О городской комиссии по защите прав несовершеннолетних Қолданыста
Басқа 0
Кәмілетке толмағандардың құқықтарын
қорғау жөніндегі қалалық комиссия туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабын басшылыққа алып, "Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы N 789 қаулысына сәйкес, кәмелетке толмағандардың қылмысының, құқық бұзушылығы және қараусыздығының алдын-алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; кәмелетке толмағандар тарапынан қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау мәселесінде құқық қорғау, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдары мен қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіру мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссия құрылсын (бұдан әрі - Комиссия).
Тармақ 2
2. Қоса берілген комиссия туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Комиссия құрамы заңнамада белгіленген тәртіп бойынша бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.И.Тарасенкоға жүктелсін.
Басқа 5. Kәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау
жөніндегі қалалық Комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Oрал қаласы әкімдігінің
2003 жылғы 11 желтоқсандағы
N 1318 қаулысымен
бекітілді
Kәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау
жөніндегі қалалық Комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссия (бұдан әрі - Комиссия) кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының, құқық бұзушылығы мен қараусыздығының алдын-алу мәселелерін кешенді шешу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында құрылған тұрақты орган.
Тармақ 2
2. Қалалық Комиссия қала әкімдігі жанында құрылады.
Тармақ 3
3. Комиссия төраға (қала әкімінің орынбасары), төрағаның орынбасарлары, қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасарлары, Комиссияның 6-12 мүшесі және қала әкімі аппаратының штаттық қызметкері болып табылатын Комиссияның жауапты хатшысынан құрылады.
Тармақ 4
4. Комиссия ішкі істер органдары, білім, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау органдарының және кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының, құқық бұзушылығы мен қараусыздығының алдын алуға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мүдделі басқа да ведомстволардың өкілдерін біріктіреді.
Тармақ 5
5. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы ереже және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Комиссия өз қызметі үшін қала әкімдігі алдында жауапты.
Тармақ 7
7. Комиссия қызметі келесі қағидаларға негізделеді:
кәмелетке толмағандарға ізгілікпен қарау;
кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе заңды уәкіліне құрметпен қарау;
кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе заңды уәкілдері жөніндегі ақпараттың құпиялылығы;
кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша ата-анасымен және заңды уәкілдерімен қарым-қатынас;
кәмелетке толмағанның құқықтарын және заңды мүдделерін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар мен азаматтардың жауапкершілігі.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі функциялары
2. Комиссияның негізгі функциялары
Тармақ 8
8. Қалалық Комиссияның негізгі функциялары мыналар:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың денсаулығын қорғау, өмір сүру, тәрбиелену, білім алу, еңбек және демалыс жағдайын жақсартуға арналған шараларды дайындау, сондай-ақ өз құзыреті шегінде олардың орындалуын қадағалау;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының, құқық бұзушылығының, қараусыздығы мен қоғамға қарсы іс-әрекеттерінің алдын алуға, олардың туындау себептерін жоюға, балалар мен жасөспірімдерді орналастыруға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға арналған қалалық шараларды дайындауға қатысу;
Тармақша 3
3) комиссия қаулыларында аталған кемшіліктерді жоюға арналған шараларды орындамаған немесе қабылдамаған лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде белгілі тәртіп бойынша ұсыныс енгізу;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы, құқық бұзушылығы, қараусыздығы мен қоғамға қарсы іс-әрекеттерінің алдын алу жұмысының ахуалы және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтың анықталған деректері жөнінде мүдделі органдарды хабарландыру;
Тармақша 5
5) балаларды тәрбиелеу және оқытумен айналысатын органдар мен ұйымдардың кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының, құқық бұзушылығы және қараусыздығының алдын алу мәселесін шешудегі озық жұмыс тәжірибесін жинақтап қорыту, тарату, оларға ұйымдық-әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 6
6) әділет басқармасында белгілі тәртіп бойынша тіркелген қоғамдық бірлестіктермен, діни ұйымдармен, басқа да ұйымдармен және азаматтармен құқық бұзушылық пен қараусыздық мәселелері бойынша қарым-қатынас;
Тармақша 7
7) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу немесе шектеуге қатысты кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналары, заңды уәкілдері немесе басқа тұлғалардың шағымдары мен арыздарын қарау;
Тармақша 8
8) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде белгілі тәртіп бойынша сотқа жүгіну;
Тармақша 9
9) кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының, құқық бұзушылығы мен қоғамға қарсы іс-әрекеттерінің туындауының себептерін анықтап алып талдау және оларды жоюға арналған шараларды белгілеу;
Тармақша 10
10) білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, орналастыру, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау саласында заңнаманың бұзылуы жөнінде ұсынба енгізу.
