Об установлении ограничительных мероприятий в селе Солдатово Солдатовского сельского округа Катон-Карагайского района Восточно-Казахстанской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солдатово ауылдық округінің Солдатово ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 – бабының 2 – тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 – бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 153 ұсынысына сәйкес, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солдатово ауылдық округінің Солдатово ауылында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.