Об утверждении Правил создания, лицензирования, регулирования, прекращения деятельности организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының мынадай:
Тармақша 1
1) "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы N 271 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 888 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 30 тамыз - 12 қыркүйекте жарияланған);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 888 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы N 271 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2002 жылғы 8 қарашадағы N 437 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2089 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 16-31 желтоқсанда жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) және Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасы (Жерембаев Е.Е.) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз басылымдарына жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Операция басқармасы (Төлеутаева Ә.Қ.) қабылданған шешім туралы ақпаратты жариялауға байланысты шығыстарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасының шығыстар сметасының бюджеті есебінен төлесін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Басқа 12. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 445 қаулысымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесі Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" (бұдан әрі - Банктер туралы Заң), " Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату тәртібін айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым - банк болып табылмайтын, қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) лицензиясы негізінде Банктер туралы Заңда көзделген банктік және өзге де операциялардың жекелеген түрлерін жүргізуге құқылы заңды тұлға.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - банктік емес ұйым) жекелеген түрлерін құру, қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату тәртібі реттелетін болса, көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің тиісті нормалары қолданылады.
Тармақ 3
3. Бірде бір банктік емес ұйым Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға құқылы емес.
Тармақ 4
4. Банктік емес ұйымға лицензия Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес екінші деңгейдегі банктер ғана жүзеге асыратын банк операцияларын қоспағанда, Банктер туралы Заңда көзделген бір немесе бірнеше операцияларға беріледі. Бұл ретте, төменде көрсетілген банк операциялары осы Ереженің 6-тармағында көзделген жағдайлардан басқасы, тек мынадай тәртіппен қоса атқарылады:
Тармақша 1
1) аударым операцияларымен кассалық операциялар;
Тармақша 2
2) ипотека заемдары бойынша талап ету құқықтарын басқаруға қатысты сенімгерлік операцияларымен заем операциялары. Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған операцияларды басқа банктік операциялармен қоса атқаруға болмайды.
Тармақ 5
5. Банктер туралы Заңның 30-бабы 2-тармағының к), л), н), о) тармақшаларында, сондай-ақ п) тармақшасында (қызметтің ерекше түрі шетел валютасымен айырбастау операциясын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар үшін) көзделген операцияларды жүргізуге лицензияларды беру тәртібі мен талаптары Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган айрықша жағдайларда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Ұлттық Банктің шешімдері болса, құрылтайшысы және/немесе қатысушысы (акционері):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан мемлекет;
Тармақша 2
2) Ұлттық Банк;
Тармақша 3
3) жалғыз құрылтайшысы және/немесе қатысушысы Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан мемлекет не Ұлттық Банк болып табылатын заңды тұлға болса банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге лицензия бере алады.
Тармақ 7
7. Банктік емес ұйым филиалдар немесе өкілдіктер ашқан (жапқан) кезде әділет органдарында есепті тіркеуден өткеннен (тіркеудің күшін жойғаннан) кейін екі апталық мерзімде банктік емес ұйым уәкілетті ұйымға филиалды немесе өкілдікті ашу (жабу) туралы хабарламаны және филиал немесе өкілдік туралы нотариат куәландырған ереженің көшірмесін (ашқан кезде ұсынылады) ұсынады.
Тарау 2. 2-тарау. Банктік емес ұйымдарды құру, лицензиялау
2-тарау. Банктік емес ұйымдарды құру, лицензиялау
Тармақ 8
8. Банктік емес ұйым өз қызметін өндірістік кооперативтен басқа, кез келген ұйымдық-құқықтық нысандарда құрыла және жүзеге асыра алады.
Тармақ 9
9. Банктік емес ұйым құрылтай құжаттары (құжаты) негізінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылады әрі іс-әрекет етеді.
Тармақ 10
10. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда банктік емес ұйым енгізілген өзгерістерді тіркеу туралы әділет органының белгісі бар құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды ұсына отырып бұл жөнінде уәкілетті органға хабардар етеді.