Тармақ 9
9. Қалалық Комиссияның негізгі функциялары:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандарға құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда қолдау көрсету;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы, қараусыздығы және қоғамға қарсы іс-әрекеттерінің алдын алу жұмысының ахуалы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы жөніндегі анықталған деректер жөнінде мүдделі ведомстволарды хабарландыру;
Тармақша 3
3) өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайдағы кәмелетке толмағандарды анықтау және әлеуметтік сауықтыру; кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және күтім көрсету, денсаулығы мен өмірін қорғау жөніндегі міндеттерін атқармайтын, дұрыс дамып-жетілуіне теріс әсер тигізетін, қатыгездік танытатын ата-аналарды немесе басқа да заңды уәкілдерді анықтау;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу немесе шектеуге қатысты кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналары немесе басқа да заңды уәкілдерінің шағымдары мен арыздарын қарау;
Тармақша 5
5) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде белгілі тәртіп бойынша сотқа жүгіну;
Тармақша 6
6) мемлекеттің көмегіне мұқтаж кәмелетке толмағандарды қолдау жөнінде қамқорлық және қорғаншылық органдарына ұсыныс енгізу;
Тармақша 7
7) кәмелетке толмағандарды тәні мен жүйесін зорлаудан, барлық дискриминация түрлерінен, жыныстық және басқа қанау түрлерінен, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы іс-әрекеттерге тартудан қорғауға бағытталған шаралар алу;
Тармақша 8
8) қылмыстық жауапкершілік жасына толмаған кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық белгілері бар қоғам үшін қауіпті әрекеттер жөніндегі деректемелерді қарау;
Тармақша 9
9) әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істерді әкімшілік заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде қарау;
Тармақша 10
10) әкімшілік заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде хаттамалар ресімдеу;
Тармақша 11
11) балаларды тәрбиелеумен, кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының, құқық бұзушылығы мен қараусыздығының алдын-алумен айналысатын мемлекеттік органдарға және басқа да органдарға, олардың ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан тәрбие колониясынан босатылған, арнайы білім ұйымнан оралған, әкімшілік жазаға тартылған, білім ұйымдары тарапынан көмек пен бақылауға мұқтаж басқа да кәмелетке толмағандармен жеке алдын алу жұмысын өткізу қажеттілігі жөнінде ақпарат жолдау;
Тармақша 12
12) ата-аналарының келісімімен емдеу-алдын және сауықтыру шараларын қабылдау үшін денсаулық сақтау мекемелеріне спирттік ішімдіктер ішетін, есірткі, психотропты немесе есеңгіретенін заттарды қолданатын кәмелетке толмағандар жөніндегі деректемелер жіберу;
Тармақша 13
13) мектеп жасындағы кәмелетке толмағандардың ұзақ мерзім бойынша жалпы білім беретін оқу орындарына бармай жүргендігі жөніндегі білім ұйымдары әкімшіліктерінің ұсынбаларын қарау;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Ережеде қарастырылған жағдайларды және тәртіпте кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына немесе басқа да заңды уәкілдеріне ықпал ететін шаралар қолдану;
Тармақша 15
15) кәмелетке толмағанның немесе оның заңды уәкілдерінің өтініші бойынша арнаулы білім ұйымымен бірлесіп кәмелетке толмағанның осы мекемеде болу мерзімін уақытынан бұрын тоқтату немесе кәмелетке толмаған қылмыстық белгісі бар әрекет, не болмаса қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасаған болса, бұл мекемеде болу мерзімін ұзарту немесе бұл мекемеде болу үшін заңнамада белгіленгенжастан асып кетсе басқа арнаулы оқу орнына ауыстыру жөнінде сотқа ұсынба дайындау;
Тармақша 16
16) сотталған кәмелетке толмаған жазалау мерзімін өтеп жатырған мекеме әкімшілігінің жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату немесе жұмсағырақ жаза түріне ауыстыру жөніндегі ұсынбасы бойынша кәмелетке толмағанның құқықтарының уәкілі ретінде сот мәжілісіне қатысу;
Тармақша 17
17) кәмелетке толмағандардың тәрбиелеу, оқу, өмір сүру, денсаулық сақтау, құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау жағдайын тексеру мақсатымен Қазақстан Республикасының заңнамасы белгіленген тәртіп бойынша қала аумағында орналасқан білім және мәдениет, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау бейімдеу және оңалту орталықтарында, тәрбиелеу колонияларында арнаулы білім ұйымдарында болу;
Тармақша 18
18) білім ұйымдарының меншік нысанына қарамастан ондағы кәмелетке толмағандармен жүргізілетін тәрбие, құқықтық, білім беру және сауықтыру жұмысының жағдайын зерттеу.
