Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Бурлинскому району Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бөрлі ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бөрлі ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Бөрлі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 2-23 шешіміне қосымша Бөрлі ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер Ата­уы Есеп­тік бір­лік Тең­ге (қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы­сыз) Жай­лы үй­лер бір тұр­ғын­нан ай­ы­на 413,3 Жай­лы емес үй­лер бір тұр­ғын­нан ай­ы­на 436,52 Бір бір­лі­гіне (кө­ле­міне) жыл­дық та­риф 1 м3 5098,93 * Ескерту: мөлшерінде жеңілдіктер қарастырылған: 50% - Ұлы Отан соғысына қатысушыларға; 50%- бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға; 50%- екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға; 50%- Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарынан мүгедек болған адамдарға; 25% -1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға; 25%- Арал өңіріндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен адамдарға; 25%- экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдарға. Қоқыс шығарушы ұйым халықтың әлеуметтік осал топтарының тиісті санатына жататындығы туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тұтынушы өтініш берген күннен бастап қайта есептеуді орындайды және жеңілдіктерді қолданады.