Тармақ 11
11. Бірде-бір заңды тұлғаның уәкілетті органның лицензиясы болмай банк операцияларын жүргізуге құқығы жоқ. Құрылтай құжаттарында банк және өзге де операцияларды жүргізу көзделген заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бір жыл ішінде лицензияны беру туралы өтінішпен уәкілетті органға хабарласады.
Тармақ 12
12. Банктік емес ұйымға лицензия уәкілетті орган рұқсат еткен жағдайларды қоспағанда, тек теңгемен операцияларды жүргізуге беріледі.
Тармақ 13
13. Банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия (бұдан әрі - лицензия) осы Ереженің 1-қосымшасына сай нысан бойынша шектелмеген мерзімге беріледі және үшінші тұлғаларға берілмейді.
Тармақ 14
14. Лицензияны алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға:
Тармақша 1
1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көзделген құжаттарды;
Тармақша 2
2) Банктер туралы Заңның 26-бабының 2-тармағы талаптарының орындалуын растайтын құжаттарды. Мұндайда, банктік емес ұйымның жарғылық капиталының төленгені бастапқы төлем құжаттарымен (төлем тапсырмасымен, кіріс кассалық ордерлермен) расталады;
Тармақша 3
3) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен Жарғы мен құрылтай шартының нотариат куәландырған көшірмелерін;
Тармақша 4
4) лицензияны алу мақсаты мен қажеттілігін сипаттайтын барлық жоспарланған банктік және өзге операциялар бойынша экономикалық негіздемені;
Тармақша 5
5) Банк заңдарының талаптарына сәйкес банктік емес ұйымның операцияларды жүргізудің жалпы талаптары жөніндегі ережені ұсынады. Банктік емес ұйымның әрбір түрі бойынша жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін уәкілетті орган белгілейді және осы сома шегінде тек ақшамен төленуі тиіс (Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен жалғыз құрылтайшысы мемлекет болып табылатын банктік емес ұйымның жарғылық капиталының өзге мөлшері мен қалыптасу тәртібі көзделуі мүмкін жеке жағдайларды қоспағанда). Банктік емес ұйымның үй-жайы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген күзетілетін объектілердің техникалық бекітілуіне және дабылмен жабдықталуына қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс. Банктер туралы заңның 30-бабының 2-тармағының г), м) тармақшаларында және 3-тармағының а), б) тармақшаларында көзделген операциялар жүзеге асырылған жағдайда банктік емес ұйым уәкілетті органға Ұлттық Банк берген және үй-жайдың Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды береді. Банктер туралы Заңның 30-бабы 2-тармағының п) тармақшасында көзделген операцияларды жүргізуге берілетін лицензияны алу үшін Ұлттық Банктің оң қорытындысы талап етіледі. Банктік емес ұйымның басшы қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті органмен міндетті келісуге жатады.
Тармақ 15
15. Лицензияны беру туралы өтінішті уәкілетті орган барлық қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап бір ай ішінде қарауы тиіс.
Тармақ 16
16. Банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізуге лицензияны алу үшін жұмыс істеп тұрған банктік емес ұйым мынадай талаптарды орындауы қажет:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган банктік емес ұйым үшін пруденциалдық нормативтерді және сақтауға міндетті өзге нормалар мен лимиттерді белгілеген жағдайда лицензияны алуға өтінішті бергенге дейінгі алты ай ішінде орындау;
Тармақша 2
2) лицензияны алуға өтінішті бергенге дейінгі үш ай ішінде қабылданған шектеулі ықпал ету шараларының болмауы.
Тармақ 17
17. Банктік емес ұйымға операциялардың қосымша түрлеріне лицензия берілген кезде оған банктік емес ұйымға рұқсат етілген операциялардың барлық тізбесі енгізіледі. Банктік емес ұйымға бұрын берілген лицензия уәкілетті органға қайтарылуға жатады.
Тармақ 18
18. Операциялардың қосымша түрлеріне лицензияны беру туралы өтініш осы Ереженің 15-тармағында айқындалған мерзімде қаралуы тиіс.