Тарау 3. 3. Қалалық Комиссия қолданатын шаралар
3. Қалалық Комиссия қолданатын шаралар
Тармақ 10
10. Кәмелетке толмағандарды орналастыру бағытында Комиссия қолданатын шаралар:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандардың тәрбиесі мен оқуы, қылмыстылығының, құқық бұзушылығы және қараусыздығының алдын алуға жауапты басқа органдармен бірге өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайдағы, білім ұйымына ұзақ мерзім бойына бармай жүрген, мемлекет көмегіне мұқтаж жасөспірімдерді анықтайды, оларды жеке есепке алып, орналастыру жөнінде шешім қабылдайды және бұл шешімнің орындалуын қадағалайды;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағанды білім, ішкі істер, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарына орналастыру жөніндегі шешімді жолдайды, бұл мекемелер екі апта мерзімде қабылданған шаралар жөнінде Комиссияға хабарлауға міндетті;
Тармақша 3
3) ата-анасының немесе басқа заңды уәкілдерінен жоқтығына, ата-аналары ата-аналық құқықтарынан айырылуына және кәмелетке толмағанның мінез-құлқына теріс әсерін тигізуі мүмкін басқа да себептерге байланысты арнаулы білім ұйымынан шыққан немесе тәрбие колониясынан босаған кәмелетке толмаған бұрынғы тұрғылықты жеріне оралуы мүмкін болмаса немесе орынсыз болса, Комиссия кәмелетке толмағанның мүдделерін ескере отырып, оны оқу орнына немесе жұмысқа орналастыру, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын шешу бағытында шаралар алады. Кәмелетке толмағанның жазбаша өтініші мен тиісті мекеменің дәлелді тұжырымдамасы ұсынылған күннен бастап, он күн мерзімде Комиссия мәселені қарайды. Қажет болған жағдайда Комиссия кәмелетке толмағанға қамқорлық немесе қорғаншылық тағайындау жөнінде қамқорлық және қорғаншылық органына өтініш жасайды.
Тармақ 11
11. Кәмелетке толмағандарға Комиссия қолданатын шаралар.
Қылмыстық жауапкершілік жасына толмаған кәмелетке толмағанның әкімшілік құқық бұзушылығы немесе қылмыстық белгісі бар қоғам үшін қауіпті әрекеті жөніндегі істі қарау барысында Комиссия кәмелетке толмағанның жас, өмір, тәрбие, психикалық даму және басқа да тұлғалық ерекшеліктерін, әлеуметтік дәрежесі, мінез-құлқы, ересектердің рөлі мен ықпалын, жасаған әрекетінің себептерін, сипаты мен ауырлығын ескеріп, әкімшілік заңнамасында қарастырылған шараларды қолданумен қатар кәмелетке толмағанды арнаулы білім ұйымына жіберу жөнінде сот алдына жүгінуі мүмкін.
Тармақ 12
12. Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе басқа да заңды уәкілдеріне Комиссия қолданатын ықпал жасау шаралары.
Балаларды тәрбиелеу немесе оқыту жөніндегі міндеттерін орындамайтын немесе олардың тәні мен руханияты дұрыс дамуына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе басқа да заңды уәкілдеріне Комиссия келесі ықпал жасау шараларын қолдана алады:
кәмелетке толмағанның өмірі мен денсаулығына қауіп төнгенде кәмелетке толмағанды ата-анасынан немесе басқа да заңды уәкілдерінен дереу тартып алу, сондай-ақ қорғаншыны немесе қамқоршыны міндеттерін атқарудан алшақтату, не болмаса асырап алу туралы шартты бұзу жөнінде қамқорлық және қорғаншылық органына өтініш жасау;
ата-аналық құқықтардан айыру немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да шараларды қолдану жөнінде сотқа жүгіну.
