қарау мерзімі мемлекеттік орган басшысының немесе облыс әкімінің немесе олардың орынбасарларының уәжді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ арызды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттілігіне байланысты екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Бұл туралы арыз иесі жолданымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
Тармақ 33
33. Қоғамдық қабылдау бөлмесі және азаматтарды қабылдау орталығы уәкілетті қызметкерлерінің лауазымды адамдар мен олардың орынбасарларының қабылдауды ұйымдастыруы үшін қажетті материалдарды ұсыну, қабылдауды өткізу практикасын талдау және жинақтап қорыту туралы талаптары орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдері аппараттарының орындауы үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 34
34. Қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей арыз иесіне тыңдау рәсімін жүргізу үшін бас тарту туралы алдын ала шешім жобасы жіберіледі. Қабылдаудан бас тартылған жағдайда тыңдау рәсімі Кодекстің 73-бабының бірінші бөлігінде көзделген тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 35
35. Тыңдау рәсімін ұйымдастыру және өткізу тәртібі Кодекстің 66, 73 және 74-баптарының талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Қабылдау қорытындысы бойынша тапсырмалардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру
4-тарау. Қабылдау қорытындысы бойынша тапсырмалардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру
Тармақ 36
36. Қабылдау қорытындысы бойынша дайындалған хаттамалық тапсырмаларды бақылауды тікелей Бөлім жүзеге асырады.
Тармақ 37
37. Арыз иесіне түпкілікті уәжді жауап қабылдаудан келіп түскен жолданымды бақылаудан алу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 38
38. Қабылдау барысында арыз иесі берген жолданымдар «жеке қабылдаудан» деген белгі қойылып, электрондық құжат айналымы жүйесінде немесе «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесiнде тіркеледі.
Тармақ 39
39. Қабылдаудан түскен жолданымды бұған дейін қараған қызметкерге тапсыруға жол берілмейді.
Тармақ 40
40. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің және азаматтарды қабылдау орталығының қызметкерлері тұрақты негізде арыз иелерінің қанағаттану деңгейіне мониторинг жүргізіп, консультация алған және жеке қабылдауға жазылудан бас тартқан арыз иелеріне телефон байланысы арқылы іріктеп сауалнама жүргізуі тиіс
Тармақ 41
41. Бөлім облыс әкімі аппаратының мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, мыналарды:
Тармақша 1
1) өткізілетін қабылдаулар шеңберінде Қостанай облысы әкімі мен оның орынбасарларының жұмысын ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді;
Тармақша 2
2) қабылдауға тартылған жауапты лауазымды адамдардың, оның ішінде басқа да мүдделі органдардың жауапты лауазымды адамдарының қатысуын;
Тармақша 3
3) арыз иесімен кері байланысты (қажеттілікке қарай);
Тармақша 4
4) қоғамдық қабылдау бөлмелерінің, азаматтарды қабылдау орталықтарының шеңберінде жұмыс істейтін сall-орталықтардың, оның ішінде төтенше жағдай, төтенше ахуал режимдерін, эпидемиологиялық сипаттағы карантиндік шараларды енгізумен, техногендік авариялармен және халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өзге де апаттармен байланысты шектеу шаралары қабылданған жағдайда үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 42. Қостанай облысы әкімдігі басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі
42. Қоғамдық қабылдау бөлмелері және азаматтарды қабылдау орталықтары жұмысының нәтижелері туралы тұрақты негізде (тоқсанына кемінде бір рет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратын хабардар ету қажет. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыстарының нәтижелері тоқсанына кемінде бір рет Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөліміне ұсынылады. Қостанай облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентіне қосымша Бекітемін __________________________ Қостанай облысының әкімі Қостанай облысы әкімдігі басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі Мемлекеттік органның атауы Азаматтарды қабылдауды жүргізетін тұлғаның Т.А.Ә. Азаматтарды қабылдауды жүргізетін тұлғаның лауазымы Азаматтарды қабылдау күні мен уақыты Мемлекеттік органның, ұйымның орналасқан жері Байланыс телефоны, электрондық мекенжайы