Тармақ 19
19. Банктік емес ұйымға банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны беруден бас тарту ұсынылған құжаттар осы Ереженің 14-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Лицензияны беруден бас тартқан кезде өтініш берушіге жазбаша түрде және лицензияны беру үшін белгіленген мерзімде дәлелденген жауап беріледі.
Тармақ 21
21. Уәкілетті орган осы Ереженің 2-қосымшасына сай нысандар бойынша берілген, қайта ресімделген, тоқтата тұрылған және қайтарылған лицензиялардың тізілімін жүргізеді.
Тарау 3. 3-тарау. Банктік емес ұйымдардың қызметін реттеу тәртібі
3-тарау. Банктік емес ұйымдардың қызметін реттеу тәртібі
Тармақ 22
22. Банктік емес ұйымдар өз қызметін Банктер туралы Заңның 31-бабына сәйкес әзірленген тек Операцияларды жүргізудің жалпы талаптары туралы ереже және Ішкі ереже болған кезде жүзеге асырады. Операцияларды жүргізудің жалпы талаптары туралы ережеде банктік емес ұйым жүзеге асыратын барлық банктік және өзге операциялар жөніндегі мәліметтер мен рәсімдер болуы тиіс.
Тармақ 23
23. Банктік емес ұйымдар уәкілетті органға өзінің қаражаты, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жердегі қаражаты, олар жүргізетін операциялар, берілген және алынған заемдардың мөлшері туралы мәліметтерді және өзге мәліметтерді қоса алғанда, оның сұратуы бойынша кез келген ақпаратты ұсынады.
Тармақ 24
24. Банктік емес ұйым Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда уәкілетті орган оған ықпал етудің шектеулі шараларын және Банктер туралы Заңның 47-бабының а), б), е) тармақшаларында көзделген санкцияларды қолданады.
Тармақ 25
25. Банктік емес ұйымның лицензиясы қайтарылған жағдайда уәкілетті орган бір ай ішінде қабылданған шешім туралы әділет органдарын (тіркеу органдарын) хабардар етеді.
Тарау 4. 4-тарау. Қорытынды ережелер
4-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 26
26. Банктік емес ұйымдарды қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттелуі тиіс.
Басқа 56. Уәкілетті органның фирмалық рәмізі
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесіне 1-қосымша Уәкілетті органның фирмалық рәмізі Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның теңгемен Қазақстан Республикасының банк заңдарында көзделген операциялар жүргізуге ______________________________________________ (уәкілетті органның атауы) лицензиясы нөмірі ____ __                            жылғы " __" ____________ __________________________________________________________________ мемлекеттік тіркеу нөмірі __________________________________________________________________ (банк операцияларының жекелеген түрлерін __________________________________________________________________ жүзеге асыратын ұйымның толық атауы) Осы лицензия мынадай операцияларды жүргізуге құқық береді: 1._______________________________________ 2._______________________________________ 3._______________________________________ Осы лицензияның талаптарынан туындайтын құқықтар үшінші тұлғаларға берілмейді. Осы лицензия бір данада беріледі. Төрағаның орынбасары
Басқа 57. Уәкілетті органның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың берілген, қайта ресімделген, тоқтата тұрылған, қайтарылып алынған лицензияларын есепке алу жөніндегі тізілімі
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесіне 1-қосымша Уәкілетті органның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың берілген, қайта ресімделген, тоқтата тұрылған, қайтарылып алынған лицензияларын есепке алу жөніндегі тізілімі __________________________________________________________________ Лицен.|Ұйымның|Лицензияның|Лицензияны |Лицензияда |Лицензияны зияның| атауы | берілген  |беру (қайта|көзделген  |қайтарып алу, N  |       |  (қайта   | ресімдеу) |операциялар|   тоқтата |       |  ресім.   |негіздемесі|  тізбесі  |  тұру күні |       |  делген)  |           |           | |       |   күні    |           |           | __________________________________________________________________ 1      2        3           4            5           6 __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________