Тарау 4. 4. Комиссияның деректемелерін қарау тәртібі
4. Комиссияның деректемелерін қарау тәртібі
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі заңнамасы берген құзыреті шегінде қалалық Комиссия кәмелетке толмағандардың әкімшілік құқық бұзушылығы жөніндегі істерді қарайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істі қарау барысында Комиссия қылмыстық белгілерін тапса тиісті ақпаратты ішкі істер органдарына жібереді.
Тармақ 14
14. Кәмелетке толмағанға, оның ата-анасы немесе басқа да заңды уәкіліне қатысты деректемелер келесі жағдайда қаралады:
кәмелетке толмағанның, оның ата-аналары немесе басқа да заңды уәкілдерінің өтініші, жеке бастамасы, азаматтардың хабары, білім ұйымдарының ұсынбалары, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, басқа ұйымдар мен органдардың жүгінулері бойынша, қылмыстық жауапкершілік жасына толмай тұрып қоғам үшін қауіпті әрекет жасаған кәмелетке толмағанға қатысты ішкі істер немесе прокуратура органдарының деректемелері бойынша;
кәмелетке толмағанға, оның ата-аналары немесе оның басқа да заңды уәкілдеріне қатысты деректемелерді Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен осы Ереже белгілеген тәртіп бойынша қарайды.
Тармақ 15
15. Комиссия мәжілістерін дайындау.
Комиссия қарауына келіп түскен деректемелердің уақытында және дұрыс қаралуын қамтамасыз ету мақсатында оларды алдымен Комиссия төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша Комиссия төрағасының орынбасары зерттейді:
алдын-ала зерттеу барысында мыналар анықталады;
бұл деректемелер Комиссия құзыретіне жататыны не жатпайтыны;
Комиссия мәжілісіне шақырылатын адамдар саны.
Деректемелерді уақытында және дұрыс қарау үшін маңызы бар жайттарды қосымша тексеру және қосымша материалдарды сұрату қажеттілігі деректемелерді алдын ала зерттеудің қорытындылары бойынша Комиссия келесі шешімдерді қабылдауы мүмкін:
деректемелерді қарауды ұйғару, кәмелетке толмағанға, оның ата-анасына немесе басқа да заңды уәкілдеріне және мәжіліске қатысуы міндетті болып табылатын басқа да адамдарға Комиссия мәжілісінің болатын күні мен орны жөнінде хабарлау;
келіп түскен деректемелердегі мәліметтерді тексеруден өткізу немесе тиісті мамандарға тексеруді өткізуді тапсыру;
Комиссия мәжілісінде қаралуға тиіс мәселелер жөнінде кәмелетке толмағанның, оның ата-анасы немесе басқа да заңды уәкілдерінің өтініштерін қарау;
кәмелетке толмағанның Комиссия мәжілісіне келуін қамтамасыз ету мақсатында осы Ереженің 16 тармағында қарастырылған шараларды алу.
Кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе басқа заңды уәкілдері және адвокаты Комиссия мәжілісі басталмас бұрын дайындалған деректемелермен танысуға құқылы. Осы тармақта аталған тұлғалардың деректемелермен танысу құқық Комиссия мәжілісіне шақыру қағазында түсіндірілері.
Комиссия құжаттарды келіп түскен күннен 15 күн мерзімде қарауға міндетті.
Тармақ 16
16. Комиссия мәжілісіне адамдардың келуін қамтамасыз ету.
Кәмелетке толмаған Комиссия мәжілісіне келуден жалтарады деп есептеуге негіз болғанда оның Комиссияға қатысуын қамтамасыз ету үшін жауапкершілік ата-анасына, басқа да заңды уәкілдеріне немесе тәрбиеленіп жатырған білім ұйымына міндеттелуі мүмкін. Олар бұл мәселе бойынша жазбаша міндеттеме қабылдайды. Қылмыстық жауапкершілік жасына жетпеген кәмелетке толмаған қылмыстық белгісі бар әрекет немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағанның ісін қарайтын Комиссия мәжілісіне себепсіз келмей қалған жағдайда кәмелетке толмаған мен оның ата-анасы немесе басқа да заңды уәкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша күштеп әкелінуі мүмкін.
Тармақ 17
17. Комиссия мәжілісін өткізу тәртібі.
Комиссия мәжілістері қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде екі рет өткізіледі. Әдетте, мәжіліс ашық түрде өтеді. Кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе басқа заңды уәкілдері жөніндегі мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету мақсатында, қаралатын деректердің сипатына қарай, іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша Комиссия жабық мәжіліс өткізу жөнінде дәлелді шешім қабылдауы мүмкін.
Қажеттілігіне қарай Комиссия мәжілісте ісі қаралатын адамның оқу немесе жұмыс орнында, тұрғылықты жерінде көшпелі мәжіліс өткізуі мүмкін.
Комиссия мәжілісіне Комиссия мүшелері жалпы санының кемінде жартысы қатысқанда, ол шешім қабылдауға құқылы. Комиссия мәжілісінде Комиссия төрағасы төрағалық етеді. Төраға болмағанда оның тапсырмасы бойынша орынбасары төраға болады.
Кәмелетке толмағанға қатысты деректемелер оның өзінің, ата-анасы немесе басқа да заңды уәкілдерінің қатысуымен ғана қаралады.
Кәмелетке толмағанның ниеті бойынша Комиссия жұмысына адвокат қатыстырылуы мүмкін.
Комиссия мәжілісінің күні, орны және уақыты жөнінде міндетті түрде прокурорға хабарланады.
Қылмыстық жауапкершілік жасына жетпей ерекше қауіпті әрекет жасаған кәмелетке толмағанға қатысты деректемелерді қарағанда Комиссия мәжілісіне прокурор шақырылады
Комиссия мәжілісін бастарда төрағалық етуші қаралатын істерді жариялап, қатысушылармен таныстырады. Осыдан кейін қажетті құжаттар оқылып, түскен деректемелер, негізді шешім қабылдау үшін маңызы бар жайттар тексеріледі, мәжіліске қатысушылардың өтініштері мен дәлелдері тыңдалады.
Істің мәнісіне қатысты өтініштерді кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе басқа заңды тұлғалары, адвокаты, деректемелерді қарауға қатысқан мамандар және кәмелетке толмағанның үстінен ұсынба түсірген адамдар немесе олардың заңды уәкілдері түсіруі мүмкін.
Жарияланған өтініштерді қараудың қорытындылары Комиссия мәжілісінің хаттамасына жазылады.
Кәмелетке толмағанға теріс әсерін тигізетін жайттарды тексеру уақытына кәмелетке толмаған мәжіліс орнынан аластатылуы мүмкін.
Бұл жөнінде мәжіліс хаттамасына жазылады.
Тармақ 18
18. Комиссияның қаулысы.
Кәмелетке толмағанға, оның ата-анасы немесе басқа да заңды уәкілдеріне қатысты деректемелерді, кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы, құқық бұзушылығы және қараусыздығының алдын-алуға жауапты білім ұйымдары мен органдарының ұсынбаларын, сондай-ақ ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан, басқа да органдар мен ұйымдардың жүгінулерін қараудың қорытындылары бойынша Комиссия өзінің келесідей шешімі баяндалған қаулы қабылдайды:
Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасында қарастырылған ықпал жасау шараларын қолдану туралы;
осы Ереженің 10 тармағында қарастырылған кәмелетке толмағанды орналастыру шараларын қабылдау туралы;
осы Ереженің 11 және 12 тармағында қарастырылған ықпал жасау шараларын қолдану туралы;
дайындалып жатырған немесе жасалған қылмыс туралы ақпаратты ішкі істер органдарына жолдау туралы.
Комиссия қаулысы мәжіліске қатысып отырған мүшелердің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең түссе, төрағаның дауысы шешуші болып танылады.
Комиссия қаулысында мыналар көрсетіледі:
Комиссияның атауы мен жеке құрамы;
Комиссия мәжілісінің күні мен орны;
кімге қатысты деректемелер қаралғаны туралы мәліметтер;
деректемелерді қарау барысында анықталған жайттар;
шешімді қабылдауға негіз болған дәлелдер;
құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті қарастыратын немесе кәмелетке толмағанның құқықтарына кепілдік беретін нормативтік-құқықтық акт;
Комиссия қабылдаған шешім;
кәмелетке толмағанға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Комиссия ұсынған шаралар, оларды орындау тапсырылған органдар немесе тұлғалар;
осы қаулыға шағымдану мерзімі мен тәртібі туралы мәлімет.
Комиссия қаулысына төрағалық етуші мен жауапты хатшы қол қояды. Қаулы Комиссияда жарияланады. Шағымдануға берілген мерзім өткен соң күшіне енеді әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша Комиссия қаулысы Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес қабылданады.
Комиссия қаулысы орындау үшін ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, тиісті мемлекеттік органға немесе ұйымға орындауға жіберіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша қаулы істі қарап болсымен дереу жарияланады, ал оның көшірмесі істің кейіпкерінің қолына беріледі.
Кәмелетке толмағанның жеке табысы немесе өндіріп алуға болатын мүлкі болғанда оған айыппұл тағайындалады. Айыппұлдың мөлшері он айлық көрсеткіштен аспауға тиіс.
Кәмелетке толмағанның жеке табысы немесе өндіріп алуға болатын мүлкі болмаса, айыппұл ата-анасына немесе олардың орнындағы адамдарға жалпы негізде салынады.
Әкімшілік айыппұл салу жөніндегі қаулы күшіне енген күннен немесе әкімшілік заңнамасында қарастырылған мерзім аяқталған күннен 30 күннен кешіктірілмей төленуге тиіс. Айыппұл банк мекемесіне қажетті соманы төлеу арқылы өтеледі.
Қаулыны орындамау Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген жауапкершілікке әкеледі.
Тармақ 19
19. Комиссияның ұсынбасы.
Деректемелерді қарау барысында кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының, құқық бұзушылығы мен қараусыздығының сондай-ақ кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтық себептері анықталса, мемлекеттік органдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарға олардың ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан, келісімшіліктерді жою жөнінде ұсыныс енгізеді.
Осы тармақта көрсетілген органдар мен ұйымдардың лауазымдық тұлғалары Комиссия ұсынбасын алған күннен бір ай мерзім ішінде оны қарап, кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты жою бағытында алынған шаралар жөнінде Комиссияға хабарлауға міндетті.
Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының себептерін жою бағытында алынған шаралар жөнінде хабарламау Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасы белгілеген жауапкершілікке әкеледі.
Тармақ 20
20. Комиссия мәжілісінің хаттамасы.
Комиссия мәжілісінде жауапты хатшы хаттама жүргізеді және онда мыналар көрсетілуге тиіс:
комиссияның атауы мен жеке құрамы;
комиссия мәжілісінің орны мен күні;
қаралатын деректемелердің мазмұны;
кімге қатысты деректемелер қаралатыны туралы мәліметтер:
тегі, аты, әкесінің аты, туған уақыты мен жері, деректемелерді қарау үшін маңызы бар басқа да мәліметтер;
комиссия мәжілісіне қатысушылардың келуі туралы мәлімет және олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
комиссияға қатысушылардың түсініктемелері;
деректемелерді қарау барысында зерттелген құжаттар мен дәлелді заттар;
жарияланған өтініштер мен оларды қараудың қорытындылары;
қабылданған қаулыны және ұсынбаны жариялау туралы мәлімет;
қабылданған қаулыға және ұсынбаға шағымдану мерзімі мен тәртібі туралы мәлімет.
Комиссия хаттамасына төрағалық етуші мен оның жауапты хатшысы қол қояды.
Тармақ 21
21. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы, құқық бұзушылығы, қоғамға қарсы әрекеті мен қараусыздығының себептерін жою жұмысын зерттеу үшін Комиссия мәжілісте қаралған істердің есебі мен сақталуын ұйымдастырады, бұл есептің мәліметтерін жинақтап қорытады.
Тармақ 22
22. Комиссия қаулысына немесе ұсынбасына шағыну. Қаралған деректемелер бойынша қабылданған Комиссия қаулысына осы қаулыға қатысты адам, оның заңды уәкілі, адвокат және жәбірленуші сотқа шағына алады.
Аталған мерзімде шағым беру тиісті қаулының орындалуын уақытша тоқтатады.
Қаулыға сотқа шағыну мерзімі мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Комиссия қаулысына Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіпте прокурор назарылық білдіруі мүмкін.
Тарау 5. 5. Материалдық-техникалық қамтамсыз ету
5. Материалдық-техникалық қамтамсыз ету
Тармақ 23
23. Комиссия қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету қала әкімінің аппаратына жүктеледі.